facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-20-zhasta-ayyna-6000-arty-a-sha-tabu-a-bolatyny-turaly
logo
Қалайша 20 жаста айына 6000 $ артық ақша табуға болатыны туралы

06.10.2018

Қалайша 20 жаста айына 6000 $ артық ақша табуға болатыны туралы

Дамир Сыздыков, 21 жаста, туған жері — Көкшетау, фитнес, маркетинг

Ай сайынғы орташа табыс — 2800 $ жоғары


Мен кәсіпкермін, үш жобам бар: IP GYM фитнес-клубтар желісі, Fitprofessional фитнес-жаттықтырушылар дайындау орталығы және Extrovert маркетингтік агенттік.

WhatsApp Image 2018-09-21 at 15.43.55.jpeg

Спортшымын, ушу бойынша спорт шеберімін және 15 жасымнан фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істей бастадым. World Class фитнес клубында жұмыс істеп, 10-11 сыныпта шамамен 200 000 теңге тауып отырдым.

17 жасымда Мәскеуге көшіп, бодибилдинг және фитнес колледжін аяқтадым, сол уақытта қаланың ірі фитнес-клубында жұмыс істеп, айына 100 000 рубль алатынмын.

Менен немен айналысатынымды сұраған кезде фитнес-клуб ашамын деп айтатынмын. Бұл ой басымнан шықпады, Қазақстанға оралған кезде алғашқы 10 000 000 инвестициямды енгізіп, бірінші фитнес-клубымды аштым. Қазір біздің желіде үш фитнес-клуб жұмыс істеуде.



Қиындықтар туралы



Барлық уақыт аралығында көптеген қиындықтар туындады, өйткені менің бизнес жүргізуде тәжірибем болған жоқ. Жасың 18 ғана болып, жалға берушілер ақша сұрап, жаттықтырушылар жалақы сұрап хабарласқанда, оның үстіне инвесторлардың көңілдері толмаған кезде мәселелерді шешу қиын. Сол себепті бизнес, маркетингті үйрене бастадым, ақырындап барлығын түсіндім.

Маған кәсіпкерлікте жаңа сындарға, қиындықтарға жолығатыным ұнайды. Су басып, өрт болған кездер де болды және күн сайын түрлі мәселелер пайда болып жатады. Сонымен қатар, өзің де бірінші көзқарасқа орындалуы мүмкін емес болып көрінетін жаңа мақсаттар қойып, қиындықтарды жеңесің.

Табысты бизнес үлгісін іздестіру, бірінші ақшаларды табу — қиын мәселелер. Оған қоса қызметкерлерді басқару мен жұмысшыларды жалдау да бар.



Шығындар туралы



Соңғы уақытта шығындарымның негізі – оқу. Соңғы айда оған 1 000 000 рубльден астам ақша жұмсадым — бұл шамамен 5 500 000 теңге. Өзіме ақшаны аз жұмсаймын, дәмхана мен киноға бармағаныма көп болды. Негізгі шығындар — бизнеске қайта инвестициялау, ұшу, тұру.



Жоспарлар туралы



Менің мақсатым — ел экономикасынан тәуелсіз болатын, тұрақты, жедел дамитын халықаралық бизнес құру. Бұл үшін он жыл тіпті одан да көп уақыт жұмсауға дайынмын. Дамуды қалайтын саламды таптым және осы жолға ерте түскеніме қуаныштымын.

Біреулер үлкен жетістіктерге жетті деп ойлайды, бірақ өз нәтижелерімді жоғары деп бағаламаймын. Бизнесте жүрген үш жыл ішінде одан да үлкен нәтижелер көрсетуге де болар еді. Сол себепті ары қарай дамып жатырмын.

Дмитрий Надеин, 24 жаста, туған жері — Сургут, ІТ, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу

Ай сайынғы орташа табыс — 2100 $ жоғары



Жұмыс туралы



Таксилерге арналған агрегатор-қосымшасын дайындайтын компанияның жетекшісімін. Біз қала ішінде және қаладан тыс жерде қауіпсіз жол жүруді қалайтын адамдар үшін қолайлы қызмет түрін жасағымыз келеді.

1 (1).jpg

Менде ақпараттық теxнологиялар мен математикаға қабілетім болды. Компьютер қалайша жұмыс істейтіні, неліктен ішінде соншама үрдістер өтетіні қызық болды. Бұл өте қызықтырады, өзім де осыған үлес қосып, жаңа нәрселер ойлап тапқым келді.

Ақпараттық теxнологиялар — өміріміздегі басты сала, ол көптеген үрдістерге әсерін тигізеді. Сондықтан осындай сыни салада жұмыс істеп, адамдардың өмірін жақсартқым келді. Бағдарламалық жасақтама әзірлеуді таңдадым, өйткені бұл IТ-дың ең қызық әрі теxнологиялық бағыты.

