facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-shymkentteg-otbasy-6-zhylda-malayziyada-4-meyramhana-ash-andary-turaly
logo
Қалайша Шымкенттегі отбасы 6 жылда малайзияда 4 мейрамхана ашқандары туралы

15.07.2018

Қалайша Шымкенттегі отбасы 6 жылда малайзияда 4 мейрамхана ашқандары туралы

Руслан Юнусметов, 21 жаста, туған жері — Шымкент, маркетинг менеджері

334


Шымкент — Куала-Лумпур



Отбасымыз Шымкенттен Малайзияға көшті. Алғаш рет әкем бұл жерге 1994 жылы келді, оның мұнда бизнес бойынша серіктестері болды. Сол кезде оған Малайзия ұнап, ол үлкен ұлдарын ағылшын тілін меңгеру үшін осы елге жіберді. Сол себепті екі ағам Малайзияға кетті, ал олардың біреуі өмір сүру және даму үшін осында қалды.

Нәтижесінде ағам Малайзияда 20 жылдай тұрып жатыр, ал біз ол тұрақтағаннан кейін ғана келдік. Қазір барлық отбасым Куала-Лумпурда тұрып жатыр: әкем, төрт ағам, екі әпкем. Қазақстанда тағы ағамыз бен әпкеміз қалды.

Қазір барлық отбасым Куала-Лумпурда тұрып жатыр: әкем, төрт ағам, екі әпкем


Қазақстанға жарты жылға немесе бір жылға кетіп, нәтижесінде қайтып оралған кездер болды, бірақ отбасымыздың біреуі міндетті түрде осында қалып отырды.

Әкем мен үлкен ағаларым Малайзияда бизнес ашты және жұмыс рұқсат қағазы бойынша тұрып жатыр. Мен алғашқы кезде ата-анамның рұқсат қағазы бойынша тұрдым, кейін студенттік рұқсат қағазын жасадым, ал қазір өзіме де жұмыс рұқсат қағазын алдым.



Малайзиядағы өмір туралы



IMG-20151220-WA0006-01.jpeg

Мүлдем өзгеше климат пен өмір ритмінен басқа Малайзияда этникалық топтар арасында өте үлкен қарама-қайшылықтар бар. Бұл 40% тұрақты малайзиялықтар, 25% қытайлар, 15% үндістер, қалғандары жан-жақтан келген халықтар мекендейтін мемлекет. Бірақ барлығы толерантты, бір-біріне сыйластықпен қарайды. Мұнда мешіттен 200 метрде орналасқан қытай ғибадатханасын көруге болады, бұл қызық әрі сирек кездесетін жайт.

Отбасымен бірге тұру өте қолайлы. Малайзия медицинасымен танымал және жергілікті сақтандыру медициналық қызметтерге жұмсалған барлық шығындарды өтейді. Мәселен үш жыл бұрын ауруханада 2 апта бойы жатып шықтым, барлығы 2500 доллар қарыз болдым. Ол кезде менде студенттік рұқсат қағаз және медициналық сақтандыруым болды, сондықтан жай ғана медициналық карточкамды көрсеттім, барлық шығындарды сақтандыру компаниясының есебіне жазды.

Қалаларда кондоминиум деп аталатын көпқабатты үйлер аз емес. Мұндай үйлерде жоспарлануы стандартты, ойын алаңы, шағын спортзал, бассейн бар. Бұл адамдар үшін қолайлы, әсіресе отбасылы адамдарға.

Мұнда аудандар арасындағы қашықтықтар тым үлкен. Мәселен, біз қала сыртында тұрамыз және орталыққа дейін 14 шақырым жолды өту керекпіз. Бірақ біз мұндай ара қашықтықтарға үйренгенбіз.

Малайзиядағы мигранттар үшін Malaysia My Second Home атты танымал бағдарлама бар. Мәні Малайзияда бизнес ашуда, ақшалай инвестиция жасауда немесе шотқа ақша салып, он жылға рұқсат қағазын алуыңызға және жылжымайтын мүлік сатып алған кезде жеңілдіктерге ие бола аласыз.



