facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-studentter-b-r-studenta-y-a-m-r-s-red-nel-kten-osymsha-zh-mys-step-barly-zhe-ld-kter-turaly-b-led
logo
Қалайша студенттер бір студентақыға өмір сүреді, неліктен қосымша жұмыс істеп, барлық жеңілдіктер туралы біледі
Өмір сүру стилі

27.10.2018

Қалайша студенттер бір студентақыға өмір сүреді, неліктен қосымша жұмыс істеп, барлық жеңілдіктер туралы біледі

Арина Рыжкова, 21 жаста, туған жері — Алматы, Nazarbayev University


Назарбаев университетінде «Саясаттану мен халықаралық қатынастар» бағдарламасының бірінші курсында оқимын. Студентақым 100 000 теңгені құрайды. Бакалавриатта оқып жүргенде жағдайым басқаша болды. Алматыда ата-анаммен бірге тұрдым және сол кезде мамандығыма гранттар болмағандықтан тек 50% жеңілдікке ие болдым.

aigerim2.jpeg

Қазір жігітіммен Астанада тұрамын, ал ата-анам көмектесіп, пәтерімнің жарты ақшасын төлейді. Қалған барлық шығындарды өзім төлеймін: жігітіммен бөліп төлейтін коммуналдық қызметтер, тамақ, киім, Алматыға барып-келетін билеттер, кино, транспорт және кейде сұлулық салоны.



Жұмыс туралы



Бакалавриаттың бірінші курсынан бастап жұмыс істеймін. Ең бірінші жалақым бес жыл бұрынғы курс бойынша 100 долларды болды. Екінші курстан бастап қашықтықта жұмыс істедім және университет бітірген уақытта жалақым жақсы болды. Ата-анаммен бірге тұрдым, алайда оларға көмектесуге тырыстым, соңғы курстарда оқуымның жартысын өзім төледім.



Тамақ туралы



Тамақтануға қатысты NU бакалавриаттарға да, Graduate School студенттеріне де тиімді шарттар ұсынады. Асханадағы бағалар жақсы және тамақты да дәмді дайындайды. Бірінші, екінші тағамды, шайды және тәттіні құрайтын түскі ас үшін шамамен 800-1000 теңге төлеуге тура келеді, бұл қымбат емес. Тамақты өзім дайындаймын, ол үнемдеуге көмектеседі. Анам уақытым болмай немесе көңіл-күйім жоқ болған кезде котлет, құймақ және сүзбелі құймақ секілді тамақтар дайындап береді. Кейде пицца немесе басқа да фастфуттармен тамақтанамыз, алайда оны үйреншікті әдетке айналдырмаймыз. Тамаққа 30 000 теңгедей кетеді және кешкі астарға да белгілі сома жұмсалады.



Студенттік жеңілдіктер туралы



Алматыда оқып жүргенде қоғамдық көліктердегі «Оңай» картасының арқасында жақсы үнемдейтінмін, өйткені жол ақысы 40 теңгені құрады, айына көлікке 1000 жұмсап отырдым. Өкінішке қарай, Астанада менің университетіме дейін тура бағыттар жоқ, сондықтан мені апарып тастайды немесе таксимен баруға тура келеді, ай сайын бұған көп ақша кетеді. Бірақ бұл менің қолайлылық ортам, одан тыс шықпаймын.

Мұражайлар мен кинода студенттік билетті және студенттерге арналған барлық жеңілдіктерді пайдаланамын. Театрда студенттерге арналған акциялық орындар бар. Жалпы Қазақстанда театр, опера, балет бағалары қолжетімді, оларға барып тұрған дұрыс.



Сатып алулар туралы



Киімді қажеттіліктерім бойынша сатып аламын, консьюмеризмге түспеймін. Сондықтан киімді жеңілдіктер бойынша, жаппай сатылымдарда сатып аламын. Әрқашан күн сайын жаңа киімдерді киіп келетін сән-блоггерлерін немесе модельдерді көрген кезде өзіміз де жаңа киім кигіміз келеді. Бұл әр студентақыдан, жалақыдан жаңа киім сатып алуға қажеттілікті туындатады. Менің ойымша, гардероб құрамына мұқият болу керек. Барлық адамдар қызығатын белгілі трендтер бар, алайда олар тез арада жойылатынын түсіну керек. Киім сатып алғанда қолыңа түскен кез келген киімді алмай, ол киім сенің гардеробыңа қаншалықты сәйкес болуын ойлау қажет. Бұл айтарлықтай шығындарды азайтады, сондай-ақ, жаңа киім алғанша, ескі киімді өзгерту арзанырақ түседі.

