facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
90-zhyldardy-k-s-pkerler-aybar-dzhaniyazov-atyrauda-b-r-nsh-zheke-mensh-k-ona-yd-alay-ashuy-zh-ne-biznespen-25-zhyl-boyy-aynalysuy-turaly
logo
90 жылдардың кәсіпкерлері. Айбар Джаниязов Атырауда бірінші жеке меншік қонақ үйді қалай ашуы және бизнеспен 25 жыл бойы айналысуы туралы
Мамандықтар

08.05.2018

90 жылдардың кәсіпкерлері. Айбар Джаниязов Атырауда бірінші жеке меншік қонақ үйді қалай ашуы және бизнеспен 25 жыл бойы айналысуы туралы

Айбар Джаниязов, 25 жаста, қонақ үй қызметтер мен құрылыс саласы, «Диар Строй Атырау» компаниясының құрылтайшысы



Жолы неден басталғаны туралы



Бизнеспен 90-шы жылдары айналыса бастадым. Ол кезде мұны бизнес деп атау қиын еді, бұл трансферлік қызмет болды.

A_Q_10065.jpg


Жасым 18, мектепті енді бітірдім, 90 жылдардың басы, Кеңес Үкіметінің құлауы. Барлық ағаларым ұшқыш болды, мен де олардың артынан барамын деп шешіп, Киевтегі ұшқыштар оқуына бардым. Физика мен математика емтихандарынан құлағаннан кейін үйге оралып, әскерге дайындала бастадым. Уақытты босқа кетірмеу үшін бірдеңемен айналысам деп шештім. Достарымның көбісі басқа қалаларға кеткен, олармен хабарласып, қалаларында не сатылатыны туралы сөйлестік. Достарымның бірі Ростов облысының Новочеркасск қаласына оқуға көшіп кетті. Мен оған барған кезде, сатылымда сағыздар, Snickers, жаңғақтар болды. Екі дорба мен екі сөмкеге сиятындай тауар сатып алдым. Үйге алып келіп, достарымның арасында тез сатып жібердім. Осыдан кейін төрт ай ішінде жақсы көтерілдім. Бірақ ата-анам бизнеспен айналысуыма қарсы болды. Бізді «коммерсанттар» немесе «спикулянттар» деп атады. Ол кезде бандиттер мен рэкиттер көп болған соң, ата-анам уайымдады. Ал мен өз ақшам болғанын және материалдық тұрғыдан тәуелсіз болуды қаладым.

Осылайша түрлі тауарларды әкеле бастадым: кез келген нәрсе, бастысы сатылатындай


Осылайша түрлі тауарларды әкеле бастадым: кез келген нәрсе, бастысы сатылатындай. Сол кезде өзімнің айналымдағы ақшама екі жарым жәшік Snickers сатып ала алдым, ал ол өте қымбат тұрды. Тағы бір жыл осылай жүргеннен кейін мені әскерге шақырды. Медициналық комиссиядан өтіп, достарымды шығарып салуға шақырдым. Келесі таңда облыстық военкоматқа барған кезде «жергілікті» жігіттерді кездестірдім. Ол кезде жақсы табыс тапқаннан кейін, жақсы киініп жүрдім: джинсы, күрте, кроссовки. Ол жігіттер еш нәрсемді алмай, военкоматтың орнына ауруханаға түсетіндей қатты ұрды. Бір жарым айдан кейін ауруханадан шыққан кезде әскерге шақыру аяқталған еді. Мен бизнеспен ары қарай айналысуды жалғастырдым.

Ол кезде затты бір рубльге сатып алып, оны он рубльге сататындай уақыт болды


Екі жылымды поездарда өткіздім: алдымен Ростовқа бардым, кейіннен Астраханьға. Ол кезде затты бір рубльге сатып алып, оны он рубльге сататындай уақыт болды. Бірақ екі жылдан кейін мен шаршадым. Айналымдар ұлғайып, тауарды әкелу мүмкін болған жоқ. Егер бұрын бір сөмкемен келсем, кейінірек он сөмкеден әкеле бастадым. Әкелген тауарларымды дүкеншіктерге тапсырып отырдым. Олар бағасын бес есе көтеріп, адамдарға сата бастады. Сонда енді тауарларға бармай, киоск ашатанымды шештім. Біріншісін, екіншісін, үшіншісін аштым, осылайша қала бойынша сегіз киоск пайда болды. Енді бұрынғыдай мен сияқты коммерсанттар келіп, тауарларын маған өткізді, ал мен оларды сатып отырдым.



