Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
amerika-azamatty-yn-aludy-y-ar-an-3-aza-standy-ty-o-i-asy

Америка азаматтығын алуды ұйғарған 3 қазақстандықтың оқиғасы
4144

30.06.2017

Америка азаматтығын алуды ұйғарған 3 қазақстандықтың оқиғасы

БІЗ Америка азаматтығын алуды ұйғарған адамдармен әңгімелесіп, АҚШ-та тұрудың кемшіліктері мен артықшылықтарын білдік.


E21.jpg


Айгерім Ричман, 32 жаста

туған қаласы — Алматы


Қазір төрт жасар баламмен үйде отырмын, жұмыс іздеу үстіндемін. Бұған дейін шарт бойынша бағдарламамен қамту нұсқаушысы болып жұмыс істедім, ал оған дейін Google үшін қашықтықтан жұмыс істеген едім. Etsy-де шағын онлайн-дүкенім бар, сайтта қолдан жасалған бұйымдарды сатуға, сатып алуға болады.


Мен неліктен АҚШ-қа көшіп келдім


Америкаға көшіп келуді көздеген емеспін, мен мұнда махаббатым үшін келдім. Болашақ күйеуіммен танысу сайтында таныстым. Жарты жылдан кейін ол мені ата-анасымен таныстыруға шақырды. Ол кезде олар Калифорнияда тұратын еді. Ата-анасы мейрімді адамдар, мені қыздарындай қарсы алды. Мен онда бір айдай болдым, кейін қаңтар айының соңында Уилл Skype арқылы ата-анамнан менің қолымды сұрады.


Алдымен, әлбетте, ата-анамнан АҚШ-қа барғаныма қалай қарайтындықтарын сұрадым. Ата-анам, ағам екеуміз әкеміздің жұмысына байланысты шетелде он шақты жыл тұрғанбыз. Ата-анам — заманауи адамдар. Қазақ дәстүрлерін сақтайды, алайда менің ересек адам екенімді түсініп, өзімнің шешім қабылдай алатынымды білді. Олар менің қайтып оралмауым мүмкін екенін білсе де жіберген болатын. Отбасым, ата-анамнан бөлек әжелерім де қолдады, олар мен үшін қуанды.


IMAG0048_1.jpg


Мен азаматтықты қалай алдым


Америкаға 2010 жылдың желтоқсан айының соңында келдім, азаматтықты 2015 жылдың шілдесінде алдым. Егер АҚШ азаматымен некеде тұрсаңыз, азаматтық Green Card алғаннан үш жылдан кейін беріледі. Үш жыл бойы АҚШ азаматының жұбайы немесе күйеуі бола отырып, бұл уақыттың көп бөлігінде АҚШ-та болуыңыз керек. Green Card бар болса, АҚШ-тан шығу үшін арнайы рұқсат қажет. Әр өтінім 200-ден 1000 АҚШ долларына дейін тұрады. Оның үстіне үнемі саусақ іздері алынады.


Басында мұнда туристік визамен келдім. Үйленгеннен кейін Green Card алу үшін иммигрант мәртебесіне ауысуға өтінім бердік. Содан кейін жұмысқа рұқсат алу керек, одан кейін тұрғылықты тұрғынның шартты мәртебесін алып тастап, азаматтық алуға құжат тапсыру керек. Азаматтық алардан бұрын емтихан тапсырасыз. Сізге АҚШ-тың тарихы мен құрылымы бойынша сұрақтар мен жауаптар жазылған кітапша жіберіледі, соны жаттау қажет. Әлбетте, иммиграция қызметінің қызметкері қоятын сұрақтарға жауап беру үшін тіл білу керек. Бәрінен өткеннен кейін азаматтық сертификатын табыстау салтанаты өтеді.


IMG_1719.JPG


Америкада тұрудың кемшіліктері мен артықшылықтары


Басында Аризонадағы ауа-райына үйренсуге тура келді. Ол жерде жаз өте ыстық және қазан айы аяқталғанға дейін жалғасады. Қысы біздегі күздің басы сияқты жаңбырлы келеді. Әдеттегі достар кездесуі болса да біреумен кездесу үшін, бір жерге бару үшін алдын ала келісіп алған жөн. Қонақта мол тағам болмайды, күнделікті шырын, су, газды сусын, картоп чипстері, жеміс-жидек, көкөніс пен кейтеринг қойылады. Барлық жерде қызмет көрсету деңгейі жоғары, сатушылардың бәрі күлімдеп тұрады. Тіпті Еуропада да мұндайды сирек кездестіресіз. Барлық затқа дерлік купондар мен жеңілдіктер табуға болады. АҚШ-та медициналық қызмет көрсету сапасы өте жақсы. Дүкендерде барлық заттарға, тағам мен қызметтерге бірнеше баға категорияларын ұсынады.


