facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
30-my-te-gege-sayahat-a-baru-a-k-mekteset-n-9-telegram-kanaly
logo
30 мың теңгеге саяхатқа баруға көмектесетін 9 Telegram-каналы

23.08.2018

30 мың теңгеге саяхатқа баруға көмектесетін 9 Telegram-каналы

PassOnBoard

Адлердан бастап Испания мен Въетнамға дейін барлық бағыттарға ең арзан сапарлар. Күнделікті топтамаларда 9 %-дан 55 %-ға дейінгі жеңілдіктермен сапарлар бар.


Миша в пути

Таңғы астарда дәмді үнемдеу, ауысып отыру кезіндегі тегін отель алу және тұрғын үйді броньдау кезіндегі 10 % кешбэкты қайтару туралы канал. Бастаушы турист бұл жерде көп пайдалы ақпарат таба алады.

Travelradar

Күнделікті арзан әуебилеттері мен сапарларды жариялайтын канал. «Радар» лайфхактармен, travel-жаңалықтармен бөліседі және сайттардың бұзылуы туралы хабарлайды. Қолайлы әрі қымбат емес кез келген демалу туралы сіз дәл осы жерде біле аласыз.


Travelhaks

Антарктидаға ыстық сапарлар, Нью-Йоркке сапар шегу үшін бюджетті есептеу және әуекомпаниялардағы жаппай сату туралы ескертпелер. Мұнда Боливиядан АҚШ-қа дейін кез келген елдердегі өмір туралы мақалалар, пайдалы каналдар мен сайттар топтамалары мерзімді түрде шығып тұрады.

Time to travel

Кең бағыттағы канал отельдегі жеңілдіктерді қамтиды, сондай-ақ әуекоманиялар бағыттары мен тиімді сапарлар туралы жаңартуларды жариялап отырады. Қаласаңыз, итальяндық поездардың билеттеріне жеңілдік туралы хабар таба аласыз.

AirTrack

Бұл бот оңайлықпен берілген бағыт бойынша ең арзан әуебилеттерін таба алады. Тек ұшу жері, күні және белгіленген пункт жайлы ақпаратты көрсетсеңіз, бот бір минут ішінде сәйкес ақпаратты тауып, бағалар өзгерген жағдайда хабарламаларға жазылуға ұсынады.

Travelclever

Саяхат, Берлиндегі өмір және велосапарлар туралы канал. Сіз мұнда Берлин бойынша ең толық гидті тауып қана қоймай, сондай-ақ Еуропа бойынша велосипедпен саяхаттауға дайын адамдарға арналған көптеген кеңестер таба аласыз. Сонымен қатар, автор назар аударуға тұрарлық мейрамханалар мен көрнекті жерлер туралы ескертпелермен бөліседі.

100500miles.ru

Канал тек екі адамға ғана емес, сондай-ақ бір адамға да арналған арзан сапарларды тауып алуға көмектеседі. Әуекомпаниялардың біркүндік акциялары, Booking.com қолданушылары үшін жеңілдіктер және жолсерік іздестіру — барлығы қымбат емес әрі қызық саяхат үшін.

Трэвелхакер

Саяхат, қашықтықтағы жұмыс, шетелдегі өмір туралы канал. Мұнда бағасы 10 000 теңгеге дейін билеттер, саяхаттаушыларға арналған басты сайттардың пайдалы жаңалықтары және әуекомпаниялардың өзекті промокодтары, жеңілдіктері және акциялары туралы ақпарат таба аласыз.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.