Ең бірінші тәжірибем университетте оқып жүрген кезімде өтті, ол менің икемдерімді айтарлықтай ұлғайтқан жоқ. Біздің аймақтағы ірі ғаламтор-дүкені желісі бойынша жасаған жұмысым әлдеқайда пайдалы болды. Ол жерге тәжірибем аз болғандықтан кіші әзірлеуші ретінде келдім. Сол кезде топта жұмыс істеуді, жақсы WEB-жобаларды қалай жасау керектігін, сервистерді жазуды үйрендім. 20 000 рубльден сәл аздау ақша тауып отырдым. Жарты жылдан кейін менің қызметімді жоғарлатып, 30 000 рубльден артық табыс таба бастадым, мен үшін бұл керемет болды.

Алайда аймақта жұмыс істеп жүрген кезде осы жерде дамудың биігіне жеткеніңді тез түсінесің. Өйткені сені үйрете алатын адамдар мен қатысуға болатын жобалардың саны шектеулі. Бұл ақшаға да қатысты. Мәскеуге көшуді шештім, себебі мұнда үздік компаниялар мен адамдар жиналған.

Түрлі компанияларда сұxбаттасудан өтіп, нәтижесінде қазіргі жұмыс берушіммен барлығы сәтті өтті. Бірнеше сұxбаттасудан өтіп, тез тіл табыстық. Маған компания құндылықтары, қызметкерлерге деген қарым-қатынас, корпоративтік мәдениет ұнады, ал оларға менің тәжірибем сәйкес келді.

Компаниямыз xалықаралық, сондықтан шетелдегі әріптестермен жұмыс істеу, тілді дамыту, олардың жұмыс істеу әдістерін түсіну мүмкіндіктері бар. Өйткені біздің компанияда теxнологияның дамыған жағында болу маңызды. Қазір істеп жүрген жеріме қуаныштымын. Бұл тамаша.



Қиындықтар туралы



Маған ауқымды және қызықты нәрсе жасап, көп адамдардың өміріне ықпал ететініміз ұнайды. Бұның барлығы күрделі, бірақ қызықты. Оған қоса күйзелістің жоғары қаупі бар, себебі бұл өте жауапты іс. Егер бір жерден қателессеңіз, бұл кері әсерін тигізеді: біреу ақшасын жоғалтып, дер кезінде жолға шыға алмауы мүмкін. Бірақ кемшіліктерге қарағанда, артықшылықтар басым.



Шығындар туралы



Бюджеттің ең үлкен бөлігі, яғни шамамен 40% пәтер жалдауға жұмсалады. Өкінішке қарай, Мәскеуде тұрғын үй мәселесі оңай шаруа емес, егер қолайлылықта тұрғың келсе, шығындануға тура келеді. Әлбетте, тамаққа да көп ақша кетеді, өйткені дәмді әрі пайдалы тамақтанғың келеді. Транспортқа да біраз ақша жұмсалады, себебі Мәскеуде бүкіл жерге үлгеру керек. Сондай-ақ, киімге, тұрмыстық заттарға да шығындаласың. Сонымен қатар, көңіл көтеру де бар, бұл шығындардың ең аз бөлігі, өйткені бұған жиі жағдайда уақыт жетіспейді.



Жоспарлар туралы



Бес жылдан кейін бұдан да ірі ақпараттық компанияда жұмыс істегім келеді. Ол Amazon немесе Google болса деп қалаймын. Менің атымның беделі болып, мықты маман болуды қалаймын.

Ал он жылдан соң жоғары айтылған жоспарлардан басқа лауазымға ие болып, көп адамдардың өміріне үлес қосып, әлемді жақсырақ етуді қалар едім. Мүмкін, тағы бір Илон Маск болармын.

Валерия Миxайлова, 20 жаста, Донецк ауданы, кәсіпкер

Ай сайынғы орташа табыс — 3000 $ жоғары


Менің бизнесім — менің негізгі жұмысым. Косметикалық өндіріспен айналысамын, брендім MIHAILOVA CARE деп аталады. Біздің міндетіміз - клиенттердің терісіне күтім жасау, сондықтан косметика табиғи негізде өндіріледі.

37930841_236047807070541_209966923738251264_n.jpg

Жоғары білімім жоқ, мектепте 11 сыныпты ғана бітірдім. Ата-анам кәсіпкерлер, сол себепті мен де өмір бойы кәсіпкер болуды армандадым. Ең бірінші жұмыс орным — көтерме базасы, онда оператор болып қызмет еттім. Жүктілігімнің тоғызыншы айында декреттік демалысқа кеттім, ал жарты жылдан кейін тағы жұмыс жайлы ойлана бастадым.

