Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-sh-pen-lybritaniya-a-11-zhyl-b-ryn-onys-audar-an-3-aza-standy-ty-tarihy

АҚШ пен Ұлыбританияға 11 жыл бұрын қоныс аударған 3 қазақстандықтың тарихы
4836

27.07.2017

АҚШ пен Ұлыбританияға 11 жыл бұрын қоныс аударған 3 қазақстандықтың тарихы

Айнур Хаствелл, туған қаласы — Алматы, Guide posts қайырымдылық қорының қызметкері

өмір сүретін елі және қаласы — Вотфорд (Watford), Ұлыбритания


Мен Ұлыбританияға 2006 жылы жұмысыма байланысты қоныс аударған едім. Оған дейін мен Citibank Kazakhstanбанкінде 7 жыл жұмыс істеген болатынмын. 2009 жылы Лондонға өтінім тапсырған Citibank банкінің жаңа жұмыс орны ашылды және он бірінші сұхбаттан кейін маған осы орынды ұсынды.


18816866_1103846839759619_1962932884_n.jpg


Бірінші жылы жаңа жұмыстың тым көптігі мен ауырлығы қиын тиді, дегенмен үйіме деген сағынышымды басуға көмектесті. Жұмысымда бөлектегендіктен де ауыр болды, себебі Алматыда мен штатта бар болғаны 100 адамнан тұратын корпоративті банкте қызмет жасадым және ол жерде барлығы бір-бірін танитын, жұмыс кезінде де, жұмыстан тыс уақытта да араласатын. Лондонда, Канари Ворфта бір ғимаратта 10 мың адам жұмыс істеді. Көбісі бір-бірін танымайды және араласуға да қызығушылық танытпайды. Жаңа жұмыстағы лауазымым жоғары болатын, мен Еуропадағы төлем карталарын және операциялық тәуекелдерді басқару үшін жауап беретінмін. Біздің төлем карталары департаментінің өзі Үндістан мен Барселонадағы жұмыс тобын қоса алғанда 100 адамнан артық болатын, маған барлығымен де тығыз жұмыс жасау керек болды.


Өкінішке қарай, 3 жыл қызу жұмыстан соң тұрақты күйзеліс салдарынан менің денсаулығым сыр бере бастады, сөйтіп мен командадан кетуді ұйғардым. Бұл уақытта қайта құрылымдау жүріп жатты да, Citibank банкінде 10 жыл жұмыс жасағаным үшін өз еркіммен қысқартуға шықтым. Сөйтіп мен бала күнгі арманым болған көркемсурет курстарына қатыса бастадым. Бұға қоса, қайырымдылық қорында волонтерлықпен айналыстым, ол жерде мен қазір штаттық қызметкермін және жақында команданың көшбасшысы атандым. Сондай-ақ майлы бояумен портреттер салуды да жалғастырып жатырмын. Жұмыстарымды Фейсбуктағы жеке парақшамнан көруе аласыздар: Aya Hastwell, Artist.


Менің барлық туыстарым мен жақындарым Алматыда, достарымның көпшілігі де сонда. Мұнда әрине, жаңа достарым пайда болды және мен осында, Ұлыбританияда, 2007 жылы жарым Саймонды кездестірдім. Біз жақында үйленуіміздің сегіз жылдығын атап өттік.


18816748_1103847423092894_535349240_n.jpg


Біз жылына бір рет екі аптаға Алматыға барып қайтуға тырысамыз. Шетелдегі өмірден кейін туған елге деген қатынас, әрине, өзгереді. Сырттан көп нәрсені байқауға болады. Ұлыбритания мен Қазақстан арасында өмір сүру деңгейінің кейбір тұстары ұқсағанымен, көптеген айырмашылықтар бар. Мұнда адамдар қоршаған ортаға – табиғат, жер, ауаға біршама ұқыпты қарайды.


Мен Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды негізінен интернеттен бақылап отырамын. Мысалы, Алматы қатты өзгерді деп айта алмаймын. Дегенмен қайратты әрі тәжірибелі, білімді жастардың көптігі қуантады.


