Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
9-zhyldan-astam-ua-yt-b-ryn-a-sh-pen-norvegiya-a-k-sh-p-ketken-3-aza-standy-ty-o-i-a

9 жылдан астам уақыт бұрын АҚШ пен Норвегияға көшіп кеткен 3 қазақстандықтың оқиға
7068

26.06.2017

9 жылдан астам уақыт бұрын АҚШ пен Норвегияға көшіп кеткен 3 қазақстандықтың оқиға

Айгүл Жолдасова


38 жаста, Project Costcontroller (жобаларда экономист), туған қаласы — Атырау, тұрғылықты қаласы — Осло, Норвегия


Ослода 2007 жылдан бері тұрады


Мен Қазақстаннан Ослоға 10 жыл бұрын, 2007 жылы көшіп келдім. Ол кезде Атырауда норвегиялық мұнай компаниясында жұмыс істеп жүрдім және мені компания арасында тәжірибе алмасу үшін екі жыл Ослода жұмыс істеуге шақырды. Кейін 2009 жылы дағдарыс орын алып, біз әлем бойынша филиалдарымызды жаптық. Сол жылы Норвегияда қалу туралы ұсыныс түсті, мен де ұсынысты қабыл алдым.


022.JPG


Жаңа орын мен өмір сүру салтына ұзақ үйреністім. Маған бұл жерде бәрі: тамақ, адамдар, адамдар арасындағы қарым-қатынас дұрыс емес деп ойладым. Алғашқы екі жыл мен үшін жаман болды, «Бұл уақыт тез өтіп, Қазақстанға қайтып оралсам ғой» деп ойлайтынмын. Отбасым мен достарымды қатты сағындым. Себебі, Норвегиядағы адамдармен салыстырғанда біздегілер өте ашық келеді.


Қазір жылына 2-3 рет Қазақстанға ұшып тұруға тырысамын. Соңғы рет туған жерімде биыл сәуірде болдым. Әкем мен студенттік кездегі достарым Алматыда, тәтем Астанада, қалған туыстарым Атырауда тұрады. Сондықтан, жылына үш рет осы қалаларға ұшуға тырысамын.


Тұрақты түрде қазақтсандық газеттерді оқып тұрамын, оның ішінде атыраулық «Ақжайық» газетін оқимын. Сондай-ақ, Instagram мен Facebook әлеуметтік желілерінен қазақстандық блогерлер: Ержан Рашев, Айдос Сырым және Асель Баяндарованы оқимын.


IMG-20170530-WA0005.jpg


IMG_2361.jpg


Норвегияда адамдардың, болашақ сәбилердің өміріне қажетті жайлы жағдай жасауға, инфрақұрылымды дамытуға өте көп қаржы бөлінеді. Өкінішке орай, шетелде біраз уақыт тұрғаннан кейін Қазақстандағы кейбір салаларды жақсарту қажет екенін түсіндім, бізде көп қаржының текке кететінін көрдім. Ал жағдайды түзету үшін ең кішкентайынан бастау қажет. Әр тұрғын өзінен, өз өмірінен бастауы тиіс. Мысалы, тек өз үйлерін қоршап, абаттандырып қана қоймай, кіре беріс пен аула, көшелерге де қарау керек.


Мен Қазақстанды сағынамын. Келесі жылы жолдасым екеуміз тойымызды Қазақстанда жасамақпыз, мен 30-50 норвегиялықты өзіммен ертіп келемін. Оларға Қазақстанды көрсеткім келеді. Ештеңеге қарамастан мен өз еліммен мақтанамын, егер біреу елім туралы жаман нәрсе айтса, мен жедел түрде жауап қатамын.



