facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-aza-standa-k-p-ltty-otbasy-ryp-ktk-oyynshysyny-yel-bolu-turaly
logo
Қалайша қазақстанда көпұлтты отбасы құрып, КТК ойыншысының әйелі болу туралы
Өмір сүру стилі

07.11.2018

Қалайша қазақстанда көпұлтты отбасы құрып, КТК ойыншысының әйелі болу туралы

Малик Хасенов, 34 жаста, туған жері — Сарань

Екатерина Хасенова, 35 жаста, туған жері — Қарағанды



Біз туралы



Малик. 2000 жылы біз Катя екеуміз ҚарМУ-дың экономика факультетіне оқуға түстік. Бірінші сабақта Катя алдыңғы партада отырып, менімен амандасты. Осылайша біз араласып, бірінші курс бойы дос болдық. Кейін Катя оқу бойынша Краснодарға ауысып кетті.

20181103-WED_3733.jpg

Катя өте әдемі, маған ұнайтын, оған арнап өлеңдер жаздым, бірақ көңілімді білдіруге батылым бармады. Алайда біз байланысымызды үзбедік, ғаламторда сөйлесіп отырдық, Катя демалысқа келген кезде кездесіп, серуендедік.

Университетті бітіріп, бір жыл өткеннен кейін «Жасыл Ел» бағдарламасының КТК командасымен ел бойынша саяхаттап, сахнада өнер көрсете бастадық. Дәл осы уақытта Катя келді, мен оған бізбен бірге турға баруға ұсыныс жасадым. Мен еліміздің 15 қаласында, ал Катя 3 қалада болды. Осы саяхатта бір-бірімізді жақсы көретінімізді түсіндік. Қарағандыға оралған кезде біз кездесе бастадық.

Екатерина. Малик маған үнемі көп сөйлеп, әзілдеп, әрдайым позитивті көңіл-күйде жүретін жақсы, көңілді жігіт болып көрінді.

Малик. Үйленер алдын біз үш жыл кездестік. Ал осы жылы бірге тұрып жатқанымызға он жыл толды.

20181103-WED_3648.jpg

Екатерина. Малик екеуміз көп уақыт бойы жақын дос болғандықтан, бір-бірімізге қонаққа жиі баратынбыз. Ата-аналарымызбен үйленуден бұрын танысқан едік.

Малик. Отбасымыз көпұлтты, алайда бұған қатысты ата-анамызда ешқандай қиындықтар мен сұрақтар туындамайтын.



Астана туралы



Малик. 2001 жылы Астанаға алғаш рет КТК ойнау үшін бардым. Ал 2005 жылы мұнда Катямен бірге келдік, қалада серуендеп, билейтін су бұрқақтарының жанында мен оған осында өмір сүретінімізді айттым.

20181103-WED_3691.jpg

Мен де, Катя да Қарағандыны жақсы көретінімізге қарамастан, Астана маған ұнады. Екі қала да бір-біріне жақын орналасқан және ата-анамызға жиі барып, осындай керемет қалада тұруға болатыны жайлы ойландық.

Екатерина. Астананы өте жақсы көремін және осында келгенімізге бақыттымын. Астанаға үйленгеннен кейін бір жылдан соң келдік.

Малик. Ал мен осы бүкіл жыл бойы тек «демалыс күні» ғана өзімді күйеу ретінде сезіндім.

Екатерина. Маликтің жиі сапарларынан біз сирек көрісіп, бір-бірімізді сағынып, көп уақыт бойы жаңа үйленгендей әсер болды. Мұның жақсы және жаман жақтары да бар. Жаңашылдық сақталады, ешкім ешкімнен жалықпайды және тұрмыстық өмір де шаршатпайды.

Малик. КТК-ны тастағанша дейін осылай болды. Өйткені КТК-да ойнап, финалға өткен кезде бұл елде жеті ай болмауымның белгісі еді.

Астананы өте жақсы көремін және осында келгенімізге бақыттымын


Екатерина. Бейбітшілік және Келісім Сарайы орналасқан Бірінші Президент саябағында бүкіл отбасымызбен серуендегенді ұнатамыз.

