facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-ash-oyynshy-aza-sha-poster-men-ltty-stil-deg-alzhap-ysh-aza-y-d-nielerd-zha-asha-ba-ytta-synyp-zh-rgen-erekshe-ster
logo
Ағаш ойыншық, қазақша постер мен ұлттық стильдегі алжапқыш: қазақы дүниелерді жаңаша бағытта ұсынып жүрген ерекше істер
Қайда барған тиімді

05.04.2017

Ағаш ойыншық, қазақша постер мен ұлттық стильдегі алжапқыш: қазақы дүниелерді жаңаша бағытта ұсынып жүрген ерекше істер

«Жеті ойыншық» ағаш ойыншықтары


Ерасыл Қасықбаев, 23 жаста, жоба үйлестірушісі, туған қаласы — Алматы


Бұл — әкем Сәкен Болыстың авторлық жобасы. «Жеті ойыншық» ағаш ойыншықтары — 3 - 9 жас аралығындағы балаларға арналған экологиялық таза ұлттық өнім.


7 ойыншық.JPG


«Біздерге артар ел сенім,

Елім, халқым, еңселім,

Бойында намыс, жігер бар,

Бір ұлыңмын мен сенің!

Сүремін өмір бір сен деп,

Ізденем, талмай, білсем деп,

Елімнің туын ойлаймын,

Көтеріп биік жүрсем деп» дегендей, бұл іс — біздің азаматтық борышымыз. Өз дүниемізді сапалы етіп жасап, өз еліміздің ұландарына табыстай алуымыз қажет.


Сондықтан, әкем көшіп-қонған, үйін де, жиһазын да құрап-құрап, ыңғайлы етіп жасай білген ата-бабамыздың өз дүниесін қазіргі балаларға ұсыну ниетімен осы «Жеті ойыншық» жобасын қолға алды.


7 ойыншық1.jpg


Бірінші бөбек — домбыра. Оны кішкентай балалар оп-оңай құрастырып, жинай алады. Екіншісі – әсем үй. Едендегі оюлары да құралады, үй де құрастырылады. Үшіншісі — кәдімгі киіз үй. Оны да балалар өздері құрайды, оның ішіне кіріп ойнайтындай дәрежеге дейін үлкейтсек деген жоспарымыз бар. Төртіншісі — мағыналы оюлар. Бесіншісі — әуенді бесік. Кішкене бесікке бала қуыршағын салып ойнай алады. Кішкене тетікті басқанда, бесік жыры шырқалады. Ол да —құрастырылмалы ойыншық. Алтыншысы — ұлттық саз аспаптары, балаларға ыңғайланып жасалған шертпелі, ұрмалы, соқпалы аспаптар. Жетіншісі — «Астана-Бәйтерек».


7 ойыншық52.JPG


Біздің ойыншықтарымызбен ойнаған бала ұлттық бұйымдар мен аспаптардың құрылысымен танысады, оюлардың мән-мағынасын көкейге түйіп өседі. Мысалы, «Бөбек домбыраны» құрастыра отырып, бала 11 бөлшектiң атын үйренедi. Ойыншықтарымыз ағаштан жасалады және қосымша кітапшалар да бар. Бала ойыншықты құрастыра отырып, бір шумақ өлеңді де жаттап алады. Бұл өлеңдерді де әкем шығарған. Ойыншықтардың өзі — ойнап жүріп, ойландыратын дүниелер.


Баланың ой-өрісін дамытуға, ұлттық құндылықтарды бала жасынан танып, зердесіне тоқып, тәрбиеленуіне керекті ойыншықтарды жасау арқылы ұлттық тәрбие беру ісін ілгерілетуді мақсат тұттық және осы бетімізден таймай, алда көптеген істі абыроймен атқарамыз деген ойдамын.