Мұнда адамдар өздерін еркін сезінеді, ұйықтарда киетін киіммен дүкенге немесе сабаққа бара алады. Олар біреудің пікіріне тәуелді емес, бұл бір жағынан жақсы. Көпшілігі елдің саяси өміріне араласады, сол үшін менің де жергілікті деңгейдегі нәрселерді үйренуіме тура келді. Көбісі қару ұстайды, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Мен қала адамымын, алайда бұл жерде көпшілігі менің күйеуім сияқты табиғат аясында уақыт өткізгенді қалайды, сондықтан мен де балық аулап, аңға шығып, кемпингпен айналысуды үйрендім.





1794754_10151864032486582_911771141_n.jpg

Павел Антонов, 54 жаста

туған қаласы — Волгоград


Волгоградта дүниеге келгеніммен, Қарағандыда өстім. Қазақстанда тұлға ретінде қалыптастым. Ата-анам мен он жаста болғанда Қарағандыға көшіп келген болатын. Мен visual artist-пін, фотограф десем де болады, бірақ соңғы кездері журналдармен емес, галереялар мен музейлермен көп жұмыс істеп жүрмін.


Мен неліктен АҚШ-қа көшіп келдім


Америкада тұрамын деп ешқашан ойламаппын, осылай болды. Мен Америкаға кеткен жоқпын, Ресейден кеткен болатынмын. Мұны түсіну үшін 90-жылдардағы Мәскеуді көру қажет. 1988 жылы Мәскеу мәдениет институтының кино-фото бөліміне оқуға түстім. Оқуға түсіп, Мәскеуде қалдым. Одақ құлағанға дейін сол кездегі ең қызықты Анатолий Васильевтің басқаруындағы Мәскеу театрының Драмалық Өнер Мектебінде жұмыс істедім. Одақтың құлауы менің өнердегі жолымды үзді, мен еркін түрде нан табуға кеттім, ал бұл нан ащы болатын. 90-жылдардың саясаткерлерін түсіре бастадым — бұл суретші үшін күдікті рахаттану сезімі болатын. Міне, ішкі әлемге қарап болған соң сол кезде өзім жұмыс істейтін үкіметті өзгерткім келетінін түсіндім. Алдымен достарымның көбісі тұратын Швейцарияға бардым, кейін ешкімді танымайтын Нью-Йоркке аттандым, ешкімді танымағаныммен, рефлексияға уақытымның болмайтынын анық білдім, себебі бұл джунглиде аман қалу керек еді. Осылайша, Орталық саябаққа дейін таксиге төлеген жарты тиыныммен Нью-Йорктен бір-ақ шықтым.


Мені жақсы танитын достарым менің көшкенімді дұрыс қабылдады және менің жоғалып кетпейтініме сенімді болды, ал мені алыстан танитындар ештеңе шықпайтынын айтумен болды. Олар мен Қарағандыдан Мәскеуге кеткенде айтқандарын айтты: «Сені мұнда бәрі таниды, ал сен Мәскеуде кімге керексің?».


11034275_1394109180903143_2937175057255866113_n.jpg


Мен азаматтықты қалай алдым


Америкаға көшіп келгеннен азаматтық алғанша 17 жыл өтіпті. Техникалық жағынан азаматтықты бұрын да алуға мүмкіндігім бар еді, тек мұның не үшін керек екенін білмедім, қалтамда Green Card бола тұра оның қажеттігін сезе қоймадым.


Легализация бұл — ең қиын мәселе. Рұқсатсыз жұмыс табу қиын әрі заңға қайшы. Визаны бір күн түгілі бір сағатқа кешіктіруге болмайды. Мен тұру түрін өзге жолмен емес, заңды және лайықты жолмен алғым келді. Бұрын ескі музыкант достарыммен араласатын адвокат кезігіп, жолым болды және мен солардың көмегімен бірегей суретші ретінде визаға қол жеткіздім. Бұл бекіту қағазының астына Эрнст Неизвестный, Донна Каран, Роберт Уилсон, Бред Питт және тағы көптеген тұлғалар қол қойды.


