facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
2018-zhyly-tet-n-ma-yzdy-boks-turnirler-n-k-nt-zbes-synyldy
logo
2018 жылы өтетін маңызды бокс турнирлерінің күнтізбесі ұсынылды

14.01.2018

2018 жылы өтетін маңызды бокс турнирлерінің күнтізбесі ұсынылды

«2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Жасөспірімдер олимпиада ойындары осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі болмақ. Жазғы ойындар 2010 және 2014 жылы Азияда, Сингапурда және Қытайда өтті. Олимпиада 2018 жылы 1-12 қазан аралығында Аргентинада өтеді. Осыған байланысты екі іріктеу шарасы ұйымдастырылып, 19-28 сәуірде Таиландта жастар арасында бокстан құрлықтық чемпионат өтеді. Тамызда осы дәреже бойынша әлем чемпионаты жоспарланған, оның қайда өтетінін Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (ХӘБҚ) анықтап жатыр», – деді конфедерацияның атқарушы директоры Бағдәулет Төреханов.

Азия ойындары 18 тамыздан 2 қыркүйекке дейін Индонезияда өтпек. Қазақстан бұл жарысқа 1994 жылы алғаш рет қатысқан еді. Азия ойындары қарсаңында 10-17 ақпан күндері Индонезияда тестілік жарыстар ұйымдастырылады.

Биыл Үндістан 28 қаңтардан 1 ақпанға дейін «Indian Open» бокс турнирін өткізеді. Сондай-ақ, дәстүрлі «Thailand Open», «China Open», «Ulanbaatar Cup» турнирі мен Атырауда өтетін үш қазақстандық іс-шара жоспарда бар.

Қарашада Үндістанда әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Оның нақты күнін халықаралық қауымдастық хабарлайтын болады.

«Биыл кезекті және кезектен тыс ХӘБҚ конгресстері өтетінін атап өткім келеді. Таяуда Римде Ұйымның атқару комитетінің кезектен тыс отырысы болады. Аталмыш шараларға біздің конфедерацияның президенті Серік Қонақбаев қатысады», – деп түйіндеді Бағдәулет Төреханов.

Азия бокс конфедерациясы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (ХӘБҚ) бес құрлықтық құрылымдарының бірі болып табылады. 2014 жылдың қарашасынан бұл мекемені ХӘБҚ вице-президенті, танымал боксшы Серік Қонақбаев басқарып келеді.

Дерек көзі: kazinform.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.