Секонд-хенд дүкендеріне де назар аударған дұрыс. Мұны ұят деп санамаймын, ол жерден сәнді киімдер табуға болады. Үлкен өлшемдерден қорықпаңыз: бренд киімдерін іздегеннің орнына оларды әрқашан өзіңізге лайықты етіп тіктіруге болады. Қазір заттарды екінші рет пайдалану сәнге айналған, осылайша қоршаған ортаға қамқорлық жасайсыз.



Кеңестер



Түсетін табыстан азырақ ақша жұмсау керек. Әрқашан келесі жалақыма дейінгі аптаға ақша қалдыруға тырысамын. Ол күтпеген кідірістер жағдайында сіздің резервіңіз бола алатын сома. Жалақымды уақытында бермей жатқан жағдайда соңғы аптада карточкамда 100 доллардай ақша қалдыруға тырысамын.

Диана Төлегенова, 21 жаста, туған жері —Теміртау, Алматы техникалық университеті



Оқу туралы



Алматы университетінде магистратурада оқимын, ал бакалавриатты Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университетінде бітірдім. Студентақым 16 000 теңге болды.



Жұмыс туралы



Алғашқы уақытта жатақханада тұрып, өзім ақша табуға тырыстым, сондай-ақ, қосымша курстарға ақша үнемдеп отырдым. Әкімші болып жұмыс істедім, жалақым 30 000 теңгені құрады. Бұл ақшаға ағылшын тілі тобына қатысуға мүмкіндік алдым.



Тамақ туралы



Қаражаттарымызды қадағалау үшін арзан тамақтар сатып алып отырдық. Жатақханада ата-анамыз жіберетін тамақтарды жедік, қосымша тек нан немесе шәйға тәтті алатынбыз.

111.jpeg

Азық-түлік сатып алу үшін ең арзан және қолжетімді Small супермаркетіне немесе Magnum-ға баратынбыз, бірақ ол бізден алыс орналасқан. Small супермаркетінде азық-түліктер жақсы әрі қымбат емес және акциялар жиі өтіп тұрады.

Hardee’s секілді бургер сататын жерлерге мерекелік кешкі астар ұйымдастыратынбыз. Асханаға тек тамақ дайындағымыз келмегенде барып тұрдық. Университетте тамақ ішпей, тек жатақханада тамақтанатынмын.

Жатақханада тұрмайтын достарымызды жиі шақырып, кино қарап, кешкі ас жасайтынбыз. Сонымен қатар, бөлмелер арасында түрлі тәттілер әзірлейтінбіз.



Студенттік жеңілдіктер туралы



Біздің қалада студентке үнемдеу оңай. Студенттік билетті пайдалануға болатын бір фитнесс-орталықта спортпен де айналыстым. Қазір Kozmo Yoga and Sport барамын, онда да студенттерге жеңілдіктер ұсынылады.

Сейсенбі күндері киноға жиі барып тұрамын, ол күндері билет екі есе арзан болады.

Жаяу жүрудің арқасында жол ақысына жұмсалатын ақшаны үнемдейтінмін. Жатақхана мен университет арасында шамамен бес көше болды.



Сатып алулар туралы



Wi-Fi үшін Altel 4G роутерін сатып алып, ең арзанын таңдап, бағасын төрт адамға бөліп төледік. Ғаламторды оқу залында қолданатынбыз және роутерді сабаққа апарып, ұялы телефон бірліктерін үнемдедік.

Бірінші курста ешкім киім алмайтын, негізінен өз қалаларында киім сатып алып, Алматыға әкелетін.



Кеңестер



Студенттерге шағын тауарларды сатып алған кезде үнемдеу керек, мәселен, үлкен қаптамада кір жуу ұнтағын немесе тамақтарды үлкен мөлшерде сатып алу. Салмақ бойынша өлшенетін тамақтарды алмаған дұрыс, өйткені көбінесе ақшаның көп бөлігі күнделікті ұсақ-түйектерге кетеді.

Біз үшін ең керемет көңіл көтеру ол серуендеу болды. Қымбат концерттерге барудың орнына түнде Арбатқа баратынбыз.Арбатта балалармен ән айтатынбыз, сонымен қатар, университетте интеллектуалды немесе дебаттық клубтарға қатысып отырдық.

