Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
almatyda-t-ru-a-ansha-a-sha-zh-msalady

Алматыда тұруға қанша ақша жұмсалады
2374

16.10.2017

Алматыда тұруға қанша ақша жұмсалады

Ален, 27 жас, кәсіпкер

Айлық қаржысы – 600 000-700 000 теңге


Тұрғын үй

Тұрғын үйге айына 200 000 теңге жұмсалады, осы соманы мен несие үшін төлеймін. Тұрмыстық қызметтер үшін шамамен 25 000-30 000теңге төлеймін.


Көлік

Жөндеуді санамағанда,көлігіме шамамен 35 000 теңге жұмсаймын, осыған көлік жуу, бүкіл сұйықтықтар мен тағы сондай заттар кіреді.


Тамақ

Менің жұбайым мен үш баламның дәмханадағы түскі астарын санағанда, тамаққа шамамен 150 000-200 000 теңге жұмсалады.


IMG_4739.JPG


Ойын-сауық

Соңғы екі жылда біз мекемелерге сирек бара бастадық, достарымызбен аптасына бір рет кездесеміз. Осындай отырыстардың қаржысы – жұбайым екеуіміз үшін 5000-6000 теңге. Киноғада біз сирек барамыз, сондықтан ойын-сауыққа айына шамамен 20 000 теңге кетеді.


Жинақтар

Біз бизнестің қаржысынан тыс бүкіл ақшаны жинаққа бөлеміз.


Біз балабақшаны төлеуге ақша аямаймыз, себебі біз түрлі балабақшалармен соқтығыстық – ең жеркеніштілерден бастап, бағалары адекватты емес қымбат балабақшаларға дейін. Сондықтан қазір балабақша үшін біз 150 000 теңге төлейміз.




Есен, 21 жас, студент

Айлық қаржысы – 100 000-150 000 теңге


Тұрғын үй

Мен Алматыға оқуға келдім. Бірінші жылы ағамның үйінде тұрдым, содан соң пәтер жалдадым, ал қазір анам мен әжеммен бірге біздің пәтерімізде тұрамын. Тұрмыстық қызметтерге айына шамамен 30 000 теңге жұмсалады.


Көлік

Мен пәтерді университетімнің жанында жалдадым, сол кезде жаяу жүрдім. Ал негізі көп жағдайда таксимен қозғаламын, себебі тез жету керек. Жетуге және қайтуға шамамен 1000 теңге жұмсалады, сондықтан айына көлікке менде 30 000 теңге кетеді.


Тамақ

Ақша аз болғанда,сен кәмпиттер,тәттілер, чипсы және майонез жайлы ұмытасын. Себебі майонез 300 теңге тұрады, мен үшін бір килограмм макарон сатып алуға дұрысырақ болады. Макарондармен бірнеше адамды тамақтандыруға болады, ал майонезбен ешкімді тамақтандыра алмайсын. Мен өзім тамақ дайындай аламын, сондықтан өзіме тамақты өзім дайындаймын. Тамаққа айына шамамен 20 000 теңге жұмсалады.


Ойын-сауық

Клубтарға өзім бірдене ұйымдастырғанда немесе достарым ұйымдастырғанда ғана барамын. Жайдан жай клубтарға баруды ұнатпаймын, себебі бұл ақшаны бос жұмсау. Әдетте достарыммен отырысқа төрт адам үшін шамамен 7000 теңге жұмасалады.


Жинақтар

Мен көп рет жинауға тырысатынбым,бірақ менде әзірше шықпайды.


Егер мен жақсы жұмыс істесем,мен ешқашан демалысқа ақша аямаймын. Менде осындай көзқарас бар, жақсы жұмыс істеп білу және жақсы демала білу керек.Жұмысынды істедін, демалып алдын, энергиянды жинақтадын да,әрі қарай жұмыс істеуді жалғастырдын.




Асқарали, 21 жас, мемлекеттік қызметкер

Айлық қаржысы – 70 000 теңге


Тұрғын үй

Тұрғын үй үшін мен төлемеймін,себебі ата-аналарыммен бірге тұрамын.


Көлік

Менде өз көлігім бар, онымен мен жұмысыма дейін және үйіме дейін жетемін. Жаңармай мен қызмет көрсетуге айына шамамен30 000 теңге жұмсалады.


IMG_4741.JPG


Тамақ

Әдетте мен үйде тамақтанамын. Жұмысымда тамаққа күніне 600 теңге кетеді,сонда айына шамамен 20 000 теңге кетеді.


Ойын-сауық

Әдетте мен дәмханаларға,киноға барамын, осыған айына 15 000-20 000 теңге жұмсалады.


Жинақтар

Мен үйлену тойына ақша жинаймын, бірақ ешқашан көлігімнен ақша аямаймын.




Дмитрий, 29 жас, жеке компанияның қызметкері

Айлық қаржысы – 450 000-600 000 теңге


Тұрғын үй

Пәтер жалдау үшін ақша төлеу мен үшін өткен шақта қалды,себебі мен жақын арада өз пәтерімді сатып алдым. Бұрын жалдау үшін айына 90 000 теңге төлейтінбім және қосымша тұрмыстық қызметтер бар, бұл шамамен айына 110 000 теңге.Интернет үшін 2900 теңге төлеймін.


Көлік

Мен тек таксимен қозғаламын.Менде өз көлігім жоқ, ал қоғамдық көліктер мені қинатады. Менің есебім бойынша, қозғалуға мен шамамен 30 000-40 000 теңге жұмсаймын.


Тамақ

Бұл үйленбеген еркек үшін дәстүрлі түрде қиын сұрақ. Тура айтуға қиын,бірақ менің ойымша мен тамаққа айына 70 000-80 000 теңге жұмсаймын. Жиі дәмханаларда,мейрамханаларда тамақтанамын. Кейде өзім тамақ дайындаймын,бірақ әдетте осыған уақытым мен шабытым жетпейді.


IMG_4742.JPG


Ойын-сауық

Мен көбінесе түнгі мекемелерде демалуды ұнатамын. Бірақ соңғы кездері мен үшін жайлы мейрамханада сүйкімді компанияда көзбе-көз уақыт өткізу анағұрлым қызығырақ. Менің ойымша, жалпы осыған айына 150 000 теңгеден аса ақша жұмсалады.


Жинақтар

Мен ай сайын 100 000 теңгеден жинауға тырысамын. Кей жағдайда көбірек,кей жағдайда азырақ ақша жинауға шығады. Жалпы, еш бір қиындықсыз ақша жинаймын.