18869986_1103841183093518_1529793686_o.jpg


Алматыны сағынамын деп айта алмаймын. Мен негізінен адамдарды – отбасымды және достарымды сағынамын.




Меруерт Хантер, 37 жаста, Атырау облысы, Қаратон елді мекенінің тумасы, энергетикалық компанияның сатып алу бөлімі

өмір сүретін елі және қаласы – Вудландс, Техас штаты, АҚШ


2006 жылдың жазында біз күйеуіміз екеуміз оның жұмысы бойынша Техас штатына қоныс аудардық. Тұрғылықты мекенжай ретінде біз Хьюстонның қала маңындағы Зе Вудландсты таңдадық. Ол жер отбасыңмен өмір сүруге өте қолайлы деп есептеледі, мұнда адамдар қайырымды әрі мектептері де жақсы.


М Х.png


Менің күйеуім Техастың тумасы. Біз 2003 жылы, ол Қазақстанға жұмыс сапарымен келген уақытта танысқан едік.Араға екі жыл салып, отау құрдық.


Жаңа орынға үйреніп кетуім ұзаққа созылды және әлі де үйренісіп келемін. Маған тек ағылшын тілін білуім көмекке келді. Ал жаңа тұрмыс салтына және мәдениетіне үйренісіп кету үшін көп уақыт керек болды. 2007 және 2011 жылдар арлығында біз күйеуімнің жұмыс бабына байланысты Қытайға көштік. Менің ұққаным, тілді білмеу жаңа ортаның мәдениетіне үйренісуді және айналадағы адамдарды түсінуді қиындата түседі екен. Бірақ ең күлкілісі, азиаттық сырт келбетіме байланысты мені көп жағдайда өз балаларымның күтушісі деп ойлап қалатын.


Қытайда мен қытай тілін үйрене бастадым. Ең қиыны, тамаққа үйренісу және бізге таныс ингредиенттерді табу болды. Себебі, басқа елден әкелінген азық-түліктер әлдеқайда қымбат болатын. Біз дүкенге барған кезде көпке дейін жететіндей сатып алатынбыз, өйткені тек импорттық тауарларды алатынбыз, ал олар барлық кезде табыла бермейтін. Біз бірінші рет дүкенге барған кезде иероглифтерді білмегендіктен, қытай тауарларында не жазылғанын түсінбейтінбіз. Ал бір күні қаптамалардың бірінде Джеки Чанның бейнесін көріп, мен өзімнің туысқанымды кездестіргендей қуанып кеттім. Азық-түлік таңдағанда біз «шамамен осы дұрыс-ау» дегендерді сатып алуға мәжбүр болатынбыз. Ал егер бізге тамақ ұнап қалса, біз оны суретке түсіріп алып, оны қайтадан сатып алатынбыз. Осылайша үйренісіп кеттік.


Меруерт Хантер дети.png


Қазақстанда әпкелерім мен достарым қалды. Әрине, алыста болғандықтан қиын, дегенмен интернетпен күн сайын хабарласып, сағынышымды басамын.


Соңғы рет Қазақстанға, Атырау қаласына туыстарымның хал-жайын білу үшін 2016 жылдың қараша айында келген болатынмын. Техаста климат өте жылы, соған байланысты қыс та, қар да тіптен болмайды, ал Атырауға келгенімізде балаларым қарды көріп қатты қуанды.


Балаларым бешбармақ пен бауырсақты сүйіп жейді, сондықтан Америкада оларды жиі әзірлеймін. Оларға жылқы еті де ұнады, бірақ америкалықтар жылқы етін жемейді.


Арада қанша уақыт өтсе де, маған өз Отаным ыстық. Мен өзімнің қазақ екенімді мақтан тұтамын. Ұлдарым әзірге 7 және 9 жаста, бірақ қазірден бастап оларға қазақ қыздарына үйленіңдер деймін. Ал қалжыңсыз айтар болсақ, әр елдің өз артықшылықтары, кемшіліктері бар. Қазақстанда халқымыздың қонақжайлығы басты құндылықтардың бірі болып саналады. Ұзақ уақытқа созылатын отырыстар мен шай ішу кезінде адамдар өздерінің жақсы жаңалықтарымен, шешілмей жүрген мәселелерімен бөліседі. Америкалық мәдениет біздікінен ерекшеленеді. Өз тәжірибем бойынша, мұндағы адамдар көбіне оқшауланып өмір сүреді, бірақ сырт көзге байқатпайды. Мүмкін, содан да болар, бұл жақтағы адамдар психологқа жиі барады.


