Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-30-zhas-a-dey-n-tabysty-vayner-atanyp-biznes-inkubator-men-kinokompaniya-ashu-a-bolady

Қалайша 30 жасқа дейін табысты вайнер атанып, бизнес-инкубатор мен кинокомпания ашуға болады
4875

23.06.2017

Қалайша 30 жасқа дейін табысты вайнер атанып, бизнес-инкубатор мен кинокомпания ашуға болады

Ақсұлтан Қалиев, 20 жаста, «ХА-ХА шоу» жобасының бас директоры және резиденті


IMG_5326-07-06-17-11-44.JPG



«XА-ХА шоу» жобасы туралы



Ең басында досым екеуміз жай ғана күлкілі видео түсіре бастадық. Сол кезде вайнның не екенін, қалайша вайнер болуға болатынын білген жоқпыз. Адамдарға ұнағанын көрген соң жауапкершілікті сезіне бастадық. Жаңа деңгейге көтерілу қажеттігін түсіндік: сценарийдің сапасын арттыра түстік, медиажоспарды ұстануға тырыстық.


Жобамыз серіктестік туралы ұсыныстар түсе бастағанда коммерциялық жобаға айналды. Вайнда біз ештеңені насихаттамаймыз, біреуге үгіт жүргізбейміз, тек позитивпен бөлісеміз.



Табыс туралы



Мен 20 жастамын, өмірге жоспар құрудамын және жауапкершілік арқалаудың не екенін білемін.


IMG_5324-07-06-17-11-44.JPG


Өзімді жеткілікті түрде табысты адам деп санаймын, алайда бұл табысты вайнер болғандығымнан емес. Мен үшін іргетастың: құндылықтар мен принциптердің болуы маңызды. Мен өзімді жас кезімде таптым, өз ісімді таптым, үнемі жаңа идеяларды жүзеге асырамын, бір орында тұрмаймын. Бала күнімде вокалмен айналыстым және жақын арада ән айтуды жоспарлап отырмын.


Сүйікті ісіңе қаншалықты көп уақыт бөлсең, соншалықты кәсіпқой бола түсесің. Бұл табысқа жетуге көмектеседі.



Айболат Есентеміров, 26 жаста, Гумилев атындағы ЕҰУ бөлімшесінде Жастар бизнес-инкубаторының (ЖБИ) директоры



ЖБИ туралы



Біздің бизнес-инкубаторымыз жастарға өз мақсатына жетуге көмектеседі. Біріншіден, мен жас «стартапшыларды» дәстүрлі бизнеске үйретемін. Мұндай негізінен олар келешекте инновациялық шешімдерді таба алады. Және бұл білім жастарға қиындықтардан қорықпауға мүмкіндік береді.


Мен жобамен 2012 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4 курсында оқып жүргенде айналыса бастадым. Сол кезде әлі күнге дейін сәтті жұмыс істеп тұрған 3 жобаны іске қосқан болатынбыз.


Қазір біз Google, Microsoft сияқты корпорацияларда қызмет еткен қазақстандық жетекшілермен байланыс орнаттық. Олармен бірге тренинг форматындағы кешенді оқыту жүргіземіз. Өзім олардың жұмысын бақылап, жобалардың жүзеге асуын қадағалаймын. Осылайша, студенттер теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана алады.


Табыс туралы



Жұмысымның ерекшелігі — мен оқытатын адамдар. Жас студенттер — қоғамның құбылмалы бөлігі: олардың қызығушылығы үнемі ауысып отырады, олар тез «жанып» кетеді. Бұл мені бір қалыпты ұстайды. «Жылыжай» жағдайында жұмыс істей отырып, олар субординацияны сезініп, тәртіпке келеді, ал бұл болашақ табыстың негізі болып табылады.


Достарымызбен университеттің екінші курсында: «Биіктерді бағындыр, уақыттан оз» деген сөзді ойлап таптық. Содан бері ешқашан бір орында тұрмаймын, ЖБИ-ден бөлек бизнестің сан түрімен айналысамын.


Негізінен, 40 жасқа дейін жұмыс істеп, содан кейін саяхаттап, отбасыңа көңіл бөлу керек деп есептеймін.



Жанболат Хайруллин, 20 жаста, PVE Productions Кинокомпаниясының президенті, PVE Production кинокомпаниясы базасындағы киноакадемия режиссері


FullSizeRender-07-06-17-11-44.jpg



PVE Productions жобасы туралы



Бәрі 2013 жылдың 26 қарашасындағы шығармашылық бірлестіктен басталды. Жақын араласатын достармен жұмыс істедім, алайда қазір бәріміз түгел емеспіз. Алдымен, түрлі роликтер түсірдік, өзіміздің сериалымызды түсіру туралы ойландық, алайда бізге тәжірибе мен білім жеткіліксіз болды. Біз криминалды жанрдағы «Жизнь как игра» фильмін түсіруден бастадық және ол аса табысты болған жоқ. Операторымыз тоғызыншы сыныпта оқитын кішкентай фотоаппараты бар қыз бала болды, бірақ талпынысымыз күшті еді. Фильм шыққан соң көңілім түсіп кетті, режиссер болудың оңай емес екенін түсіндім. Ойыңдағы картиналарды экранизациялай білу, идеяны дұрыс жеткізу қажет. Тобымыз жағымсыз пікір естіген соң күмәндана бастады. Алайда, біз түсіруді жалғастырдық: екінші ролик біріншісінен жақсы, үшіншісі екіншісінен жақсы шықты.


2014 жыл нағыз өнімді жыл болды. Біз «Жас Отан» ұйымымен меморандумға қол қойдық, олар шығармашылық жастарға қолдау көрсетеді. Осыдан бастап біздің кәсіби техникамыз, көздейтін аудиториямыз пайда болды, таныла бастадық. Мемлекеттік тапсырыстар түсе бастады, Expo роликтерін, прокуратура роликтерін түсіру туралы ұсыныстар болды.


Біз киноакадемия базасында актерлік шеберлік және тағы да көптеген пәндерді үйрететін киномектеп ашуды ұйғардық. PVE Production — Қазақстандағы өтірікті тану теориясын үйрететін алғашқы киномектеп.


Табыс туралы



IMG_9811-07-06-17-11-44-1.jpg


2016 жылдың қаңтарында кинокомпаниямыздың лицензиясын алдық. ҚР Мәдениет министрлігі бізді ТМД-дағы құрамы ең жас ұйым ретінде тіркеді. Топта 16 - 22 жас аралығындағы ортақ іске, кино өнеріне деген махаббат біріктіретін жастар бар. Киноиндустрия — өмірімнің мәні, мен бұған бұл іске мұқият қарадым және оны бизнеспен байланыстыра алдым. Оның үстіне, ақша — жағымды бонус.