facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
15-zhyl-b-ryn-santehnik-yzmet-nen-zauyt-ies-ne-dey-n-su-zhayynda
logo
15 жыл бұрын сантехник қызметінен зауыт иесіне дейін өсу жайында

Марат Баккулов

кәсіпкер

18.01.2019

15 жыл бұрын сантехник қызметінен зауыт иесіне дейін өсу жайында


Өзі жайында


Мен жұмыс істеуді жақсы көремін, студенттік кезімнен жұмыс істей бастадым. Менің бірінші жұмысым – сантехник болатын.

IMG_9836.jpg

Мен жүйелі адаммын, белгілі қағидаларым бар. Мен арам жолмен ақша табатын адамдармен жұмыс істемеймін. Мен аз адаммен араласамын, таза қарым-қатынасты ұнатамын. Егер адам адал болмаса, мен онымен істес болмаймын.

Мен арам жолмен ақша табатын адамдармен жұмыс істемеймін


Білім алғаннан кейін, мен оның тереңіне бойлап, кеңейтіп отырдым – менің жүйелілігім осыдан көрінеді. Мен институтка түстім, аспирантурадан кейін сол мамандық бойынша сабақ бердім. Ал кейін өндіріспен айналыса бастадым және қазірде оны кеңейтіп жатырмын.



Алматы жайында


Мен Талдықорғанның тумасымын. Балалық шағым Текелі қаласында өтті. 11 жасымда сол жерден кетіп, барлық саналы өмірімді Алматыда өткіздім. Кішкентай қаладан кейін Алматыдағы өмір бастапқыда күйзеліс еді. Кеңес заманында кішкентай қалалардағы тұрғындар бір-бірімен жылы қатынаста болатын, ал осында барлығы басқаша еді.

IMG_9875.jpg

Алматыдағы сүйікті жерім – менің өскен жерім. Мен «Орбитаның» жанындағы ауданда өстім. Сонымен қатар мен тауларда болуды ұнатамын, сол жердің атмосферасында тыныштық орнаған.

Заманауи алматылық – бұл интеллигент, ол ашық және тез тіл табысады

Алматы әрқашан еліміздің мәдени, рухани орталығы болған және солай болып қала береді. Мен осында білім алдым,көптеген ақылды адамдарды кездестірдім. Заманауи алматылық – бұл интеллигент, ол ашық және тез тіл табысады.


Жанашыр адамдар және олардың істері


Зауыт – өмірімнің ісі. Бұл 15 жыл бұрын бір адамнан және қалтадағы 100 доллардан басталған еді.

IMG_9917.jpg

Әрқашан ең қиыны ақша табу болатын. Барлық тапқан ақшамды мен зауытқа салатынмын. Бес жыл бұрын мен жаңа ғимараттың құрылысына инвесторды тарттым, өткен жылы мен онымен есеп айырыстым. Инвестор – қымбатқа түсетін рахаттылық.

Бизнес – бұл бәсекелестік. Егер сіз бір жағдайда ұтылып қалсаңыз, іс жүзінде өзіңіз кінәлісіз: бір жерде біліміңіз, тәжірибеңіз жетпеді, ал кейбір жерде жай ғана жолыңыз болмады. Айналадағы барлық адамдар бастысы ақша деп ойлайды, бірақ бастысы – білім. Маған барлығын қайтадан бастауға тура келетін. Мен өзіме сенімдімін, себебі зауыттарды жоқтан қалай салып шығару керек екенін білемін. Адам бір нәрсемен айналысуы тиіс және оны жақсы істеуі тиіс.

Бұл 15 жыл бұрын бір адамнан және қалтадағы 100 доллардан басталған еді


Біз кеңейтіліп жатырмыз және Мәскеу маңында ашылайын деп жатырмыз. Келесі жылы біз ресейлік нарықты бағындырамыз. Компаниямыздың құзыреттілігі бар және біз сол жерде өз тауашамызды аламыз. Биылғы жылдан бастап мен көзқарасымды кеңейтемін.



Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Рухым тыныштық күйінде, барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, көңіл күйім жігерлі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.