Мекен-жайы: seventoys.kz интернет-дүкені

Бағасы: 500 тг — ден басталады

Байланыс телефоны: 8 707 221 13 37




Aqpatsham постерлері


Ләйлә Махамбетова, менеджер, 31 жаста, туған қаласы - Орал

Ақнұр Омарова, дизайнер, 31 жаста, туған қаласы - Орал

Динара Ермекбаева, дизайнер, 31 жаста, туған қаласы – Алматы


Ләйлә. Бұл идея маған үш жыл бұрын баламды дүниеге әкелген кезде келген болатын. Біздің жанұямыз, ата-анамыз қазақша сөйлейтіндіктен, біз де балаларымызбен қазақша сөйлесіп, ән айтып, ертегі оқыдық. Балам өсе келе, оның бөлмесін безендіргім келді. Сол кездің өзінде де бөлмеде түрлі постерлер болған, оларды ғаламтордан сатып алып, үйге іліп қойғанмын. Бірақ, олар ағылшын тілінде болатын. Өзім де, жолдасым да ағылшынша білетіндіктен, бұл қалыпты еді. Алайда, баламның тілі қазақша шыққан соң, есі кіріп келе жатқанда оның бөлмесіне ағылшын постерлерін ілгім келмеді. Қазақшасын іздестіріп көріп едім, еш жерден таба алмадым.


ақпатшам2.jpg


Содан кейін оны өзім жасай алатыныма көзім жетті. Дизайнер құрбымның көмегімен алғашқы постерімізді жасап шығардық. Үйге келген қонақтар мен ата-анамыздан жақсы пікірлер естіп, көпшіліктің де көңілінен шыға алатын жаңа нәрсе екеніне сендік. Кейін жаңа сөздерді іздеп, Ақнұр екеуміз онға жуық постер дайындадық.


Кейіннен оларды жақындарымыз бен туыстарымызға сыйлап, инстаграм парақшасына орналастырдық, түрлі жәрмеңкелерге қатыстық.


Постер қарапайым зат болып көрінгенімен, ауқымды нәрсені, зор мағынаны қысқа сөздер арқылы жеткізе алатынымен еркешеленеді. Бұл — шетелде декор ретінде қолданыста жүрген заттың бірі.


ақпатшам.jpg


Ал «Ақ патшам» сөзі — біздің балалық шағымыздың естелігі, ата-әжелеріміздің бізді еркелеткен сөздерінің бірі. Постерлерімізде қазақ тілінің әдемілігі заманауи байсалды дизайнмен ұштасады.


Уақыт өте келе, біз тек постер жасаумен ғана шектеліп қалмай, бағытымызды өзгерттік. Біз енді бұл постерлерді әлеуметтік жоба ретінде дамытпақпыз.


Ақнұр. Үшеуміздің де үй безендіруге қатысты талғамымыз сәйкес келеді — минималистік заманауи стиль. Оған қоса бүлдіршіндерімізді қазақ тілінде тәрбиелеуді жөн деп санаймыз.


ақпатшам1.jpg


Өз үйімізді безендіруге кіріскенде минималистік стильде интерьерлік постерлер жиі кездесетінін байқадық. Олардың ғаламтордағы және сатылымдағы нұсқаларының барлығы дерлік шет тілінде еді. Сонда заманауи минималистік стиль мен қазақ тілін ұштастыру идеясы туды. Ләйлә — керемет менеджер, ал Динара екеуміздің қолымыздан ойымызды визуалды көрсету, дизайнын жасау келеді. Сондықтан, күшімізді біріктіріп, осындай жоба ашуды ұйғардық.


ақпатшам5.jpg


Постерлердің қазақша болуы — қазіргі жастардың қазақ тілінде әдемі әрі таза сөйлеп, тіліміздің байлығын ұрпағына үйретіп отырса екен деген ниеттен туындаған ой. Біз бұл дүниемізді тек заманауи тауар түрінде ғана емес, қазақ тіліне деген құрметті арттыруға үлес қосу үшін жасаймыз.


Динара. Постерлердің мәтіндеріне сүйікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділерді де қолданамыз. Заман өзгергенімен, үйде заманауи нәрселердің ішінде қазақы дүниелерге, тілімізге орын бар деген идеяны көрсеткіміз келеді.


