facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-otbasy-astanada-zhal-yz-vegeteriandy-d-mhana-ashty
logo
Қалайша отбасы астанада жалғыз вегетериандық дәмхана ашты

Өмірзақ Аббиканов, 41 жаста, туған жері — Астана, Veggie кафе 108 м негізін қалаушы


Айнагүл Аббиканова, 39 жаста, туған жері — Астана, Veggie кафе 108 м негізін қалаушы

Главный (каз)

25.10.2018

Қалайша отбасы астанада жалғыз вегетериандық дәмхана ашты


Барлығы қалай басталды



Өмірзақ. 18 жаста вегетериан болдым. 10 жыл бойы тақуа болып, монастырьде өмір сүріп, терең нәрселерді біліп, меңгердім. Вегетериандық — бұл кішкентай жетістік, жақсырақ болудың алғашқы қадамы.

20181018-WED_0611.jpg

Зорлық бар жерде махаббат жоқ. Егер махаббат пен сыйластықты сезінгіміз келсе, мейірімдірек болу қажет. Ал вегетериандылықтың негізгі мәні — жанашырлық пен мейірімділік.

Бұл физиологиялық тұрғыдан да пайдалы. Еттің құрамындағы барлық пайдалы заттар мен ақуыздарды өсімдіктерден жасалған тағамнан табуға болады. Ал өсімдіктерден жасалған тағамдар тезірек қорытылады, вегетериандықтар жас болып көрінеді. Мұндай тамақтанудың көптеген артықшылықтары бар. Вегетериандық — бұл бүтін философия және салауатты өмір салты.

Дұрыс тамақтану қазір сәнге айналған. Бірақ барлық адамдар мұның не екенін білмейді. Дұрыстылық — бұл шыншылдық пен әділдіктің белгісі. Дұрыс тамақтану этикалық мәселелерді ескеруі керек. Салауатты өмір салты да этикалық нормаларға баса назар аударады. Менің ойымша, вегетериандық — дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтының алаңы.

Айнагүл. Менің де вегетериан болғаныма 20 жыл болды. Тұрмысқа шықпас бұрын ер адамға қатысты қатаң талаптарым болды: ер адам ішімдік ішіп, темегі шегіп, ет жемеу керек. Анам ет жемейтін қазақ таба алмайсың деп күлетін. Алайда осындай өмір салтын ұстанған кезде жаныңда ниеттес адамның болғаны маңызды. Қызымыз үш жаста, ол да туғанынан вегетериан.

Өмірзақ. Ешқашан дәмхана ашамыз деп ойламадық. Таныс дәрігеріміз бар, ол өзінің медициналық орталығында вегетериандық ас үйді ашуға ұсыныс жасады. Адамдарға осы мәдениетті көрсетіп, балама бар екенін жеткізгіміз келді. Барлығы осыдан басталды. Ол жерде белгілі уақыт жұмыс істеп, кейін орын тауып, көштік. Осылайша, екі жыл бұрын Veggie дәмханасын аштық.



Ой туралы



Өмірзақ. Дәмхана ашқан кезде белгілі бір ас үйге немесе концепцияларға бас назарды аударғымыз келеді. Мәзірімізде манты, стейк, паста және жапон ас үйі бар. Жай ғана осының барлығы етсіз, балықсыз, жұмыртқасыз дайындалады. Біздің дәмхана тек вегетериандықтар үшін ғана емес. Кез келген адам келіп, өзіне қажеттісін таба алады.

20181018-WED_0630.jpg

Айнагүл. Біздің байқауымызша, вегетериандық пен тағамадарды шикілей жеу танымал өмір салтына айналып барады. Көптеген орындар өз мәзірлеріне қосымша түрлер қосып жатыр. Бірақ олар барлық ұсақ-түйектерді ескеріп отырмайды. Ал бізде қатаңұстанатын нормалар мен қағидалар бар.

