Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
almatyly-tar-ne-sebept-z-yler-nde-turisterd-teg-n-abyldaytyndary-turaly

Алматылықтар не себепті өз үйлерінде туристерді тегін қабылдайтындары туралы
762

08.12.2018

Алматылықтар не себепті өз үйлерінде туристерді тегін қабылдайтындары туралы

Нигора Касымова, 32 жаста, туған жері — Исфана, кәсіпкер


Қызмет көрсету, қонақтар және саяхаттар туралы

2009 жылы Қырғызстаннан Алматыға көшіп келдім. Енді осында жұмыс істеп, өмір сүріп жатырмын, менің шағын оптика салоным бар.

533337ad-cd6b-4733-bad2-4525a02b9cdb.jpeg

Араласып, жаңа адамдармен танысқанды ұнатамын. Барлық туыстарым Қырғызстанда, мұнда жалғыз тұрамын. Сол себепті өткен жылы каучсерфинг жайлы білгенде қонақтарды қабылдау мүмкіндігім бар екенін түсіндім.

Бастапқыда не істерімді білмедім: келісейін бе әлде жоқ па. Тек қыздарды қабылдаймын деп ойладым, алайда бұл пункті анкетамда белгілемеппін. Түркиядан келген ер жігіт туристтен өтінім келді. Ол кезде жанымда құрбым тұрды, сондықтан келістім.

22

Ол бізде бір апта тұрды. Мұның қорқынышты емес екендігін түсіндім, маған осындай танысу формасы ұнайды. Қорықпағаныма өте қуанышты болдым, өйткені әрбір жаңа адам — бұл бүтін әлем. Енді саяхатшылар менде жиі тоқтайды, Алматыда осыншама туристтер көп екенін білмеппін. Менде Турциядан, Испаниядан, Аргентинадан келген қонақтар болды, жақында Германиядан адамдар келеді.

Бұған көп күш талап етілмейді, әрқашан бөлек бөлмем дайын тұрады. Алдымен біз хат алмасып, кейін олар менің үйіме келеді, осы уақытта үйде болуға тырысамын. Қандай көлікпен және қалай келуге болатынын, қайда баруға болатынын айта аламын, мүмкіндігімше кешкі ас дайындаймын. Әдетте барлық саяхатшылар ұтқыр, олар осы өмір салтына үйренген және өздерінің бос уақыттарын өз беттерінше ұйымдастыруға тырысады.

Өзім каучсерфингті қонақ ретінде пайдаланбаймын, алайда жоспарымда бар. Мен үшін бұл қызық.

Қызмет түрі не беретіні туралы

Ешқайда бармай түрлі адамдармен араласа алу мүмкіндігім ұнайды. Кейде бүкіл әлемді аралап шыққандай сезімде боламын. Жаңа елдер мен қалалардың ең қызығы — адамдар, маған түрлі мәдениет өкілдерімен танысқан қызықты. Олардың барлығы әртүрлі, дүниетанымдары, басымдықтары да ерекше, мұның барлығы өте қызық.

Бұл қызмет түрі адамдарға саяхаттауға көмектеседі. Көбісі саяхаттау қымбат және көп адамдарға қолжетімсіз деп ойлайды, алайда олай емес. Каучсерфингтің арқасында ақшасыз бүкіл әлемді шарлаған өте батыл әрі еркін адамдарды көруге болады. Біз араласып, үнемі байланыстамыз, бір-бірімізді әлеуметтік желілерде бақылаймыз.

Андрей Базайкин, 23 жаста, туған жері — Самарқанд, өнеркәсіптік альпинист


Қызмет көрсету, қонақтар және саяхаттар туралы

Жаяу жүріп саяхаттаймын, тауға барып, құзға шығумен айналысамын. Жақында Алматыға осында жұмыс істеу үшін көшіп келдім.

5cd2cc68-0ade-45cf-bf18-f4ac3fb3c36b.jpeg

Бірінші саяхатымды Памир арқылы Орта Азия елдері мен Кавказға жоспарладым. Саяхаттау кезінде жергілікті тұрғындарда тоқтай алу мүмкіндігім болу үшін каучсерфингте жақсы пікірлерге ие болуым керек еді. Осылайша өз үйімде қонақтарды қабылдай бастадым.

