facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-sh-ta-t-ratyn-aza-standy-tardy-zhet-st-kter-n-3-o-i-asy
logo
АҚШ-та тұратын қазақстандықтардың жетістіктерінің 3 оқиғасы
Өмір сүру стилі

17.07.2017

АҚШ-та тұратын қазақстандықтардың жетістіктерінің 3 оқиғасы


19875880_10101874551850333_409647591_o.jpg


Мадина Көшербаева, туған қаласы Алматы, кәсіпкер, IT-маманы



Көшу туралы


Мен алғаш рет Америкаға 2004 жылы барып келдім, ал 2006 жылы сол жаққа университетке түстім. Штатта өзімнің болашақ күйеуіммен таныстым. Біз сол жақта үйлендік, кейінірек екі баланы дүниеге әкелдім. Менің Штаттарда қалуымның басты себебі осы болды.


Қазір мен әзірлеушілердің көмекшісімін, үкіметтік ұйымда бағдарламалық қосымшаларды тесттен өткіземін. Біз торнадо, теракт, сел және басқа да апат салдарынан барынан айырылған отбасыларға төмен пайызды несиелер берумен айналысамыз. Мен Оңтүстік Индиана университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірдім. Мамандығым бойынша жұмыс істемедім, сөйтіп ІТ-мамандығына ауыстым, өйткені бұл сала сұранысқа ие және төлемақысы жоғары кәсіп болды.


19876073_10101874551730573_1749288318_o.jpg


Оған қоса, біз жолдасым екеуміз бизнеспен айналыстық. Біз Рождество мейрамы кезінде әр түрлі сауда орталықтарында шағын дүкендер ашып, шырша бұйымдарын саттық. Бизнес пайдалы болды, бірақ табыс мейрам кезінде ғана, уақытша еді. Біз айналысатын қызмет саласын өзгертуді шештік. Сол уақытта мен үкімет ұйымына жұмысқа орналастым, ал жолдасым асүй мен жуынатын бөлмелерді қайта жасаумен айналысатын фирма ашты.



АҚШ-тағы бизнес туралы



Штаттарда өз ісіңді бастау аса қиын емес. Бастысы — салықты уақытылы төлеп, өз қалағаныңша өмір сүру. Адам бір уақытта бірнеше бизнесті жүргізіп, ісінің жабылып қалатынынан қорықпайды. Бұл мемлекет тәуелсіз, діни көзқарастарына, нәсіліне немесе ұлтына қарамастан барлығының құқықтары тең.


20030991_10101874551590853_1068922155_n.jpg



Сәттілік туралы



Өмірімдегі басты ұстанымым — «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Ең бастысы, барлығының армандағаныңдай болатынына сеніп, берілмей, ойдың шындыққа айналатынын естен шығармау. Бәрі де ойдағыдай болады, тек еңсеңді түсірмей, соған сену қажет. Жалпы, қазақтар өте пысық халық, бөтен ортаға оңай бейімделеді. Бізге шетелде қандай да бір жұмысты бастау еш қиыншылық тудырмайды, себебі біз еңбекқормыз. Біз, сөзсіз, ол жақта күнімізді көреміз және табысты боламыз. Адам не шешсе де, қай жақта болуды қаласа да, ол кез келген жерде өмір сүре алады. Ең бастысы, бәрінің жақсы болатынына сену. Отбасың тұратын жер әрқашан да жанға жайлы.


20048822_10209675423137984_2108714721_o.jpg


Сергей Пасиченко, туған қаласы — Қарағанды, бағдарламалық қамтылымды өңдеу, бағдарламашы



Көшу туралы


Мен АҚШ-қа 2014 жылы көшіп бардым. Осыған дейінгі бірнеше жыл алдында кәсіби өсудің күннен-күнге қиындап бара жатқанын түсіндім. Тым болмағанда, күрделі техникалық тапсырмалар болмады, бір нәрсені үйреніп, тәлім алуға болатын адамдар аз болды.