Дүкендер, кафе және қонақ үйлер туралы



Бизнесте жүргеніме 25 жыл.

90-шы жылдары жұмыс істеу қиын болды. Мен киосктар жақында жабылатынын түсіндім. Киосктерде алкогольді сатуға тыйым салынатыны туралы заң шыққаннан кейін дүкендер аша бастадым. Мен дамытқан тағы бір бағыт — қонақ үйлер болды. Сол жылдары Атырауда «Ақжайық» деген жалғыз үлкен мемлекеттік қонақ үй болды, ол қазір де бар. Маған ғимараттың бірінші қабаты түсті, ол жерде алдымен шаштараз аштым, кейіннен фотосалон, ал сосын бөлмелерді жалға бере бастадым. Қонақ үйге деген сұраныс үлкен болғандықтан үйдің жоғарғы қабаттарын сатып алдым. Осылайша менің әлі күнге дейін жұмыс істейтін «Диар» деген бес этажды қонақ үйім пайда болды. Ол Атыраудағы ең бірінші жеке меншік қонақ үйі болды.

Егер оны өзім жасап, одан ақша тауып, өзім қолдана алсам маған керек заттарға ақша жұмсаудың қажеті жоқ деп өзім үшін шештім


Егер оны өзім жасап, одан ақша тауып, өзім қолдана алсам маған керек заттарға ақша жұмсаудың қажеті жоқ деп өзім үшін шештім.

Қонақ үй үшін маған жиһаз керек болды. Ол қымбат болғаннан кейін басында оны қолдан алатынмын. Кейіннен өзімнің жиһаз компаниясын ашуды шештім.

Осылайша менің әлі күнге дейін жұмыс істейтін «Диар» деген бес этажды қонақ үйім пайда болды


Ары қарай қонақ үйлерді салу үшін құрылыс компаниясын аштым. Осы жылы сегіз қабатты қонақ үйді ашқалы жатырмын — саны бойынша бесінші қонақ үйім.

Құрылыспен айналысу үшін арнайы техникаларды алу керек. Арнайы техникаларды ала бастаған кезде транспортты компаниям пайда болды. Құрылысты бүкіл жыл бойы жүргізбейміз, сондықтан техниканы жалға беріп отырамыз. Менде ТШО мен Карабатандағы мұнай компанияларына қызмет көрсететін 120 бірлікке жуық техникам бар.

Сосын жарнама керек екенін түсіндім. Менде сыртқы жарнама агенттігі пайда болды.

A_Q_10040.jpg

A_Q_10034.jpg


Өткен жұмада серіктестерімізбен кірпіш, қаптау тас, тақта, жиектас, жалпы 40 астам бұйымдарды өндіретін толығымен автоматтандырылған желіні іске қостық. Үлкен көлемде жұмыс жасай алатын жабдықтарды сатып алдық.

Аң аулаумен айналысамын, бірде маған демалыс базасын сатып алуды ұсынды. Өте қызық болды, себебі ол жерде аңшыға қажет барлық нәрсе бар екен. Енді бізде стендтік ату үшін алаң, иттер, жылқылар және тағы басқалары бар. Бұл жерді жан үшін аштым. Аңшылыққа көбінесе транспортпен барамыз. Достарымызбен сөйлесіп, ата-бабаларымыз секілді аңшылыққа иттермен, жылқылармен неге шықпасқа деп ойландық. Жылқыларды сатып алып, оларды үйреттік, сондай-ақ жылқы спорттық клубын аштым.

geometria-63364023-photo.jpg


Белсенді болуға тырысып жатырмын және спортпен әлі күнге дейін айналысамын. Үлкен тенниспен айналысатынымды шештім, ал біздің Атырауда ол кезде кішкентай корт болатын және ол жерге өту қиын болды. Сол себепті теннис кортын салдым.