Жақсы ақша тапқан ең бірінші жұмысым — Instagram желісінде Giveaway өткізу. Мұнымен бір жыл бұрын, яғни 2017 жылдың шілде айынан бастап айналыса бастадым. Менің табысым сол кезде 1000-1500 $ құрады. Демеушілерді жинап, төлемдерді қабылдап, сыйлықтарды сатып алып,блогерлерге жарнама үшін ақшаларын төлеп, байқауды өткізетінмін.

Содан соң 2017 жылдың соңына қарай автокөлік ойнатылатын байқау өткізуді шештім. Онда демеушілер қомақты ақша енгізді және жазылушылардың санының артуын күттік. Барлығын дайындап, байқауды бастадық, бірақ нәтиже бойынша пайда күткен көрсеткіштерден екі есе аз болып шықты, сол себепті демеушілерге ақшаның бір бөлігін қайтаруыма тура келді. Бұл мен үшін үлкен күйзеліс болды. Шамамен 4000 $ жоғалтып алдым.

Сол кезде бір уақытта косметика жасай бастадым. Бастапқыда ол өзіме қолайлы болғандықтан мұз салатын ыдыстың ішіндегі скраб болды. Нарықта қолданылуының ыңғайлылығына қарамастан скрабтардың бөлікпен сатылуы таралмағаны жайлы ойландым. Скрабтардан кейін бетке, шаштың өсуіне, қас пен кірпік өсуіне арналған элексир ойлап таптым. Барлығын өзіме қажетті косметикаға байланысты ойлап тауып отырамын.

Жұмысымды блогерлікпен бірге жүргіземін, өз өміріммен басқалармен бөлісемін. Қызметімнің арқасында көптеген блогерлермен таныстым, бұл керемет. Олардың көбісі менің өнімімді білгеннен ғана емес, менімен жақын таныс болғандықтан косметикамды алуға кеңес береді. Косметика өндіру бастағандықтан демеуші ретінде көптеген шараларға, ивенттерге шығып тұрамын.



Қиындықтар туралы



Менің анамның жарнамалық агенттігі болды, сондықтан дизайнерлік бағдарламаларда макет жасай білемін. Бірінші макеттерді жасап, технологты тауып, әлеуметтік желілерде парақшамды безендірдім, бірақ сауда басталған жоқ. Өйткені қазіргі уақытта кез келген ғаламтор-бизнес жарнамасыз іске аса алмайды.

Жақсы блогердің жарнамасын алдым, бірақ ол бір де бір сатылым әкелген жоқ. Екіншісі де еш нәтиже берген жоқ. Қарыздарға кіріп, не істейтінімді білмедім.

Барлығын қайтадан қарап шықтым, парақшаның сипаттамасын, клиентке орналасу әдісінөзгерттім. Үшінші жарнама көптен күткен нәтиже көрсетті. Ол үшін 300 000 оқырманы бар блогердің сторисында көрсетілуіне 7000 гривен төледім. Сол кезде тапсырыс өте көп түсіп, пайда көрдік.

Менің қиындығым міндеттерді табыстай алмауымда, барлығын өзіме жүктеп аламын. Рецептін, иісін, сыртқы қаптамасын да өзім жасауға тырысамын. Бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмын, менеджерім, контент-менеджерім, фотографым, технологым және өнімді дайындайтын қыздарым да бар.

Жұмыс істеп, қызым мен күйеуіме де уақыт бөлу қиынға соқты. Қызым әлі екі жасқа да толмаған, алайда мен оны Монтессори мектебіне жібердім. Енді барлығын үлгеру үшін уақытым көбірек болды.

Жұмысым өзіме ұнайды. Дамып, оқуды қалайдым. Шығармашыл адаммын және маған өз өнімімді жасау ұнайды.



Шығындар туралы


Қазір менің табысым айына 3000-6000$. Кірістің 80% бизнестің дамуына, материалдарды сатып алуға және өндіріске жұмсалады. Әрине, тұрмыстық шығындар да бар, өйткені біздің үйде әрқашан түрлі тағамдар бар, ол менің осал жерім. Сондай-ақ, шопинг те бар, әсіресе ғаламтордағы балама және өзіме арналған шопинг.



Жоспарлар туралы



5 жылдан кейін жасым 25 болады, өзімді кем дегенде екі баланың анасы ретінде көремін. Бес жылдан кейін бизнесім тұрақты болғанын қалаймын. Сонымен қатар, дизайнер болып, киім шығаруды қалар едім. Киевте тұрғым келеді, бірақ Америкаға көшу жайла ойланудамын.

Ал 10 жылдан кейін жасым 30 келеді, бизнесімді қашықтықта басқарып, әлем бойынша саяхаттауды қалар едім. Өйткені қазір 20 жастамын, күні-түні жұмыс істеймін және шетелде әлі болып көрген емеспін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.