ақпатшам4.jpg


Біздің санамызда қазақы дүниелер түсінігі тек алтын түстес жазулар мен оюлар болуы қажет деп қалыптасқан. Егер постерлер арқылы жастар арасында қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейсе, біз тек қуанамыз. Қоғамға кішкене болса да пайдамызды тигізіп жатсақ, мақсатымыздың орындалғаны болмақ. Бұл істі бастағалы, бір жарым жыл ішінде бізге Нью-Йорк, Дубайдан, Еуропадан да тапсырыстар түсті. Қазақтардың өзге елде жүрсе де, балаларына қазақ тілін үйретіп, елін ұмытпауы үшін біздің постер, магнит, ашықхаттарымызды алып жатқаны мерейімізді асырады.


ақпатшам3.jpg


Клиенттердің жеке ұсыныстарын да қарастыра отырып, әр постерді зор ізденіспен жасаймыз. Олардың көңілінен шығып, шын қуанғанын көргенде өзіміз де риза боламыз. Алдағы уақытта әлеуметтік жоба ретінде ауқымын кеңейтіп, ісімізді жалғастырғымыз келеді. Қазірдің өзінде қосымша балалардың туған күн кештерін безендірумен айналысамыз. Алға қойған мақсат, жоспарларымыз көп.


Мекен-жайы: Алматы қ., Самал-2 ш.а., 111, Dostyk Plaza СОСО, Experimentarium дүкені, Абай д. Мен Әуезов к. қиылысы, «Глобус» СОСО, Brossocks дүкені

Бағасы:

Постерлер — 2000 — 5500 тг

Ашықхаттар — 200 — 400 тг

Магниттер — 600 — 800 тг

Байланыс телефоны: 8 701 346 57 43




Ұлттық стильдегі алжапқыштар


Айгуль Дусшанова, 33 жаста, кәдесыйлар дизайнері, туған қаласы – Астрахань


Бүгінде ұлттық стильдегі алжапқыштарымыз әлемнің 34 еліне таралған. Көбінесе, Наурыз мерекесіне, кондитерлер түрлі шеберлік сыныптарына киюге алып жатады. Қазір көк және қою шие түсті алжапқыштар бар. Көк түстісі жас қыздарға арналған болса, қою шие түстісі орта және егде жастағы әйелдерге арналған.


фартук1.jpg


Көпшілікке ыстық ыдысты ұстауға арналған ас үй қолғабына қолдың суретін салу идеясы қатты ұнады. Қолға кигенде әйелге де, оның айналасындағыларға да көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.


Шетелдік сатып алушыларымыздың басым көпшілігі – бір кездері Қазақстанда тұрған өзге ұлт өкілдері. Олар осы алжапқыштар арқылы өз балалық шағы өткен жерді, оның мәдениеті мен тұрмысын сағынышпен еске алып отырады.


фартук2.jpg


2015 жылы алжапқыштың екі түрін шығардық. Оның дизайнын жасау үшін бір жылдай жұмыстандық. Қандай сурет саламыз деп көп ойландық, сапалы матаны таңдадық, түсі өңбейді, тігісіне де аса мұқият қарадық. Биылғы жылдың соңына қарай тағы да екі түрін шығарғалы отырмыз. Біреуі ұзату тойына арналған той стилінде болса, екіншісі күлгін түсті, заманауи стильде болады.


фартук.jpg


Алғашқыда бұл жиынтықты 8 Наурыз мерекесіне арнап шығарғымыз келгенмен, үлгермедік. Сөйтіп, Ұлыстың Ұлы күнінде 30 алжапқыш шығардық. Мереке күндерінде бәрі бірден сатылып кетті. Содан кейін біз халыққа мұның керек екенін түсіндік. Әсіресе, енелер келіндеріне сыйлық ретінде сатып алуда. Себебі, мұнда белгілі бір дәрежедегі әсемдік пен адамның жүзіне күлкі үйіретін нәрсе бар. Материалы мен стилі өзгеше болғанмен, қазақтың ою-өрнегі қашанда сәнде болады деп ойлаймын.


Мекен-жайы: Достық к., 20, «Санкт-Петербург» БО, 1506 кеңсе

Бағасы: 6500 тг (алжапқыш және ас үй қолғабы)

Байланыс телефоны: 8 702 189 97 52

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.