Барлық ақшаны картада сақтаған дұрыс, сол кезде оларды ақылмен жұмсайсыз. Картаны қолданған сайын қанша ақша шешіп алу қажет екенін алдын ала ойластырған дұрыс. Егер қалтаңызда ұсақ ақша жатса, ол қажет емес заттарға жұмсалуы мүмкін.

Fidan Namazova, 30 жаста, Turkey, ЕҰУ



Оқу туралы



Түркияда Сүлеймен Демерәлі атындағы университетте оқимын, мамандығым — халықаралық қатынастар. Магистратураның екінші курсында Mevlana алмасу бағдарламасы бойынша Қазақстанға келдім. Сол себептен менің елім маған 170 доллар шамасында студентақы төлейді. Сондай-ақ, магистрлік бағдарламаны құру үшін студентақы аламын, ол 160 доллар. Ай сайынғы бюджетім 330 долларды құрайды.

image4.jpeg

Астанадағы өмір менің еліммен салыстырғанда қымбаттырақ. Бірақ осы ақша маған жеткілікті. Еш жерде жұмыс істеуді жоспарламаймын, өйткені сабақтарым қарқынды өтуде, бос уақытымда саяхаттауды қалар едім.



Тамақ туралы



Әр ауданда орналасқан арзан асханаларға барып, дәмді тамақтануға болады. Сондай-ақ, арзан суши-мейрамханаларын табуға да болады. Кейде кешкі асты өзім дайындаймын, ал таңғы асты дәмханада ішуге болады, оған шамамен 3000 теңге кетеді және дайындауға да көп уақыт кетпейді. Студенттерге тиімді жол — университеттегі асханалар. Шәй мен екі самса немесе бәліш алсаңыз, бұған 250 теңге кетеді. Астанадағы кейбір дәмханалар қымбат, сол себепті үнемдеп, кешкі асқа шағын тамақ алған дұрыс.

Дәмханаға барудың орнына жергілікті наубайханаға барамын, онда қымбат емес әрі тәтті торттар мен десерттер сатып алуға болады.



Студенттік жеңілдіктер туралы

Студенттерге Қазақстанның басқа қалаларына бару тиімді, өйткені арзан пойыздар мен билеттер бар. Жатақханада тоқтауға болады, бұл өте арзан.

Егер спортпен айналысуды ұнатсаңыз, онда спорт жабдықтарын өзіңізбен алып келген дұрыс болады. Астанада студенттер спорттың кез келген түрімен айналыса алады. Кейбір спорт орталықтарында студенттік билетіңізді көрсетсеңіз, олар 50% жеңілдік жасай алады. Түрлі шараларға да студенттерге жеңілдіктер бар.

Ең алдымен, студент автобуспен жүруге жол билетін алу қажет, осылайша жолға екі есе аз ақша кетеді.Такси қызметтерін қолданбаймын, өйткені, олар шетелдіктерден екі есе көп ақша алатындарын білемін.



Сатып алулар туралы



Жатақханаға ақша төлемеймін, алайда пәтерлер бағасы 200 доллардан басталатынын білемін. Кейбір студенттер азырақ ақша төлеу үшін пәтерді бөліп, бірге тұрады.

Астанада киім қымбат. Алғашқы кезде бағаларына таңғалатынмын. Көбінесе шағын базарларда, дисконт-орталықтарында, «Гүлжан» СО жанындағы «Арзан» дүкендерінде киінемін. Сонымен қатар, «Алатау» СК спортпен айналысамын, ол жердің бағалары маған ұнайды.

Ақшаны үнемдеуге тырысамын. Өйткені мен үшін саяхаттап, қалада өтетін басқа да маңызды шараларға бару маңызды.

Әр демалыс күндеріне өзіме мәдени бағдарлама ұйымдастырамын. Басқа қалаға немесе Астанада бір қызықты жерге барамын. Бұл қалада опера, балет концеттері мен көңіл көтеру шаралары көп.



Кеңестер



Менің ойымша, үнемдеу үшін сауда орталықтарындағы дүкендерге бармау керек, өйткені онда тауарлар қымбат.

Суға көп ақша кетірмес үшін фильтр сатып алған дұрыс.

Барлық дисконттық дүкендерді қарастырып, сатып алуларды базарда жасаңыз.

Астанаға келген кезде айдың соңында ақшасыз қалмас үшін бастапқы уақытта көп ақша жұмсамаңыз. Егер бағаларды өз еліңіздегі бағалармен салыстыратын болсаңыз, шатасып қаласыз, уақыт өте келе түсініп, тиімді бағамен жақсы тауар таба аласыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.