Дүниежүзі бойынша миллиардтаған адамдарға қызмет көрсететін сервистер жұмыс істейтін бағдарламалық инфрақұрылымды әзірлеумен және сүйемелдеумен айналысамын.


19970938_10209675417417841_401427113_n.jpg


Бастапқыда мен АҚШ-қа қаржылық және технологиялық компанияларға техникалық мамандарды жеткізумен айналысатын халықаралық компанияда жұмыс істеу туралы ұсынысты алғаннан кейін барғанмын. Менің бағдарым Калифорния болды және мен «Google»-де келісімшарт бойынша жұмыс істеуім керек еді. Бұл ұсыныс маған қызықты болып көрінді: АҚШ-қа бару және кремний алқабын ішінен көру мүмкіндігі. Бір жылдан кейін осы бағдардың аясы маған таршылық ететінін түсіндім. Мен Қазақстандағы соңғы жылдары да өзімді осылай сезінгенмін. Бірақ Қазақстанға қарағанда бұл жерде басқа мүмкіндіктер де өте көп болды. Жарты жылдық ізденістен кейін мен Facebook-тан ұсыныс алдым. Екеуінің айырмасы айқын көрінді, себебі келісімшарт бойынша жұмыс істеудегі мүмкіндіктер мен жауапкершіліктер айтарлықтай аз еді. Былайша айтқанда, саған айтқандарды ғана жасайсың. Штаттарда ұстанған жолда өзің жұмыс істеп жатқан жобаға қатысты меншіктік сезім пайда болады және өзің қандай да бір шешім қабылдай аласың. Мұндай көптеген шешімдерді «төменнен-жоғарыға» қарай қабылдау мәдениеті «Facebook»-те маңызды. Менің осы жерде жұмыс істеп жатқаныма екі жылдай болды және бұл кәсібім шын мәнінде өзіме ұнайды.


АҚШ-тағы жұмыс туралы



Қазақстанда бағдарламалық қамтылымдарды әзірлеу енді басталуда. Оған қоса, нарық ілеспе зардаптары бар мемлекетттік ақшаға қатты толып кеткен: бюрократия, пара, формальды орындау және т.б. Тым болмағанда, бірнеше жыл бұрын көптеген ірі жобалар мемлекеттік болған. Дегенмен қазіргі уақытта көп ілгерілеушікті байқадым, бірақ сыртынан қаншалықты жақсы екенін бағалау қиын. Менің достарым мен таныс бағдарламашылардың көбісі, өкінішке қарай, Қазақстаннан көшіп кетті.


20030732_10209675417217836_1839585588_n.jpg


Миллиондаған адамдар пайдаланатын заттармен жұмыс істеудің айрықша мүмкіндігі бар. Барлығы компанияға байланысты, бірақ жалпы алғанда, инженерлерде мәртебе жоғарырақ және құзырет бар. Дегенмен жауапкершілігі де үлкен. ТМД-да егер сен 30-дан асқан инженер болсаң, онда сен – жолы болмаған адамсың. Ал АҚШ-та 40-50 жас аралығындағы инженерлерді жиі кездестіресің. Жалпы айтқанда, менеджердің мәртебесі кереметтей емес, бұл тек міндеті басқа аға инженерді дамытудың бір ғана тармағы.



Сәттілік жөнінде



Кез келген мемлекетте сәттілікке қол жеткізу үшін білім алып, жұмыс істеу қажет. Жүйелі және тынбай жұмыс істеп, тәжірибе жинақтау, түйін жасау. Тез әрі күтпеген жерден келетін сәттілік тек ертегілер мен ынталандыру жөніндегі кітаптарда ғана айтылады. Сол себепті, мектеп пен университетте ғана емес, үнемі оқу, ізденіс үстінде болу қажет. Жақсы жұмыс сені күнде үйретеді, бірақ ол үшін тек өз міндеттеріңді орындауға қажеттіден тереңірек бару қажет. Дегенмен жақсы компанияларда «тереңірек бару» – бұл күнделікті міндеттеріңнің бір бөлігі.