Малик. Осы жылы ол жерде бірнеше рет пикник ұйымдастыра алдық. Ол жердің ауасы өте балғын, өзіңді қала сыртында жүргендей сезінесің. Сонымен қатар, маған Мешіт көрінісі мен «Қазақ елі» алаңы ұнайды.



Отбасы туралы



Екатерина. Күйеуіңнің КТК ойыншысы болуы бұл әрқашан көңілді, ешқашан ішіміз пыспайды.

20181103-WED_3701.jpg

Малик. Тек Катя екеуміз ғана түсінетін көптеген әзілдеріміз бар, оны өз арамызда «внутряк» деп атаймыз.

Катя менің ең жақсы сыншым. Ол қалжыңның күлкілі емес екенін немесе менің дұрыс емес екенімді айта алады. Бұл мәселеге жаңадан қарап, қайта бағалауға мүмкіндік береді.

Екатерина. Біздің отбасы өте берік және көңілді.

Малик. Соңғы үш жылда бізде керемет дәстүр пайда болды. Жұбайымызбен шипажайға демалуға барып тұрамыз. Есентукиде, Солтүстік Карелияда орналасқан Петразовдск шипажайында болып үлгердік. Ол жердің табиғаты өте әдемі.

Екатерина. Есентукиге ғашық болдық. Достарымыз жас болып, шипажайларға баратынымызға күледі. Бірақ ол өзімізге ұнайды.

Малик. Табиғат — күшіміздің көзі екенін түсіндік. Осылайша Бурабайға 20-30 күнге барып, шағын үйді жалға алдық. Тамақ әзірлеуді жақсы көрсем де, әдетте оған уақыт жетпейтін, бірақ Бурабайда әйелім демалып, мен палау, кәуап, сорпа дайындайтынмын.

20181103-WED_3737.jpg

Іссапарға немесе жарыстарға барған кезде мүмкіндігімше ұлым мен әйелімді бірге алуға тырысамын. Римде джиу-джитсуден жарыс өтті және мен үшінші орын алғаннан кейін маған сүйікті отбасым келді. Сондай-ақ, мені Мәскеуге Әлем Чемпионатының ашылуына шақырған кезде де отбысымызбен бірге бардық.

Екатерина. Бізде бір дәстүр бар — үйлену тойымыздың әр жылын табиғатта өткіземіз. Жыл сайын 27 маусымда отбасымызбен табиғатқа шығып тұрамыз.

Малик. Астана күнін өткізуге дайындалған кезде бұл күн мерекені тойлау қарсаңына сәйкес келді. Бірақ біз осы дәстүрімізді міндетті түрде қалпына келтіреміз.

Екатерина. Бір жерге барып, дәмді таңғы ас ішкенді ұнатамыз. Жаяу жүріп, қонақтарды қарсы алуды жақсы көреміз.

Малик. Менің қағидам бойынша, жұбайым маған әрқашан сенуі керек. Өйткені сенім жоқ жерде қиындықтар туындай бастайды.

20181103-WED_3749.jpg

Екатерина. Біздің ұлымыз — біздің махаббатымыз, барымыз.

Малик. Тамерлан — көптен күткен баламыз. Ол мүлдем жылауық емес, бірдеңені қалаған кезде міндетті түрде оған қол жеткізуге тырысады. Тамерлан кітаптарды ұнатады және барлығына қызғушылық танытады. Өзінің 2 жасында 25 жастағы әкесіне қарағанда көп елдерде болып үлгерді.

Біз жас ата-аналар ретінде оның әрбір сөзіне көңіл бөлеміз және өз бақытымызға әлі де сене алмай жүрміз.

Ер жеткен кезде міндетті түрде спортпен, нақтырақ айтсақ, бокспен айналысуын қалаймыз.

Екатерина. Оның бақытты болуын қалаймыз.



Қазіргі сәттегі рух жағдайы



Екатерина. Менің рух жағдайым өте керемет, ұлым өсіп келе жатыр, жақында балабақшаға барады. Тез бейімделеді деп үміттенемін.

Малик. Рух жағдайым өте позитивті. Өмірде болып жатқан жағдайлардан, Астана өмір сүріп жатқанымнан және сүйікті ісіммен айналысып жатқандығымнан ләззат аламын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.