facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alay-5000-te-gege-zhartylay-dayyn-n-mderd-nd-rud-ashu-a-bolatyny-turaly
logo
Қалай 5000 теңгеге жартылай дайын өнімдерді өндіруді ашуға болатыны туралы

14.07.2018

Қалай 5000 теңгеге жартылай дайын өнімдерді өндіруді ашуға болатыны туралы

Айнура Амирхан, 30 жаста, туған жері — Екатеринбург, Ресей, Alay фирмасының негізін қалаушыларының бірі

98810762de4a12c70b5b7edbd4d6bc0fed7108cfd79ed4b17d6ac080987d667b.jpg


Барлығы қалай басталғаны туралы



Бұрын сән идустриясында жұмыс істедім, сондықтан өз бутигімді ашамын немесе жаңа бренд шығарамын деп ойлайтынмын. Бірақ тұрмысқа шыққаннан кейін басымдылықтарды мүлдем басқаша қойдым және уақытымды үй шаруаларына көбірек бөлетін болдым. Енді бізде отбасылық бизнесіміз бар — премиум және люкс кластарындағы жартылай дайын өнімдер мен дұрыс тамақтану жартылай өнімдерін өндіру.

Бір күні бірнеше күнге деп көп котлет, манты жән тұшпара дайындадым, бір-екі күн жұмсап, барлығын сапалы жасадым. Сол кезде маған қызымен ауруханада бөгеліп, түскі асты дайындауға үлгермеген құрбым хабарласты. Пісіріп, жеу үшін бір келі тұшпара беріп жібердім. Ал ол маған ақшасын берді. Аздап наразылық білдірдім, себебі бұл ақша табудың амалы емес, достықтың белгісі болды. Ол маған уақытын үнемдегенін және керемет өнім алғанын айтты. Ол үй шаруаларын істеп үлгерді, ал күйеуі мәз болып қалды. Осы сәтте басыма жаңа ой келіп, болашақ бизнестің кескіндері пайда бола бастады. Неге маған нарыққа әйелдердің мәселесін шешетін тауар енгізбеске деп ойландым. Бұл тамаша жағдай болды — мен нарыққа өнім жіберемін, одан мен де, тұтынушылар да ұтыста қалады. Ең жақын құрбым Алиманы шақырып, ойыммен бөлістім, оның да бұл іске деген қызығушылығы оянды. Біз бірге жұмыс істейміз деп шештік, бірақ жартылай өнім идеясы менікі болғандықтан, ол нан тағамдарын әзірлеуді шешті. Осыдан атау пайда болды — Алима, Айнұр — АлАй. Өкінішке қарай, Алима бизнесті жалғастыра алмады, себебі оның баласы кішкентай болды және бизнесті жүргізу ыңғайсыз болды.

Бірінші кезде барлығын өзіміз жасайтынбыз, ешкім көмектеспеді. Ең жақсы рецепттерді таптым, барлығын үйреніп, еттің қай бөліктерін алған дұрыс екенін түсіндім — барлығын зерттеп, ақырындап жұмыс істедім. Алғашқы кездерде өнімді жеткізуші, сатып алушы және аспаз өзім болдым. Ол кезде тауарды базардан алатынмын. Барлық базарларды аралап, дәмдерін көріп, ең жоғары сапалы ет «Әлем» базарында екенін білдім. Біз жақында «Хәлал» сертификатын алдық және тек сертификаттары бар өнім жеткізушілермен жұмыс істейміз.

7bab474102af22ca127b222da536398201e5c3458c977e8436a95a5c959a15bc.jpg

Бастапқы капитал — 5000 теңге, осы ақшаға ең бірінші өнімдерді сатып алдым. Қалған жұмсалған барлық ақшаны айналымда жүрген ақшадан алдық. Бірінші кезде үйде дайындауға болатын, бірақ кейін өнім көлемі күніне бес келіден артық кеткен кезде бұл мүмкін емес болды. Сол кезде күйеуім көмектесіп, 5000 доллар қаржы енгізді, кейін мен ол ақшаны қайтарып бердім. Бизнестің дамуына ақша салуды жалғастырып жатырмыз, өйткені бір рет ақшаны алып, кейін салмау мүмкін емес.


Ерекшеліктері туралы



Біздің компаниямыздың миссиясы — әйелдің тамақ дайындауға аз уақыт бөліп, отбасыға көп уақыт бөлу. Сондықтан бізде тұшпара мен мантыдан басқа тағы 100-ден астам жартылай өнім ретінде дайындалатын түр бар. Және әйел біздің өнімдерді өзінікі секілді қолдану үшін біз барлығын қолдан дайындауымыз қажет. Барлығы — нанды илеуден бастап соңғы жұмыстарына дейін қолдан жасалады.

photo5242713098027116899.jpg

Наурыз айында дұрыс тамақтану желісін іске қостық. Ал бұған дейін екінші баламды тудым және туғаннан кейін ең көп туындайтын сұрақ — қалайша арықтауға болады. Үйде біздің өніммен тамақтанамыз және мен бұл калориясы көп тағам екенін түсіндім. Күйеуім мен балаларыма бұл сай келеді, ал салмағын сақтап, арықтағысы келетін әйелдерге тамақтану сәл басқаша болу керек. Мұнымен тағы бәр мәселені шешіп, нарыққа жеткіліксіз өнімді енгіздім.

