Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
3-zhas-maman-bayandamasy-astanada-d-r-gerler-ansha-a-sha-tabady

3 жас маман баяндамасы: Астанада дәрігерлер қанша ақша табады
3176

13.10.2017

3 жас маман баяндамасы: Астанада дәрігерлер қанша ақша табады

Азада Алиева , 29 жас, туған қаласы – Шымкент,ШЖҚ-дағы МТК-нің «№10 Қалалық ауруханасының» учаскелік терапевті


Егер аурухананы ғана алсақ,дәрігердің тұрақты еңбекақысы –дәрежесі жоқ мамандарда шамамен 56 000 теңге,тағы қосымша аурухана учаскелік үшін ақша төлейді – бұл шамамен 25 000 теңге. Сол 25 000 теңгеге қосымша үстемақытөленеді,бұл психоэмоциялық жүктеме үшін. ЖНҚК – бұл учаскелік дәрігерлер көрсеткіштерінен негізделіп алынатын қоздырғыш компонент. Көрсеткіштер арасында:аналық, балалық шақ, скринингтер және тағы басқа,және егер толығымен учаскені алсақ,осы компоненттерінің барлығы қосылады да,нәтижесінде белгілі бір пайыздар шығады. ЖНҚК 20 000 да, 40 000 да, 60 000 да бола алады – бүкілі нақты уақыт аралығындағы белгілі учаскенің көрсеткішіне байланысты.


азада.jpeg


Егер дәрігерде отбасы,бала болмаса,ол біліктілігін арттырмаса, оқуға бармаса, оның еңбекақысы оған жеткілікті болады. Бірақ егер дәрігердің отбасысы,міндеттері,балалары болса,сонымен қоса жас мамандардың бүкілінде өз үйі бола бермейді, осындай жағдайда ,әрине, бұл төлем ақы жетпейді.


Кеңес кезінен бастап осындай анекдот бар: «Неге дәрігер 1,5 мөлшерлемеде жұмыс істейді? Себебі бір мөлшерлемемен өмір сүруге ақша,ал екі мөлшерлемемен уақыт жетпейді». Сондықтан қосымша жұмыс істеу қиын. Менің тәжірибеме негізделсек, мен 2015 жылы ауруханада да, стационарда да жұмыс істедім, бұл физикалық тұрғыда өте қиын болды. Себебі ауруханада жұмыс күні тұрақталмаған – таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін,не таңғы ауысым,не кешкі ауысым,үйге шақырулар,учаскелік терапевтер дайындайтын медициналы-қоғамдық экспертизалар,госпитализациялаулар. Негізгі жүктеме бастапқы буындарға – учаскелік терапевтерге жүктеледі. Сондықтан жұмыстарды қиыстыру өте қиын, шамамен 20 сағат бойы жұмыста болу керек.


Егер аурухананы ғана алсақ,дәрігердің тұрақты еңбекақысы – бұл дәрежесі жоқ мамандарда шамамен 56 000 теңге,тағы қосымша аурухана учаскелік үшін ақша төлейді – бұл шамамен 25 000 теңге


Маған менің мамандығым ұнайды. Бала кезімнен бастап мен осы мамандыққа қарай қозғалдым. Мен мектепті бітірген кезде, менде дәрігер болудан басқа таңдауым болмады, себебі менің ата-аналарым мені осы мамандыққа дайындады. Сонымен қоса, біздің жоғарғы оқу орындарымызға түсу конкурсы қиын,оқу да оңай емес. Қазір емес,тіпті бірнеше жылдан кейін болса да,дәрігерлердің, орта және кіші медқызметтерінің еңбегі қызметіне қарай мадақталады деп үміттенемін. Себебі дәрігер жұмысы – бұл тек бір ғана адамның еңбегі емес, бұл медбикелердің де,санитарлардың да еңбегі.


Жақын арада мен салалық мамандыққа ие болып,осы салада әрі қарай жұмыс істеймін деп үміттенемін.



Эльдес Калин, 25 жас, туған қаласы – Астана, ШЖҚ-дағы МТК-нің «№1 Қалалық ауруханасының» хирургі


калин эльдес.jpeg


Бұл осы мамандығым бойынша менің бірінші жұмысым. Жас маман ретінде бір айлық еңбекақым 0,5 мөлшер үшін – 30 000 теңге.Еңбекақы қабылдау уақытынан,психоэмоциялық жүктемеден және зияндығынан жиналады. Бүкілі қосылады да,еңбекақы жиналады. Біздің уақытымызда жас маман үшін бұл төмен еңбекақы, себебі әзірше дәреже мен өтіл үшін қосыма төлем берілмейді.


Карточкаға ақша үнемі уақытылы түседі. Бірақ,әрине, осы ақша жеткіліксіз,себебі менде отбасым, екі кішкентай балам және жалға алынған пәтерім бар,және бүкіл ақшам тамақ пен тұрғын үйді төлеуге жұмсалады, сол себептен қосымша сауда өкілі және таксист болып жұмыс істеуге мәжбүр боламын. Нәтижесінде айына шамамен 90 000 – 100 000 теңге шығады.Ата-аналарымыз қатты құтқарады.


Жас маман ретінде бір айлық еңбекақым 0,5 мөлшер үшін – 30 000 теңге


Әрине, мен дәрігер болуға жоспарлаймын,жеті жыл бойы босқа оқыған жоқпын ғой. Оған қоса маған менің ісім ұнайды. Ал мамандығымды мен үшініші курста таңдап алдым,хирург болуға шештім. Бірақ егер кейін ақшамен ауыр жағдай туса және төлем ақы тұрғысында ыңғайлы таңдау пайда болса,мен мамандығымды ауыстырамын.




Сәуле Ниязбекова, 28 жас, туған қаласы – Қостанай, ШЖҚ-дағы МТК-нің «№1 Қалалық ауруханасының» акушер-гинекологы


Жас маманның еңбекақысы мөлшерлеме,дәреже және өтілден жиналады. Жалақы шамамен 50 000 теңге. Қосымша түңгі кезекшіліктеріміз бен психоэмоциялық жүктеме үшін төленеді. Жалпы дәрежесі жоқ жас маман шамамен 100 000 теңге табады. Бұл бір айлық жұмыстың шамамен 260 сағаты үшін.


сауле.jpeg


Еңбекақы ай сайын және белгілі бір уақытта төленеді. Сонымен қоса екі айда бір рет дифоплата – яғни, төлеуге қажетті қызметтер үшін төлем түседі.


Бір айға осы ақша жеткіліксіз, себебі ақшамның үлкен бөлігі тұрғын үйді төлеуге жұмсалады. Астананың көптеген жас мамандарында үйлері жоқ, бұл күрделі мәселе. Ақшамның басқа жартысы тамақтануға жұмсалады. Қалған жұмсауларыма ата-аналарым көмектеседі.


Жалпы дәрежесі жоқ жас маман шамамен 100 000 теңге табады


Қосымша жұмыс істеуге біз үлгермейміз, себебі күн сайын жұмыс істейміз, сонымен қоса кезекшіліктер бар. Уақытымыз жеткіліксіз.


Мамандық маған ұнайды. Әзірше осы мамандығым бойынша жұмыс істеуді жоспарлаймын. Бірақ егер мемлекет жақын арада тұратын жер бермесе, жеке клиникаға кетуге мәжбүр боламын.