Ең бірінші қонақтарым Самарқандтағы үйіме келді. Онда қонақтарды қарсы алатын бөлек қонақтарға арналған үйім бар. Алғашқы алты саяхатшыны қабылдап, оларға қаланы көрсетіп, ұлттық ас үйден дәм татқызу өзіме қызықты еді. Осыдан кейін бұл қызмет түрін өзім де қолдана бастадым. Саяхттау кезінде бұл маған жиі көмектесетін. Түрлі қызықты адамдармен таныстым, олармен әлі күнге дейін араласып тұрамын. Қонақ ретінде бұл қызмет түрін жеті рет қолдандым және бастапқыда қолымнан қайсысы жақсы келетінін және қайсысы қызығырақ екенін түсінбейтінмін.

2a8c936f-3510-4192-a22e-281a7dc91582.jpeg

Саяхаттан кейін қонақтарды белсенді түрде қабылдай бастадым. Олардың арасында көптеген қызықты тұлғалар бар. Менде Болгариядан келген адамдар тоқтады. Олар үш жыл бойы саяхаттап келеді, Австралияға дейін жетіп, Қытайда тұрған.

Қонақтар жиі араласып тұрады, бір мезетте бес адамнан тоқтаған кездер де болды. Қолымнан келгенше көмектесетінмін. Уақыт өте келе жаяу немесе транспорттың басқа түрімен саяхаттайтын адамдарды қабылдай бастадым.

Қызмет түрі не беретіні туралы

Каучсерфингтің негізгі мақсаты — тәжірибе алмасу, мәдени араласу, адамдармен танысу. Мұның бәрі платформаны көпұлтты және қызықты етеді. Саяхатшылар үшін бұл пайдалы және тиімді. Осы қауымдастықтың бір бөлігі болуға қуаныштымын.

Оған қоса кейде басқа адамдарды да кездестіруге болады, мен оларды «сандалбай» деп атаймын. Олар каучсерфинг тегін өмір сүруге болатын платформа деп ойлайды. Ондай адамдарды қабылдамаймын, бұл менің ұстанымым.


Рустем Амантаев, 24 жаста, туған жері — Ақтөбе, машинист


Қызмет көрсету, қонақтар және саяхаттар туралы

Теміржол компаниясында машинист болып жұмыс істеймін. Студент болған кезімде Алматыда тұрдым, сол уақытта каучсерфинг қызметі жайлы білдім.

12353190_1693218374249015_133891192_n.jpg

Саяхаттауды ұнатамын, АҚШ-қа Work and Travel бағдарламасымен бардым. Саяхаттау барысында отельдерде өмір сүрген қымбат, ал каучсерфинг өте тиімді әрі ыңғайлы. Бірнеше рет мені Ресейде қабылдады, қарсы алып, қаланы көрсетті.

Алматыға маған Германия, Бішкек елдерінен келген адамдар келді. Олардың бос уақыттарын ұйымдастырдым — әуежайдан қарсы алып, қаланы көрсетіп, тауға апардым. Олар өте қуанышты болды, қонақтарды тағы да қуана-қуана қарсы алар едім. Бірақ мен Ақтөбеде тұрамын және мұнда туристтер сирек келеді. Алайда осында да бір Үндістандық саяхатшыны кездестірдім.

Қызмет түрі не беретіні туралы

Бұл қызмет түрін саяхаттауды ұнататын бүкіл адамдар қолданады. Сен таныс емес қалаға келген кезде жергілікті тұрғын саған барлығын көрсетіп, айтып береді. Осылайша қала туралы көбірек білуге болады. Сондай-ақ, қонақтардың арқасында ағылшын тілін жаттықтырдым.

Және, әрине, қызмет арқылы жаңа таныстарға ие болуға болады. Әлі күнге дейін араласып, Facebook желісінде сөйлесіп тұрамыз, келешекте оларға қонаққа баруым мүмкін.

Қазақстанда бұл әлі жақсы дамымаған. Адамдар таныс емес адамдарға әркез сенуге дайын емес. Бірақ, шетелде жиі болатын адамдар мұның қолайлы екенін біледі. Әрқашан пікірлерді қарап, қандай адам екенін түсінуге болады.