Отбасылық іс туралы



445

Ағам Куала-Лампурда орыс тілінде сөйлейтін гид болып жұмыс істеуден бастады. Әдетте мұнда демалуға келіп, гид жалдайтын адамдар бай бизнесмендер. Олар келгенде мұнда айтарлықтай мүмкіндіктерді байқады және ағам олармен серіктес болып, дами бастады. Ол Индонезиядан жиһаз әкеле бастады, кейін пальма майына сұраныс пайда болды, уақыт өте келе бұл қызмет логистикаға дейін өсті. Ал кейінірек клиенттік база, жеткізу орнатылғаннан кейін біз тағы бір іспен айналысу керек деп шешіп, мейрамханалық бизнесті таңдадық. Мүмкін өзбек болғандығымыздан шығар, әкеміз тамақты жақсы дайындайды, бұл біздің қанымызда деп те айтуға болады.

67

Біз мейрамханалық бизнеспен және логистикамен айналысамыз. Бірақ тек осылармен ғана айналысамыз деп айту ештеңемен айналыспау секілді. Біз әрқашан жаңа мүмкіндіктерді іздестірудеміз, серіктестік ұсыныстарынан да бас тартпаймыз. Бізде белгілі бағындыратын шыңдарымыз, мақсаттарымыз бар, әрқашан жаңа жетістіктерге жеткіміз келеді.

Малайзиядағы ең бірінші мейрамханамыз Astana restaurant деп аталады, ол жерде қазақ, өзбек, орыс ас үйлерінің тағамдарын әзірлейміз. Оны біз SriPetaling деп аталатын халық тығыз орналасқан студенттік ауданда орналастырдық, себебі орыс тілінде сөйлейтін нарықты қамтығымыз келді, дәл сол кезде Малайзияда орысша сөйлейтін студенттер көп болды. Жұмыс барысында тағы үш орын ашылды. Екінші мейрамхана болашақтың қаласы деп аталатын Selangor штатында пайда болды. Бұл штатта тағы сапаржайда тамақтану орнымыз бар, ол жерде түрік ас үйіне жақындатылған фастфудтар дайындаймыз. Сондай-ақ, бізде ТМД елдерінде танымал дәстүрлі торттар ұсынылатын нан тағамдары мен кофе әзірленетін жер бар. Ағамның әйелі пісіргенді ұнатады, сондықтан кейбір рецепттерді жергілікті халықтың қалаулары бойынша дайындайды.

FB_IMG_1528270600619.jpg

Біздің мейрамхана — Малайзияда ұзақ уақыттан бері тұрған мейрамханалардың бірі. Ол алты жыл бойы жұмыс істеп келеді және біз қазақ, өзбек, орыс ас үйлерінің ішінде үздікпіз. Осы уақыт ішінде біздің ас үй негізінде көптеген орындар ашылды, бірақ барлығы белгілі себептермен жабылды.

Бізде барлығы тегіс деп айта алмаймын. Қиындықтар туындап, қолдарымызды түсіретін сәттер де болды, бәлкім, мейрамхана бизнесі біздің іс емес шығар деп те ойладық. Бірақ уақыт өте келе өз қателіктеріңнен сабақ аласың, түрлі жағдайлардан шығар жолды табуды үйреніп, істі ары қарай жалғастырасың.



Міндеттердің жіктелуі мен жұмыс қағидалары туралы



family.jpg

Біз отбасылық қарым-қатынасты ісімізбен араластырмауға тырысамыз. Жұмыс туралы айтатын болсақ, онда барлығы қатаң, жұмыс сұрақтары жұмыста қалады, ал үйде жай ғана отбасымыз.

Бизнес үрдісіне әкем, үш ағам және мен қатысамыз. Үлкен ағам келіссөздерді жүргізеді, потенциалды клиенттермен кездеседі, екінші ағам операциялық үрдістермен айналысады, баухгалтерияны жүргізеді, үшіншісі тікелей логистикамен, тауарларды қабылдау, жіберумен айналысады, ал мен маргетингке, пиарға, жарнамаға жауап беремін. Біз барлығымыз жұмыс үрдісін жүргіземіз және бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Әрқайсысымыздың өз міндеттеріміз бар, бірақ егер біреуімізге көмек қажет болып жатса, көмектесеміз, байқампаз болуға тырысамыз.

Қазір әкем отбасылық іске аса араласпайды, бірақ соңғы сөз әрқашан әкемізде. Біз оны сыйлаймыз, өмірде де, жұмыста да бас директор ретінде санаймыз. Әрине, барлығын бірге ала жүру оңай емес, алайда бізде бизнеске деген қызығушылық, мотивация, ынта бар. Біз әлеуетті көреміз, оны іске қосып, барынша дамытуға тырысамыз.



Жоспарлар туралы



Әрқашан жаңа мүмкіндіктер мен бастамалар іздейміз. Қазір жеткізу жұмыстарына байланысты болатын жаңа жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.