facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-20-zhasta-it-universitet-nde-dekanny-orynbasary-bolu-a-bolatyny-zh-ne-zhas-k-s-pkerler-nel-kten-shymkentke-k-sh-p-kelet-nder-turaly
logo
Қалайша 20 жаста IT-университетінде деканның орынбасары болуға болатыны және жас кәсіпкерлер неліктен шымкентке көшіп келетіндері туралы

08.11.2018

Қалайша 20 жаста IT-университетінде деканның орынбасары болуға болатыны және жас кәсіпкерлер неліктен шымкентке көшіп келетіндері туралы

Ермек Мамыраев, 22 жаста, туған жері — Шымкент, IITU, декан орынбасары



Барлығы қалай басталды



2013 жылы Халықаралық ІТ университетіне «компьютерлік ғылым» мамандығы бойынша оқуға түстім. Мектеп кезінен бастап компьютерге деген қызығушылығым болды, оларды жөндеп, операциялық жүйені қайта орнатумен айналыстым, сол себепті таңдауым ІТ-ға түсті.

WhatsApp Image 2018-11-06 at 17.45.53.jpeg

Студент кезімде белсенді едім, көптеген марапаттарға, алғыс хаттарға ие болдым. Төртінші курстан кейін маған университетте қалып, деканның орынбасары лауазымын ұсынды. Осылайша Қазақстан тарихындағы ең жас декан орынбасары болдым. Осы лауазымға ие болған кезде жасым 20 еді.

Бұл қызметте жарты жыл істеп жүрмін, енді Шымкентке оралуды жоспарлаудамын. Қалада инновациялардың дамуымен айналысқым келеді. Болашақ ақпараттық технологияларда, ІТ барлық өмір салаларына қатысты. Ал Шымкент еліміздегі үшінші мегаполис, ол Астана мен Алматыдан артта қалмауы тиіс.



Ino.lab инновациялық зертханасы туралы



Біздің қаланың менталитеті шығысқа жақын және ұл бала ата-анасымен тұруы міндетті. Бәрібір Шымкентте қалатынымды білдім, жұмыс іздеуге босқа уақытымды кетіргім келмеді, сол себепті алдын-ала онда өз ісімді ашып қойдым. Менің жобамның артықшылығы — ол адамдарға пайда әкеледі.

WhatsApp Image 2018-11-06 at 17.45.54 (1).jpeg

Мен «Стратегия голубого океана» кітабын оқып, Шымкентте инновация әлсіз екенін түсіндім, сондықтан бұл салада бірінші болғым келеді. Жерлестеріме университетте алған білімдерімді жеткізгім келеді.

Өткен жылдың сәуір айында біз инновациялық зертхана аштық. Ол жерде ІТ саласында адам капиталының дамуымен айналысамыз. Біздің мақсатты аудиториямыз — сегізінші-тоғызыншы сынып оқушылары. Бұл жастарында олардың математика, физика пәндерінен базалық білімдері бар және олармен жұмыс істеуге болады. Балаларға Arduino платформасын үйретеміз. Лаборатория жұмыс істеген барлық уақытта 50 шақты оқушыны оқытып шығардық. Қазір бізде 40 оқушы оқып жатыр.

WhatsApp Image 2018-11-06 at 17.45.54.jpeg

Ino.lab коммерциялық емес, әлеуметтік жоба. Көп ақша енгіздік, өйткені технологиялар арзан емес, бірақ негізінен балаларды тегін оқытамыз. Олимпиада, байқауларда дарынды балаларды іріктеп аламыз. Әрине, оқуға төлеуге дайын ата-аналар бар, алайда сабақ құны бәрібір шартты. Дарынды балаларды тауып, олардың ойларымен танысып, біздің тобымызға қосып, бірге дамуды қалаймыз. Біздің басты мақсатымыз — инновациялық технологияларды насихаттау. Қалада стартаптар мен инновациялардың толқынын іске асырғымыз келеді.



Шымкент туралы



WhatsApp Image 2018-11-06 at 17.45.53.jpeg

Бір жыл бұрын барлығы біздің қаладан кетіп жатыр деп ойладым. Алайда U Project жобасын көріп, адамдардың қала үшін істеп жатқан істерін көргенде, бұл мені шабыттандырып, тезірек оралуыма итермеледі. Қазір көбісі Шымкентке оралып, жаһанды жобалар жасап жатқандарын көріп отырмын. Шетелдік білімдері бар адамдар қаламызды дамутуға тырысып, бір-бірімен араласуда. Бұл Шымкенттің үздік қалаға айналуына көмегін тигізеді. Мұнда барлығы салынып қойған кезде оралуды қаламас едім. Себебі Шымкентпен бірге дамығым келеді.



Жоспарлар туралы



U:Hack жобасының презентациясын дайындап жатырмыз. Бұл инновациялық идеялардың фестивалі, онда қала жастары 24 сағат ішінде өз ойларын, жобаларын прототипке дейін дайындаулары тиіс. Сонымен қатар, өз тәжірибелерімен бөлісу үшін біз Қазақстанның таңдаулы спикерлерін шақырдық.

Тағы бір «Программа 50+» әлеуметтік жобасын бастап жатырмыз. Жергілікті билікпен мемонрандумға қол қойдық, енді егде жастағы адамдарға компьютерлік технологияларды оқытамыз. Олар компьютерді пайдалануды, әлеуметтік желіні, ақпарат іздеуді үйренеді. Мақсатымыз — барлық жастағы адамдарға цифрлау саласында негізгі білім беру.

Шымкентте балалар мен жастар жиналып, араласып, жаңа жобаларды жасайтын АлматыдағыSmart.PointжәнеАстанадағы AstanaHubсекілдіалаңдаржоқ. Сол себепті робототехника, моделдеу және нейротехнологияларды үйрететін техно-саябақ салғымыз келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.