Думан Кыдыков


27 жаста, Product Engineer (мұнайды қайта өңдейтін шаруашылықта клапандар жасау бойынша инженер), туған қаласы — Алматы, тұрғылықты қаласы мен елі — Хьюстон, Техас штаты, АҚШ


Хьюстонда 2008 жылдан бері тұрады


received_10211746074781561.jpeg


Қарапайым естілгенімен, мен шетелде оқуды армандап, алдыма мақсат қойдым. Бұл арманым 2008 жылы жүзеге асты. Мектепті аяқтап, Америкаға оқуға аттандым. Ағылшын тілін жетік білген жоқпын және бәрін тіл курстарынан бастадым. Ағылшын тілі курстарын тәмамдаған соң «Қаржыгер» мамандығы бойынша оқыдым, алайда бұл бағдарламаның ортасына келген тұста бұл мамандықтың менікі емес екенін түсіндім де, мамандығымды өзгерттім. 2016 жылы Хьюстон Университетін бітірдім, mechanical engineering (механикалық инженерия) мамандығы бойынша диплом алдым.


Америкадағы өмірге бейімделу қиын болған жоқ, бұл үдеріс екі жылға жуық уақытқа созылды. Алғашқы жылдары ТМД елдерінен келген отандастарымызбен ғана араластым, сенсеңіз, Хьюстонда біз көп екенбіз. Кейін әйелім екеуміз тек қазақ және орысша сөйлейтіндерді топтастырып, өзіміз алшақтаймыз деп шештік. Сол кезде менің америкалық өмір салтына бейімделу кезеңім басталды. Әр түрлі студенттік ұйымдарға жазылдым, университет үшін теннис ойнай бастадым, америкалық футболды жақсы көріп кеттім. Мен американдықтардың мәдениеті мен араласатын топтарына ене бастадым. Нәтижесінде айналамдағылар қазір мені бір көргеннен шетелдік емес, өздерінің адамы деп есептейді. Бұған өте қуаныштымын, мен мәдени және тілдік барьерді жеңе білдім.


received_10211746073781536.jpeg


Қазақстанда анам мен бауырым, әйелімнің ата-анасы мен туыстары қалды. Олар мүмкіндігінше АҚШ-қа келіп тұрады. Соңғы рет Қазақстанда 2008 жылы Алматы қаласында болдым.


Қазақстаннан шыққандар шетелде тұрып, біз туып өскен елге деген пікірін өзгертетіні туралы менімен келіседі деп ойлаймын. Көбінесе, неге бізде мұндай жоқ немесе неге бізде олай емес деген ой келеді. Әсіресе, бұл алдыңғы технологиялар, Ғаламтор мен әлеуметтік желілер дәуірінде өсіп, есейіп келе жатқан ұрпаққа қатысты. Олар дамыған елдердің өмір салтын көреді және бұл оларды өсуге, өзін-өзі дамытуға ынталандырады.


received_10211746074221547.jpeg


Қазақстандағы жаңалықтарды оқып отырамын, алайда жаңа жобалардың көптігінен көбінесе реті келе бермейді. Қазақстаннан кеткен кезден бері еліміз жақсы жағына қарай өзгерді. Фотосуреттерден жаңа мейрамханалар, жолдар, ТК, сауда орталықтарының салынғанын, Алматыда көрікті жерлердің жаңарып жатқанын көрдім. McDonalds, Burger King, Starbucks, KFC сияқты әлемдік франчайзингтік компаниялардың Қазақстанның маркетін кеңейтіп жатқанын көріп қуандым. Бірақ, жаман жақтарын да көрдім. Көлік саны артып, тұрақтардың кеңеймей жатқаны. Көлік иелеріне аса ыңғайлы көп қабатты тұрақтарды көргім келеді. Ірі қалалардың ортасында жақсы тас жолының болмауы да көңілімді түсіреді.


Қазақстан — менің туған елім, мен оны сағынамын, оның халқын, жылылығы мен қонажайлылығын, сонымен қатар алматылық тауларды сағынамын. Әйелім екеуміз де қазақпыз, сондықтан айына бірнеше рет мәнті, ет немесе палау дайындап, оны сүт қатқан шәймен ішеміз.