М Хантер.png


Қазақстанда балалық шағым және жастық шағым өтті. Сондықтан да маған ыстық. Әрине, қиындықтар да болды, бірақ өмір болған соң бәрі де болады. Мұнай астанасы – Атырау, менің кіші отаным көптеген адамдарды жақсы жалақымен қамтамасыз етті. Мен ең алғаш Америкаға көшіп келгенімде адамдардың көпшілігі Қазақстан туралы білмеді. «Стан» жалғауына байланысты олар көздеріне соғыс болып жатқан елдерді елестететін, мысалы, Ауғанстанмен. Мұндай сұрақтарды естігенде Қазақстанда бейбіт өмір бар болғанына қуанамын.


Мен Қазақстанда жиі бола бермеймін, бірақ келген кезімде айырмашылықтарды сезінемін, жаңадан ғимараттар, үйлер, көпірлердің салынғанын көремін. Қала көркейіп жатыр. Фаст-фудты да байқадым, бірақ америкалықтардағыдай семіздік проблемасы сіздерге келмейді деп ойлаймын. Сондай-ақ жаңа технологиялар пайда болуда, барлығы дамуда және жаңғыртылуда. Қазақстан өсіп келе жатыр және мен қазіргі жастар алатын мүмкіндіктер үшін өте қуаныштымын.


Мен өз Отаным Қазақстанды, адамдарды, балалық шағым өткен және қазірде жоқ болған алыс ауылдарды сағындым. Қазақстан туралы ойлағанда, анам мен әпкелерім, балалық шағым және жазық даланы елестейді. Ал Американы үш баламмен байланыстырамын, ол – менің екінші Отаным болып саналады. Балаларым қайда болса, мен де сондамын.




Анар Менсиитова, туған қаласы – Қарағанды, fashion-дизайнер және стильші, фриланс журналист, Қазақстандағы зооқорғау қозғалысының волонтері

өмір сүріп жатқан қаласы және елі — Лондон, Ұлыбритания


Мен Ұлыбританияға 2004 жылы, мектепті аяқтаған соң көшіп келдім. Кембридж қаласындағы колледжге Foundation of Art&Design оқуға түсуге жол тарттым. Ол университетке түсер алдындағы дайындық жылы болды. Fashion Design мамандығы бойынша ЖОО‑ға түстім, содан соң Brand Management магистратурасында бір жыл оқыдым. Қазір Anar London брендінің киім дизайнері болып жұмыс жасаймын. Жақында мен Астанада кішігірім шоурум аштым. Маған әдемілікті жасау ұнайды. Мен әдемілікті әркім өзін ерекшелеп көрсеткісі келетін сән индустриясы емес, философия ретінде қабылдаймын.


11078245_105862389746071_5497943274354460328_n.jpg


Мен Кембриджге төрт ай бойы үйрендім. Оған дейін мен жалғыз өмір сүрген жоқпын және мен үшін бұл күйзеліс болды. Дегенмен бұл тұлға ретінде өсуіме қажетті күйзеліс болды. Бұл жақтың өмір салтына әрең үйрендім, жаман болғаны үшін емес, Англияның кішкентай қалаларында, тіпті Еуропада барлығы ерекше тәртіппен жұмыс жасайды. Мысалы, дүкендер мен дәріханалар кешкі сағат 6‑ға дейін жұмыс істесе, ал демалыс күндері барлығы да кешкі сағат 4-те жабылып қалады. Олардың мұндай жұмыс кестесін мен тіпті де түсіне алмадым, себебі 16:00 тіпті кеш те емес! Алайда бұл мұндай мекеме қызметкерлерінің еңбегін бағалау да еді.


