facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
13-zhastan-bastap-osymsha-zh-mys-step-ata-ana-a-alaysha-k-mektesuge-bolatyny-turaly
logo
13 жастан бастап қосымша жұмыс істеп, ата-анаға қалайша көмектесуге болатыны туралы

12.11.2018

13 жастан бастап қосымша жұмыс істеп, ата-анаға қалайша көмектесуге болатыны туралы

Асанәлі Әшімов, 13 жаста, туған жері — Астана


Осы жылдың жас мезгілінен бастап қосымша жұмыс істей бастадым, өйткені ақша артық болмайды.

WhatsApp Image 2018-11-09 at 11.19.46.jpeg

Кубик Рубикке қызығып, ғаламторда көптеген үйрететін видеоларды қарадым. Маған бұл іс ұнап, құмарлық пайда болып, қолымнан келе бастады. Енді менде 35 кубиктен тұратын үлкен коллекциям бар, оларды өзім бөлшектеп, жетілдіре аламын.

Балаларға кубик Рубик жинауды үйретіп, ойжұмбақтарды сатамын. Сабақтарды аптасына екі рет сенбі және жексенбі күндері өткіземін. Ол менің оқуыма кедергі жасамайды, себебі аптасына тек бес күн оқимын. Сабақтың бір сағатына 1500 теңге аламын. Мен бұдан да жаңартылған үлгілерге ақша жинап жатырмын.
Осылайша оқытып жатқаныма жарты жыл болды және алдағы уақытта да бұл ісімді жалғастырамын. Жасөспірім жаста қосымша жұмыс істеу маңызды, өйткені бұл әдет алдағы өмірде қажет болады.


Аллариза Баянды, 15 жаста, туған жері — Алматы

Маған сурет, видео түсіріп, әлеуметтік желілердің дамуымен айналысқан ұнайды. Осы жылдың көктемінен бастап қосымша жұмыс істей бастадым, өйткені адамдар менің жұмысыма төлеуге дайын екендерін көрдім. Өзім үшін жасаған видеоларды жүктей бастап, көптеген оң пікірлерге ие болдым.

WhatsApp Image 2018-11-09 at 00.10.24.jpeg

Қосымша жұмыс істеп бастағанда, қатты ауыртпашылықты сезінген жоқпын, өйткені бұрын да осымен айналысатынмын. Тапсырыстарым жеткілікті, сондықтан бір ай жұмыс істеп, екінші ай жұмыс істемеймін деп шештім. Мен үшін бұл жай ғана жұмыс емес, бұл шабыттанып, бар құлшынысыммен айналысатын іс.

Кіші сомалардан бастадым: фототүсірілімге 1000 теңге, ал видеотүсірілімге 2000 теңге. Кейін ол менің еңбегім үшін тым аз ақша екенін түсініп, бағаны жоғарлаттым. Қазір бір минуттық видеороликты 4500 теңгеге, ал фототүсірілімді 2000 теңгеге өткіземін.

WhatsApp Image 2018-11-09 at 00.10.22.jpeg

Сұлулық салондарына, кофеханаларға, бимен айналысатындықтан басқа қалаға барып келуге ақшаны ата-анамнан сұраған қолайсыз.
Жасөсіпірімдерге ақша тауып, оларды реттеуді үйрену өте маңызды.


Зарина Каметова, 15 жаста, туған жері — Атырау


Әрқашан жұмыс істеп отырдым: резеңке жасап, би қойып, мерекелерге шығып, үндеухат таратып, балаларға арналған лагерьде тәлімгер болдым. Сонымен қатар мен каратэмен айналысып, кейде мұғалімнің орнын алмастыратынмын.

WhatsApp Image 2018-11-08 at 12.59.37.jpeg

Бір жыл бұрын хореограф болып жұмыс істей бастап, осы уақыт аралығында екі үлкен мюзикл қойдым. 150 адамнан тұратын ұжыммен жұмыс істедім. Мюзиклге дайындалған уақытта бос уақытымда алты сағат, ал демалыс кезінде он сағаттан жұмыс істеуге тура келді. Мені ешкім қинамайды, бұл өз ниетім.

Жақында fashion-көрсетілім өтті, онда бағдарлама жасауға қатысып, жүргізуші болдым. Сондай-ақ, мен бұрынғы арманымды іске асырдым — өз киім коллекциямды шығарып, жас дизайнер атандым. Қазір өз тобым бар және бар күшімді сонда жұмсаймын.

Аптасына үш күн жұмыс істеймін және сабағымды «төрт» пен «беске» оқимын.

Өз ақшам болып, қолымнан не келетінін дәлелдегім келді. Тапқан ақшамды өзіме, кейде үйге жұмсаймын, киім коллекциясына ақшаны өзім енгіздім. Анама телефон сатып алуға уәде бердім және сөзімде тұрдым. Ақшамның бір бөлігін қайырымдылыққа саламын. Ақырындап ақша реттеп, оларды қажетті жерге енгізуді үйреніп жатырмын.
Жасөспірімдерге тәуелсіз болып, отбасысына көмектесіп, болашаққа ақша жинау үшін ақша табу маңызды.


Алпамыс Нургуатов, 18 жаста, туған жері — Орал


Мектепте жоғарғы сыныптардан, яғни 15-16 жасымнан бастап қосымша жұмыс істей бастадым. Ата-анамнан ақша сұрағым келмеді. Бірақ қаншалықты ақшаны көп тапсаң, соншалықты қажеттіліктерің көбейе бастайды.

Triangle.jpg

Барлығын жасадым: заттарды қайта сатып, даяршы болып жұмыс істедім. Барлық бос уақытымды жұмысқа арнадым. Оралдың ең үздік мектебінде, 41 лицейде оқып, жақсы оқуды үлгердім. Ниетің болса, барлығын үлгеруге болады. Білім мен үшін бірінші орында.

Банкетке 2500 теңге алып, аптасына 10 000-нан 20 000-ға дейін ақша табатынмын.

Қазір университетте оқып жүрмін, жұмыс істеуді жалғастырып, оқуымның ақшасын төлеп жатырмын. Университетке түскен кезде жақсы ақша табу үшін бірдеңе істей алу керек екенін түсіндім. Үйренетін жұмыс түрін іздеп жатқан уақытта, айналамда барбершопта жұмыс істейтін адамдар болды. Қазір барбермын және екінші жұмысым — жастарға арналған ғаламтор-каналының тілшісі. Ал менің үшінші қызығушылығым — түсірілімдер, мен клип, жарнамалық роликтерді түсірумен айналысатын жастарға арналған ғаламтор-бірлестігінің жетекшісімін.

Жасөспірімдерге еңбекті бағалау үшін және өмірде шетте қалмау үшін ақша тауып үйрену маңызды. Ақшамен бірге жауапкершілік те келеді, қаржымен не істеу керек екенін түсіну қажет. Белгілі бір мақсат үшін ақша табу керек деп ойлаймын: ата-анаға көмектесіп, сабақ үйретушінің ақшасын төлеу үшін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.