11807320_10153060722518807_4411116317995839955_o.jpg


Америкада тұрудың кемшіліктері мен артықшылықтары


Көшіп келген соң барлық қиындықтарға — ақшаның болмауы, жалғыздық, өзге тамақ, басқа әдет-ғұрып мен дәстүрлерге кезіктім. Бұл басқа әлемге, басқа ғаламшарға түсіп кетіп, бәрін қайтадан бастауды үйрену болды.


АҚШ-та маған ешкім үйретіп, нұсқау бермейді, мен тіптен еркін адаммын. 17 жыл ішінде мұнда бірде-бір төбелес көрмеппін, ал Қарағандыда бала күнімде кварталдар арасынан өткенде әр секунд сайын төбелеске дайын тұратынмын. Әуежайға келіп, кез келген елге билет сатып ала аламын. Бұл еркіндік емей, немене?


Америкаға көшіп келу менің шығармашылық көкжиегімді арттырды. Нью-Йоркке ұшып бара жатып, алдыма үш мақсат қойдым және сол кезде олардың бәрі орындалмайтындай көрінген, алайда оның бәрін жеті жылдың ішінде жүзеге асырдым. Тек шекті мақсаттарды қою керек болды, себебі кеудең бос болса, бұл өте қиын.



IMG_1393.JPG


Светлана Расулова, 35 жаста

туған қаласы — Алматы


Мен мұнда тоғыз жылға жуық уақыт бұрын көшіп келдім. Мұнда клиникалық сынақтармен айналысамын.


Мен неліктен АҚШ-қа көшіп келдім


Алғашында мұнда оқу үшін келген едім, дәлірек айтқанда магистрлік дәреже алу үшін келдім, алайда кейін жұмыс бағдарламасы бойынша осында қалдым, жұмыс берушім маған жұмыс визасы мен Green Card алуға көмек көрсетті. Жақындарым мен туыстарым менің шешімімді қолдаған болатын. Green Card-ты бес жыл бұрын алдым. Өз шешіміме еш өкінбеймін және қазір АҚШ азаматтығын алу деңгейіндемін.


Маған азаматтық не үшін қажет


Қазір азаматтық алу процесі жүріп жатыр, алайда Green Card та өз иесіне көптеген құқықтар береді. Бір айырмашылығы, АҚШ азаматтары сайлауға қатыса алады және америкалық төлқұжат иелері үшін әлем бойынша қатынау еркін түрде жүзеге асады.


IMG_3668.JPG


Америкада тұрудың кемшіліктері мен артықшылықтары


Алғашқы қиындық — ағылшын тілінің әр түрлі акценттерін түсіну. Вашингтонға жақын жердегі Колумбия округінде тұрамын және мұнда шетелдітер өте көп, сондықтан мұнда ағылшын тілінде әркім өзінше сөйлейді. Сондай-ақ, мұнда көліксіз өмір сүрудің қиын екенін ескермеген екенмін, арақашықтық та үлкен. Алайда, үш апта ішінде жүргізуші куәлігін алдым, мұнда бұл Қазақстандағыдан әлдеқайда тез әрі оңай. Банкте шот ашу мен ақша аударымдары бойынша ешқандай қиындықтар болған жоқ. Мұнда мерекелік күндердегі демалысқа жалақы төлемейді, бұл тек жылына бес-алты күн болады. Оның үстіне бала күтіміне байланысты еңбек демалысы деген ұғым жоқ.


Мұндағы өмірдің басты артықшылығы: немен айналысасың, қайда барғың келеді, саған бәріне еркіндік беріледі. Мұнда туризм жақсы дамыған, демалатын орындар көп. АҚШ-та қажетті нәрселерді Ғаламтор арқылы өте оңай сатып ала аласыз, жаңа тауарлар дүкендерге тез түседі, оларды қолжетімді бағада сатып алуға болады. Тағы бір жақсы жағы, мұхитқа жақын жерде тұрамын, сондықтан қалада ауа таза.


024.JPG


Өкінішке орай, төлқұжатыма байланысты мәселелер туындаған болатын: Қазақстан Елшілігі бұл процесті үш жылға жуық уақытқа ұзартып жіберді, мен бұған ештеңе істей алмадым. Американдық органдарда бірдеңе айтылған уақыттан созылып кетсе, онда шағым түсіруге болады және сұранымың бірден қаралады.