Ербол Есқалиев


33 жаста, IT, Conoco Phillips мұнай компаниясы, туған қаласы — Арқалық, тұрғылықты қаласы — Сан-Франциско, Калифорния, США


Сан-Францискода 2003 жылдан бастап тұрады


2003 жылы Атыраудағы америкалық мұнай компаниясында жұмыс істедім. Ол жерде бір жыл жұмыс істеп, АҚШ-қа, Калифорния штатына еңбек демалысына бардым. Бір-екі апта өткен соң ата-анам Америкада қалып, жоғары білім алуыма көндірді. Жұмыстан шығып, америкалық университет дипломының жолын бастадым, ата-анам мені баспанамен қамтамасыз етті және оқуда жетістікке жету үшін барлық жағдайды жасады, менің оларға деген алғысым зор.


Көшіп келгенде ағылшыншам нашар болатын, аспаздық саласында жұмыс іздей бастадым, себебі бұл менің хоббиім болатын. Ірі мейрамханалар қабылдаған жоқ және Subway фастфуд-мейрамханасына тоқталдым. Subway-де тоғыз жыл жұмыс істеп, бейімделіп, ағылшынша сөйлейтін дәрежеге жеттім, испан тілін де аздап үйрендім. Алғашқы жылдың соңына қарай мұнай-газ саласында жақсы жұмыс таптым.


Vatican.JPG


Америкалық өмірдің рахатын көрдім, алайда елімді, туыстарым мен достарымды қатты сағындым. Ол кезде 20 жаста едім, ұйықтай алмай, достарымның «Пирамида» мен «Адмирал Нельсонда» сайран құрып жүргендерін елестеттім. Бұл біздің Алматыдағы сүйікті клубтарымыз болатын. Жастығымды Алматыда өткіздім, әлі күнге дейін бұл қала менің жүрегімде ерекше орын алады.


Алдымда мақсат болды — америкалық білім алу, ал ол қымбат тұратын. Америка күлімдеген халқына қарамастан, қатыгез ел. АҚШ-та: «If it’s not about the money, it doesn’t make sense» деген мәтел бар. Аударып түсіндірсек: «Ақша — бәріне бас». Американы дәл осылай сипаттай аламын. Мұндағы өмір «дөңгелектегі ақуыздар» концептісіне сай — маған жұмыс істеу керек. Бастысы — табыс, Криемний алқабында жаңа технология жасап жүрсің бе немесе Сеңгір тауларынан газ өндіресің бе бұл маңызды емес. 2009 жылы Operations Management мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом алдым.


Oahu, Hawaii.jpg


Америкада қысқа уақыт болған әр түрлі ел қонақтары оның өмір деңгейі мен әртүрлілігіне таң қалады. Алайда, қонақ болу мен бұл елде тұру — екі түрлі нәрсе. Мамандығымның арқасында алты жыл бойы іссапармен АҚШ-тың түкпір-түкпірінде болдым, Вашингтон штатынан Вашингтонға, Колумбия округіне дейін. Америкалық отбасының өмірі бір қалыпты. Туған күндер де басқа мерекелер сияқты өтеді: саябақ, торт, хот-дог, шарлар. Мұндай үлкен елде мегаполис-қалалар бар, қалғаны бір қабатты Америка. Кейбір қалаларда «Волмарт» супермаркеті бар — бұл ақша табу мен мәдени уақыт өткізу орны.


Мұнда өмір сүрген уақытымда жергілікті достар таптым, жерлестермен де араласып тұрамын. Қазақстаннан келген қонақтарды қуана қарсы аламын, тіпті Сан-Францискода арнайы бағдарым да бар. Ғаламтордың арқасында және байланыс түрлерінің арқасында Қазақстанда болып жатқан нәрселерден хабардар болуға тырысамын.


Bellagio Las Vegas.JPG


Қазақстанда кем дегенде жылына бір рет болуға тырысамын. Жұбайым екеуміз келесі еңбек демалысын қайда өткізетінімізді ойластырғанда Гавай аралдарында немесе Парижде болуды ойлаймыз да, Шымбұлақта кәуап жейміз.


14 жыл ішінде Қазақстан жақсы жағына қарай өзгерген. Экономика, әлеуметтік сала мен мәдениет бойынша даму бар. Болашақта Отаныма оралып, елімнің дамуына үлес қоссам деймін.