Жобаларым әрдайым сәтті болмайтын. Бір ретте Алматыға келіп, Горький саябағында серуендеген кезде попкорн сатып жатқанын көрдім. Мен де Атырауға попкорн әкелетінімді шештім. 5 аппарат және 50 қап жүгері сатып алып, ол кезде кинотеатр мен саябақтар болмағандықтан, оларды базарларға орналастырдым. Атырауда жел, сол себепті барлық жүгері шаң болды. Сондықтан кез келген істі орналастыру жеріне байланысты жасау маңызды.



90-шы жылдар туралы



geometria-64137427-photo.jpg

Қазірге кездегі бизнес пен 90-шы жылдардағы бизнес барлық жағынан ерекшеленеді. Ол кезде бәсекелестік болған жоқ. Тауарды алып, жақсы жерге тұрып, сата беруіңе болады. Кемшіліктері — инфрақұрылым, заңнамалық база болған жоқ, адамдар бизнестің не екенін түсінбейтін. Тіпті ақшаны қауіпсіз аудару мүмкін емес болды. Сондықтан 90-шы жылдар мені ешкімге сенбеуді үйретті. Менің ойымша, менімен жасты бизнесмендердің көбісіне қазір заңнамалық база, шоттар бар екені және бірдеңе болған жағдайда соттасып, тауып алу мүмкіндігі ұнайды. Ол кезде Жабайы Батыс болатын. Қазір бәрі жеңілдірек, бірақ үлкен кемшілік — бәсекелестік. Оңтүстік Қытай, АҚШ, Еуропада жиі боламын және біздің нарығымыз бос екенін түсінемін. Көптеген жас балалар «Немен айналысатынымды білмеймін, барлығы бар», — деп жатады. Шын мәнінде көп ұзамай жаңа компаниялар, идеялар, бағыттар пайда болады, сол кезде сол балалар «Қап, бір кездері мен де осымен айналысқым келген, осыдан ақша табу мүмкін еді ғой», — деп айтады. Қазіргі уақытта Қазақстанда алға дамытатын көптеген бағыттар бар. Сол мейрамханалар мен қонақ үйлерді одан сайын жетілдіруге болады. Қазақстан — көп жұмыс істеп, бизнес аша алатын жер. Он жылдан кейін барлығы қиындау болады.



Өмірлік принциптер туралы



Мен бумеранг принципіне сенемін. Егер адамдар саған жақсы қарап, бағалап, жақсы көргенін қаласаң — махаббат пен жақсылықты өзің сыйла.

Жылауықтар мен пессимисттерді жақсы көрмеймін. Барлық қызметкерлерім оптимист, мен де сондаймын.

Ең бірінші, мен үшін әдептілік маңызды. Жұмыста әрдайым «Достар, бір нәрсені түсінбей жатсаңыздар қорқынышты емес, бастысы менің тобымда әдепті адамдар бар», — деп айтамын. Әдептілік — бұл өз ішіне адалдық, тәртіп, үлкендерге деген қатынасты үйлестіретін терең сөз.

Жылауықтар мен пессимисттерді жақсы көрмеймін


Бизнесте нарыққа байланысты жұмыс істеп, адамдарға не керек екенін түсіну керек.

Менің объектерімде құрылыс пен жөндеу жұмыстары ешқашан бітпейді. Көптеген атыраулық бизнесмендер мейрамхананы салып, жылдар бойы оның ішінде ештеңе өзгертпейді. Бұл дұрыс емес, себебі уақыт өтіп, барлығы өзгереді. Мен мынандай тәсілді қолданамын — аштың ба, оны дамытып, жөндеу жұмыстарын жасап, мәзірді жаңарту керек. Ал бұны көріп, түсіну үшін жиі саяхаттау керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.