facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-12-zhylda-2-ipotekany-t-leu-turaly-aza-standy-tardy-o-i-alary
logo
Қалайша 12 жылда 2 ипотеканы төлеу туралы қазақстандықтардың оқиғалары
Басты бет

23.05.2018

Қалайша 12 жылда 2 ипотеканы төлеу туралы қазақстандықтардың оқиғалары

Мамыралы Мамбетов, 51 жаста, туған жері — Тараз, сақтандыру компаниясының қызметкері


photo5427308949868226912.jpg

Қазірдің өзінде екі ипотеканы төлеп біттім. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің» он жылдан бергі клиентімін. Осы уақыт аралығында төрт несиені ресімдеп, оның екеуін толығымен төледім. Екі ипотеканы өз атыма, ал үшінші және төртінші ипотеканы ұлдарымның атына ресімдеген едім. Үш ұлым бар, екі үлкен ұлдарымның жастары 23-24. Өткен жылы үлкен ұлыма, ал бұл жылы ортаңғы ұлыма ресімдеу жасадым.

Бірінші ипотеканы үш немесе төрт жыл бойы төледім, ал екінші ипотеканы шамамен төрт жылда өтедім. Бірінші ипотеканы 10 жыл бұрын алған едім, ал екіншісін 2012 жылы.

Мен бағдарлама бойынша сатып алынған пәтерде тұрамын. Бірінші пәтерім — Таразда. Қайта қаржыландыру жасадым. Басқа банкіде қымбат несием болған еді, бірақ кейін бұл пәтерді «Тұрғын құрылыс жинақ банкісінде» қайта ресімдедім. Екінші несиені Алматыдағы пәтер үшін алдым. Ол жерде «Қолжетімді тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, байқаудан өттім. Алматыда Розыбакиева көшесінде екі бөлмелі пәтер сатып алдым. Қазір Алматыда тұрамыз, ал Таразда үлкен ұлым тұрып жатыр.

Ипотекалық бағдарламалар өте қызықтырады, олардың шарттары жақсы, себебі 50% жинау керек, ал қалған 50% банкі 6 жылға 5% мөлшерлемемен береді. Ал бұл, менің байқауымша, нарыққа қарағанда 2,5-3 есе арзан.

Барлығын тез арада төлеу мүмкін емес екенін түсіну қажет


Несиелері ресімделіп, қарызға кіргендер қиын жағдайға тап болады және ауыр төлемдерді жүзеге асыру қиынға соғады.

Біздің отбасыда барлығын асықпай төлейміз. Мен ай сайын жалақыдан белгілі соманы қалдырамын, әйелім мен балаларым да солай жасайды. Бұдан кейін барлық шоттарымызды ортаға салып, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің» байқауына қатысамыз. Несиені ресімдеген кезде 50% өзіміз жинап үлгереміз және белгіленген шарттар бойынша қалған соманы өтеу оңай болады.


Есенаман Жарылғасынов, 39 жаста, туған жері — Орал, жеке кәсіпкер


2006 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіне» барып, депозит аштым. Мемлекеттік бағдарламаға қатысқым келді, бірақ жалақым сәйкес келген жоқ — ол кезде көп ақша таппайтынмын. Біз қолма-қол ақшамен төлейміз деп шештік, әпкем бұған көмектескен еді. Үш жылдан кейін сыйлау шартын ресімдеп, пәтер әпкеме көшті.

2006 жылы шот ашқалы ол белсенді болып қала берді. 2013 жылы банкі бөлімшесіне келген кезде маған 2006 жылы шот ашқан барлық клиенттер пәтер алғандарын айтты. Мен пәтер сатып алмаған соңғы клиент болған секілдімін.

Сол уақытта шотымда жеткілікті сома болды. Маған шартта көзделген енгізу жасап, пәтер алуға ұсыныс тастады. Мен келісіп, пәтерге ипотека ресімдедім. Бір-бір жарым жылдан кейін оны өтеп шықтым.

Бұдан кейін үйге алмастыру жасадым. Бұл 200 шаршы метрлі қаладағы коттедж болды.

Менде әрдайым үй салу туралы арманым болған еді


Ол осындай жолмен жүзеге асты. Үйді өзім салдырған жағдайда көптеген ақша мен жүйке керек болар еді. Төрт балалы отбасымызбен төрт жыл бойын осы үйде тұрып жатырмыз.

56789.jpeg

Бір сәтте бизнеспен айналысқым келді. Сауда үйін салу үшін жер телімін сатып алдым. Қазірде жартысы салынды.

Түрлі бағдарламаларға қатысып, несие алып жатқан барлық адамдарға асықпай, сабыр сақтауға кеңес берем. Пәтер сатып алу — бұл үлкен сатып алу,барлығын өлшеп жасау керек. Жылдар бойы жасалатын төлемдер — қалыпты жағдай, өйткені әр қадам сайын өз мақсатыңа жақындай бересің.



Мунира Калабаева, 50 жаста, туған жері — Орал, «Тұрғын үй құрылыс банкісінің» көшбасшы-консультанті


Қазірдің өзінде екі ипотеканы өтеп болдым. 2006 жылы құрылыс телімі үшін бірінші ипотекамды алдым. 2012 жылы оны мерзімінен тыс жауып болдым.

Кейін 2012 жылы екіншіқарызалдым — енді пәтер үшін. Оны да 2018 жылдыңсәуіріндемерзімінентысөтедім. 2006 жылы құрылысқаарнапалынғанқарызымныңнәтижесіндебірқабаттытиптікжеке үй салынды. Екіншіқарыз — бірбөлмелі пәтер. Мен оны 2012 жылы үшіншікластағыжайлылықтытүпкіліктіаяқтаукезіндесатыпалдым. Қазір ол жақсы күтілген, ауданы 44 шаршы метр біл бөлмелі пәтер.

Өзім жеке үйде тұрамын. Пәтерде анам тұрады.

Несиені мерзімінен тыс төлеу үшін ай сайын келіп, негізгі қарызды төлеуге болады. Сіз негізгі қарызды өтеген кезде ай сайынғы төлем азаяды. Сонымен қатар, негізгі қарыз да төлемдерге қатысты азаяды.

Мысалы, егер сізде екі миллион қарызыңыз болып, ай сайын белгілі бір соманы төлегенде негізгі шоттан ол сома алынады, сонда кіші бөліктер қалады. Жылдың аяғында қарыздың өзінен 250 мың тенге қалған еді. Соманы желтоқсан айына дейін бөлмес үшін қарызды бірден төледім.

«Тұрғын үй құрылыс банкісінде» қарызды алған кезде үстінен қосып төлемес үшін депозитті алдын ала ашу керек. Мұндағы пайыздар жинақтау мерзіміне байланысты болады: депозиттегі жинақтау мерзімі неғұрлым көп болса, соғұрлым қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме аз болады.

Менің кеңесім — депозитті алдын ала ашып, ақшаны ұқыпты жинақтау

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.