Өмірзақ. Адамдар бізге түрлі себептерден келеді: кейбіреулер денсаулықтарына байланысты ет жей алмайды, басқалары қызығушылық танытып немесе ауыр тағамдарды жеуден шаршағандықтан келеді. Әрине, бізге мақсатты түрде келетін тұрақты—вегетериан клиенттеріміз бар.

Айнагүл. Бұл жай ғана отбасылық бизнес емес, бұл қоғамға пайда әкелудің тәсілі. Біз тамақтану мәдениетінен жалпы мәдениетке әсер еткіміз келеді. Өйткені дұрыс тамақтану адамның ойлау қабілетін өзгертеді.

Біз түрлі мамандарды шақырып, жиі іс-шаралар, кездесулер өткіземіз. Осылайша адамдарға вегетериандықтың пайдасын айтып, тәжірибемізбен бөлісіп, қиындықтарды жеңуге көмектесеміз. Өзіміздің мысалымызбен басқа адамдарды шабыттандырамыз.

Өмірзақ. Адамдар бақытты болғанын қалаймыз.



Қиындықтар туралы



Өмірзақ. Бұрын бизнеспен айналыспадық, сондықтан барлық ұсақ-түйектерді жұмыс кезінде меңгеруге тура келді. Қоғамдық тамақтану — бұл бизнестің ең қиын түрлерінің бірі.

20181018-WED_0619.jpg

Айнагүл. Іс жүзінде, бұл практикалық тұрғыдан өте пайдалы бизнес емес. Бірақ адамдар өзгеріп, рахмет айтқан кезде, шабыттанасың. Жұмысың босқа кетіп жатпағандығын сезінесің.

Алғашқы кезде бізбен бірге вегетериандықкәсіби аспазшы жұмыс істеді. Мәзірді бірге жасап, жаңа нәрселерді ұсынды. Бірақ белгілі уақыттан кейін ол жеке орын ашам деп кетті. Лайықты адамды таба алмадық. Вегетериандық аспазшылар мен кондитерлерді табу мүмкін емес. Тәжірибесі бар адамдарды алып, оларға вегетериандық ас үйдің ерекшеліктерін үйреттік.



Ерекшеліктер мен ас үй туралы



Айнагүл. Барлығын бұршақтардан, көкөністерден, жаңғақтардан әзірлейміз. Адамдар еттен бас тартудың алғашқы кездерінде оларға үйреншікті дәм, иіс, сыртқы түр маңызды. Олар үшін арнайы шұжықтар бар, бірақ етсіз, онда бидай ақуыздары қосылады.

20181018-WED_0648.jpg

20181018-WED_0644.jpg

Мәзірімізді азиялық ас үйге бейімдедік. Біздің адамдар қамырдан, картоптан жасалған нәрселерді ұнатады. Біз түрлі салындылары бар манты, тұшпара әзірлейміз, сондай-ақ, жасымық, ноқат секілді бұршақ дақылдарынан котлеттер дайындаймыз.

Нан өнімдерін де бейімдеп, жұмыртқасыз дайындаймыз.

Клиенттер жиі тағамды дайындау тәсілдерін өздері ұсынады. Сондай уақытта мәзірді толықтырамыз.

Бірте-бірте адамдар осындай тағамдарға үйреніп, етке қайтып келгілері келмейді.

Астанада тек вегетериандық ас үйді біз ғана ұсынамыз.



Жоспарлар туралы



Өмірзақ. Екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз, енді ғана нақты қалыптастық. Қызмет көрсету, сапа деңгейін көтергіміз келеді. Ал кейін сол жақ жағалауда тағы бір дәмхана ашуды жоспарлаудамыз. Бізде Алматыда да осындай орын ашуды сұрайды. Алайда, ашпас бұрын дайын болғымыз келеді.

Айнагүл. Өзімізге сенімді болған уақытта үлкен желіні құраймыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.