Қазір және осы жерде сәттілікке қол жеткізіңіз, ол үшін міндетті түрде бір жерге барудың қажеті жоқ. Егер сіз өз мемлекетіңізде сұранысқа ие болмасаңыз, бөтен мемлекетте де табысқа қол жеткізуіңіз екіталай. Жақсы әрі пайдалы жұмыс – бұл да сәттілк.


19897947_1447012065345379_1370743797_o.jpg


Максим Мукомелов, туған қаласы — Алматы, Alem Group компаниясының президенті



Көшу туралы



Мен өз отбасыммен Майамиге 2014 жылы көшіп бардым. Бұл бизнес үшін жасалды, біз өзіміз үшін америкалық нарыққа шығып, бизнесімізді кеңейткіміз келді. Соның нәтижесінде, Қазақстандағы негізгі компаниямыздың еншілес компаниясы АҚШ-та ашылды. Бұл жерде біз үш жылдай жұмыс істеп келе жатырмыз.

19989059_1447021338677785_1782079487_n.jpg


Уақыт өте келе басқа да салалар пайда болды. Біз өзіміздің консьерж-қызметімізді, «Green Card» алу жөніндегі консалтинг қызметін іске қосып, жылжымайтын мүлік сатумен айналыса бастадық. Яғни Ресей мен Қазақстаннан келген туристер бізге сенім артып, өзінің келу уақытында, яғни бізге қоңырау шалған уақыттан бастап, үйіне ұшқанға дейін біздің тарапымыздан қолдау алады. Былайша айтқанда, біз қазіргі уақытта Қазақстанға арналған жылжымайтын мүлік нарығын ашып жатырмыз. Отандастарымыз басқа мемлекеттерде, атап айтқанда, АҚШ-та осы уақытқа дейін проблема болып келген тұрғын үйді оңай әрі еркін сатып ала алады.


Барлық жаңа салалар өз бетінше туындап отырған. Қытайдан жеткізіп беруші таныстар болғаннан кейін біз жиһаз сатумен айналыса бастадық. Көшіп келгеннен кейін біздің көптеген таныстарымыз Америкаға келген кезінде қолдау мен ілесіп жүруді қажет еткен. Содан кейін мұндай қажеттілік достарымыздың достарына және басқаларға да қажет болып, аясы кеңи бастады. Осындай сұранысты көріп, біз осы бизнесті құруды жөн көрдік.



АҚШ-тағы бизнес туралы



20045914_1568687819850065_1711448205_n.jpg


Бұл жерде жылжымайтын мүліктің бірыңғай базасы бар, онда бір үйдің 10 жыл бұрынғы жалға беру құнын қарауға болады. Бұл нарық талдауын жеңілдетеді. Сондай-ақ бұл жерде риэлтор болу аса оңай емес. Алдымен жұмыс істейтін штаттың әкімшілігі өткізетін арнайы сертификаттаудан өтуің қажет. Мұндай жүйе нарыққа үстіртін қарайтындарды ысырып тастайды, сондықтан бұл жерде тек өз ісінің шеберлері ғана жұмыс істейді.



Сәттілік жөнінде


Мен сенетінім, қандай мемлекетте тұратының маңызды емес. Сәттілікке қол жеткізем деген адам кез келген жерде бұл мақсатына жетеді. Ең бастысы, ойыңа алған нәрсені шын ниетіңмен қалау. Егер сіз басқа мемлекетке көшіп, жағдайыңызды жаңартқыңыз келсе, онда мен өз қызмет салаңызды түбегейлі өзгертпей, өзіңіз игерген ісіңізді одан әрі дамытуға кеңес берер едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.