facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
6-zhyl-shymkentte-t-r-an-kanadaly-azamatsha-d-md-lagman-men-zherg-l-kt-zhal-a-berush-lerd-b-rt-rl-l-g-zhayly
logo
6 жыл Шымкентте тұрған, Канадалық азаматша дәмді лагман мен жергілікті жалға берушілердің біртүрлілігі жайлы
Таңғажайып Қазақстан

22.01.2018

6 жыл Шымкентте тұрған, Канадалық азаматша дәмді лагман мен жергілікті жалға берушілердің біртүрлілігі жайлы


Қала туралы



Қазақстан — мен жұмыс істеп жатқан төртінші мемлекет. Шымкентке 2010 жылы «Мирас» университетіне ағылшын тілі мұғалімі ретінде келіп, 2016 жылға дейін тұрдым. Қала туралы алғашқы ойым — мұндағы аспан бұлтсыз және сиқырлы.

DSC_0041.JPG

Шымкентте қоғамдық көлік жүйесі жақсы дамыған. Маған Монреальға қарағанда осындағы жүйе ұнайды. Шымкент қарқынды дамып келе жатыр. Инфрақұрылымы менің көз алдымда алты жыл бойы жақсы дамып келеді. Өкінішке орай, қаланың шетінде жарықтандыру және канализация жүйесіне қолжетімділік жоқ. Бірақ қала жақсы жаққа тез өзгеріп отырады.

Мен жергілікті саябақтарда және Кошкарата өзенінің жанында уақыт өткізгенді жақсы көрдім.


Баспана жайлы



Мен қаланың қақ ортасында тұрдым. Баспана іздеуде қиындықтар мүлдем болған жоқ. Шымкентте толық жиhазбен жабдықталған пәтерлерді тиімді бағалармен табуға болады. Тек мен үшін ғана емес, көптеген шетелдіктер үшін де таңқаларлық нәрсе — кез келген уақытта үйге пәтер иесінің келуі. Батыста мұндайға жол берілмейді. Ақша төледім ба, яғни ол пәтер менікі. Жалға алушы пәтерге заңсыз кіргені үшін сотқа тартылуы мүмкін.


Коммуналды қызметтер туралы



Қазақстанда ұялы байланыс пен интернет Канададағыларға қарағанда жақсы және арзанырақ. Канадада ұялы байланыс пен интернет — әлемдегі ең нашар және ең қымбат. Шымкентте мен екі бөлмелі пәтерде тұрып, коммуналдық қызметтер үшін айына 3000 теңге төледім. Ұялы байланысқа шамамен 1000 теңге кететін, ал интернетке айына шамамен 4500 теңге төлейтінмін.


Тағам жайлы



Мен сіздердің лагмандарыңыз бен нандарыңызды қатты жақсы көремін. Қаймақ, бал және брынзаның дәмі тіл үйіретін. Мен вегатарианкамын, сондықтан ұлттық тағамдарды жегенім жоқ. Маған тауық сорпасында жасалған етсіз плов ұнайтын.

26855741_1129376160498050_935641217_n.png

Мейрамханалардан маған «Мадлен», «Караван» және басқа да көптеген жерлерге барған ұнайтын.


Сатып алулар жайлы



Әдетте киімді Оңтүстік-Шығыс Азияда сатып аламын. Мен кішкентаймын, сондықтан әлемнің көптеген бөліктерінде менің өлшемім өте қиын. Бірақ менде Қазақстанда тапсырыс беріп тіктірген киімдерім бар, олар өте арзан бағаға түсті.


Айырмашылықтар туралы



Егер біздің елдеріміз арасындағы негізгі айырмашылықтар туралы айтатын болсақ, онда Канадада «бакшеш» деп аталатын мәселе — ақшаның көмегімен проблемаларды шешуге жол бермейді. Сыбайлас жемқорлық тек бай адамдар мен үкіметте ғана кездеседі. Мен аздап ақша қаражатының көмегімен елдегі барлық нәрселер туралы келісе алатыныңызды түсінгеніме таңқалдым. Әрине, бұл маған көп әсер етті. Менің сыбайлас жемқорлық туралы тұжырымдамаларым, сондай-ақ үкімет туралы ұғымым өзгерді.


talking about literature.jpg

Алдымен қазақ тілін орыс тілінен ажырату қиын болды. Бұған қоса, мұғалім ретінде мен семестрдің басына дейін нақты сабақ кестесі мен оқу жоспарының жоқтығына үйрендім.


Адамдар туралы



Мен Квебектенмін, сондықтан этносымның дәстүрі мен мәдениеті сіздерге жақын. Мен сіздердің патриотты сезімдеріңіз бен қазақ тіліне деген ерекше көзқарастарыңызды түсінемін, себебі Квебекте де осындай жағдай қалыптасты. Бұрын біздің отбасыларымыз да көпбалалы еді. Мысалы, анам 15 баланың ең үлкені. Квебек тұрғындары, қазақстандықтар сияқты, мейірімді: адамдар суықта өмір сүрсе, адамдар көшеде қалдырса, өліп қалуы мүмкін. Осылайша Қазақстан Канададан алыс менің үйім болды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.