Дұрыс тамақтану үлкен танымалдылыққа ие, бірақ мен күткенімдей емес. Сіз бір істе болған кезде, барлығы сонда деп көрінеді. Менде айналамдағылардың барлығы дұрыс тамақтануға көшкен деген ой болды. Біздің дәм рецепторларымыз картоп, ет, балық туралы айтпас бұрын бақшадағы құлпынайдың дәмін білмейді. Ал дұрыс тамақтану бұрын ұмытылған, органикалық, табиғи заттарға қайтарады. Қазір аллергиялары бар балалар көп, бұрын ондай болмайтын. Сондықтан дұрыс тамақтану — денсаулықты құтқару, рухани жағынан да, физикалық жағынан да. Сол себепті дегустацияларды, мастер кластарды көптеп өткізгіміз келеді, адамдардың білгендерін қалаймыз.

photo5242713098027116896.jpg

Қазір тек жеткізу бойынша жұмыс істейміз. Мәселе біздің өнімнің қымбаттылығында. Бір келі тұшпара 3000 теңгедей тұрады. Біз сатып алатын еттің біркелісі аз дегенде 2500 теңге тұрады. Ал оны тазалап, кескенкезде 800 граммы ғана қалады. Біздің жартылай өнімдеріміз әлемдең үздік деп санаймын, себебі ешкім Рибай стейкін бұрап, нанға орамайды. Сондай-ақ бізде рентабельділік, жалға алу және басқашығындар бар. Және бір келіні 2600 теңгеден арзан сату мүмкін емес. Дүкендерде біздің өнім арзан аналогтардың қасында артықшылық етпейді. Және өнімдеріміздің сақтау мерзімі де үлкен емес, себебі ешқандай дәм күшейткіштерін қоспаймыз. Сол себепті әр екі күн сайын дүкендегі тауарды ауыстырып тұруға тура келеді.

Тағы компания ерекшелігі әйелдер өнімнің сапасы жайлы қобалжымас үшін біз тек жаңа дайындалған тұшпараларды жібереміз. Біз әлі суып үлгермеген етті алып, оны белгілі температурада қатырамыз, ал дүкенде бұны қадағалай алмаймыз.

Біз дүкенде сатылып жатқан жартылай өнімдердің орнын ауыстыра аламыз деп үміттенеміз. Орташа есеппен алғанда 150 келі тұшпара жеткізе аламыз.


Қиындықтар туралы



Астанада цех үшін сай келетін орынды табу қиын. Бұл маған байланысты емес жалғыз мәселе шығар. Тұшпара цехын ашу үшін қандай талаптар қажет деп сұраған кезде маған аша беріңіз, біз келіп, тексереміз, дұрыс әлде дұрыс емес екендігін айтамыз деп жауап берді.

Бізде, өкінішке қарай, өз орнымыз жоқ. Қайта жабдықтауға шамамен 20 000 доллар кетеді. Бағасы таңдайтын құрылғыларға байланысты болады.

Кадрлар аз, бірақ олар барлығы соларға байланысты. Мүмкін, мәселе Астанада барлығы негізінен жан-жақтан келген адамдар болғандығында. Менталитет пен талғам кереғар келеді. Мен ресейлікпін және кейбір адамдардың жұмысқа деген қатынасы мені таңғалдырады. Біз қызметкерлерді үйретеміз және жеке қасиеттерді кәсіби қасиеттерге қарағанда жоғары бағалаймыз, себебі кәсіби қасиеттер үйрене алатын нәрсе, ал жеке қасиеттер немесе бар немесе жоқ. Егер адамда жауапкершілік, мақсатқа деген ұмтылыс болмаса қандай кәсіби маман болса да, қызметкер ретінде ол төмен бағаланады. Қазір штатымызда 18 адам жұмыс істеп жатыр.


Жоспарлар туралы



Өзімді басқа салада көрмеймін. Біз маркамыз танымал болғанын қалаймыз, бірақ миссиямыз жайлы ұмытпаймыз. Сондықтан бізүшін тұрақты клиенттердің көптігі өте маңызды. Біз тұрақсыз әлемге өзгеруге және жаңа өнімдерді әзірлеуге дайынбыз. Біздің мақсат — біздің таңдаған адамдар барлығы сапалы әрі үздік екендігіне сенімді болулары.

Кәсіпкер ретінде өз салаңызды іздеуді, мықты жақтарыңызды дамытуды тілеймін. Танымалдылық іздемеңіз, өз көргендеріңізді дамытыңыз. Әлеммен бөлісе алатын нәрсені іздеңіз, сонда әлем сізге дәл солай жауап береді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.