Кембриджде барлығы автобуспен жүретін, жол ақысы маған қымбат көрінді, ал автобустар жиі жүрмейтін. Лондонда транспорт біраз арзандау. Кейін білгенімдей, Кембридж бен Оксфорд ең қымбат қалалардың бірі болып саналады екен.


Кембридждегі бір жыл оқудан кейін мен мегаполиске қуана көштім, себебі мұнда сағынған сүйікті ас мәзірін қоса алғанда, барлығы да болды. Алайда Лондонда мексикалық, тай, үнді тамағына құмар болдым және оның алуантүрлілігін бағаладым.


Туғандарым мен достарым Қазақстанда тұрады. Десе де, достарымның көп бөлігі Англияда, тіпті бүкіл әлем бойынша бар десем де болады, себебі оқудан соң басқа елдерден келген студенттер әлемнің түкпір-түкпіріне тарап кетті. Шетелде оқығанның бір үлкен артықшылығы осы.


13658988_309727349359573_3264577846644598210_n.jpg


Соңғы рет мен Қазақстанда осы жылдың шілде айында. Көп нәрсе өзгергендігін айта аламын. Мен өз мәдениетімізге басқа қырдан қарадым және тарихқа және көшпенділік өмір салтына, көшпенді‑қазақтардың тұрмысына қызығушылығым ояна бастады.


Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды бақылап отыруға тырысамын, БАҚ мақалаларын көп оқимын. Мен Қазақстанда көптеген жобаларға қатыстым және барлық нәрседе үлкен ұйымдаспаушылықты аңғардым. Көптеген шешімдер соңғы сәтте қабылданады және өзгертіледі, үлкен мәселе коммуникативтік дағдылармен және мұқияттылықпен байланысты.


Қазақстанда инфрақұрылымның даму жоспарында көп өзгерістерді көремін. Мысалы, Астанада көптеген қызықты орындар пайда болды, мәдениет, өнер дамып келеді. Бұл – керемет! Адамдар шығармашылық салада мұндай тұрақсыз кезеңде де тәуекелге барады және жұмыс жасайды. Қоғам біраз дәстүрлі және сақтанымпаз бола түсті, және егер осындай өзгерістердің салдарын адамдардың санасында қарастырсақ, қоғамда әйелдің жағдайы оңынан болмағанын айтқанын жөн.


Мен 40-50-60 жаста өмір тоқтап қалмайтынын, керісінше, егер сіз қаласаңыз, қызық бола түсетінін ұғындым. Тұрмысқа кез келген жаста шығуға болады, тіпті ажырасқан соң да, қазақтарды қоса алғанда, мен ондай көп әйелдерді танимын. Саяхаттауға, кәсіпті ауыстыруға болады, ол әрине, оңайға соқпайды, бірақ ол мүмкін нәрсе.


18342649_452605468405093_8411284255205751482_n.jpg


Қазақстан мен Еуропада жан-жануарлар қатысында үлкен алшақтықты байқағанымды айтқым келеді. Біздің елде иттер мен мысықтарға жиі агрессивті және мейірімсіз қатынасты көруге болады. Мен Астанадағы «Асенька» деген тастанды иттер мен мысық асырайтын мекемеге көмектесуге тырысамын. Мен ол жерден күшік алдым және ол әрбір күніме қуаныш әкеледі.


Менің Қазақстандағы сүйікті қалаларым Алматы және Қарағанды. Бұл жылдар бойы қалыптасқан ерекше күші, атмосферасы бар қалалар. Онда ауаның өзі де басқаша аңқиды. Мен өзімнің атам мен әжем тірі болған кездегі өмір сүрген ауылды барып көргім келеді. Тіл үйіретін тәтті таңқурай дәл сол жерде өсті, ол жерде ең дәмді үйдің айранын ішетінмін, мен ондай айранды басқа еш жерде татып көрмедім. Мен жартас, бұзылған көпірі бар өзен жағасындағы жағалауды, әжемнің құймақтарын есіме түсіремін.


Мен Отанымда жиі болып тұрамын, сондықтан Қазақстанды қатты сағына қоймаймын.