facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ylenu-o-ay-y-bolu-iyn-sanat-shapashov-pen-anar-maykapovany-otbasyly-ndyly-tary
logo
«Үйлену оңай, үй болу қиын»: Санат Шапашов пен Анар Майкапованың отбасылық құндылықтары

Санат Шапашов, 35 жаста, туған қаласы — Қарағанды, «Алау» мұз сарайы» МКҚК директоры

Анар Майкапова, 34 жаста, туған қаласы — Қостанай, фотограф

11.02.2019

«Үйлену оңай, үй болу қиын»: Санат Шапашов пен Анар Майкапованың отбасылық құндылықтары


Біз жайында


Анар. Біз студенттік кезімізде таныстық. Санат Қарағандыда тұрды, КВН-де ойнады. Мен Астанада ЕҰУ-нде оқыдым және университет құрамасының әкімшісі болдым. 2003 жылы біз командамызбен Қарағандыдағы ойынға бардық және сол жерде таныстық.

20190203-DSC_6568.jpg

Санат. Кейін Анар мені «Жасыл Ел» жобасына қосылу үшін Астанаға шақырды. Сол кезде мен магистратурада оқитынмын, сабақ беретінмін. Мен ештеңе де жоғалтып жатқан жоқпын деген ойға келіп, көшіп кеттім.

Біз «Жасыл Ел» штабтарын дамытумен айналыса бастадық. Бізде Шұбар жақта коттедж болатын, біз таңғы алтыдан түнгі бірге дейін жұмыс істейтінбіз, ал сосын үйге жаяу қайтатынбыз. Біз жұмыс істедік, тәулігіне 24 сағат бірге болдық десек те болады. Біздің ортақ істеріміз бен мақсатымыз болды. Осы негізде біз бір-бірімізге бөтен адамдар емес екенін түсінген шығармыз.

Біз жұмыс істедік, тәулігіне 24 сағат бірге болдық десек те болады

Анар. 2005 жылы біз кездесе бастадық, сол уақыттан бері біз біргеміз. Біз 4 жыл кездесіп, 2009 жылы үйлендік. Биыл біздің той жасағанымызға он жыл.

Санат. Анарға ұсыныс жасамас бұрын, біз «Уәде беру үйлену деген сөз емес» деген фильмді қарадық. Ол маған әсер етті. Сюжет желісі бойынша кейіпкер жүзікті үйде лақтырып жүретін шалбардың қалтасына тығып қояды. Мен солай істеуді шештім және жүзікті сатып алу үшін Қарағандыға кеттім.

20190203-DSC_6566.jpg

Үйге қайтып келген кезде, Анар маған қонаққа келді және мен өзімнің шалбарымды кір жууға лақтырып жіберуді өтіндім. Ол қалтасында жүзікті тауып алды және мен алғаш рет оның қызарғанын көрдім.

Анар. Санат ұсынысты аяқ астынан жасады. Нәтижесінде біз тойға түскі ас үзілістері кезінде, кешкі уақытта дайындалдық, себебі менің еңбек демалысым өтіп кетті.

Санат. Біз үйленгеннен кейін, 2010 жылы Анар «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға кетті. Оған дейін ол екі рет оқуға түсуге талпынды, бірақ жолы болмады. Бұл оның арманы еді, мен оның жүзеге асуына кедергі жасай алмадым.

Қаншалықты бас тартсақ та, өмірдегі әрбір кездесу кездейсоқ емес. Анармен болған кездесу де кездейсоқтық емес. Ол өзінің қамқорлығымен мені еліктіріп алды. Мен Астанада жалғыз болдым және менің жарым маған дәл осындай сүіспеншілікпен қарап, қамқор болғанын қалайтынымды түсіндім.


Астана жайында


Анар. Мен 2002 жылы мектеп бітіргесін бірден Астанаға көштім. Мен Алматыға баруды қаладым, бірақ ол Қостанайдан алыс еді және ата-анам мені жіберген жоқ. Менің Астанада тұрып жатқаныма 17 жыл болды және мен Алматыны өмір сүруге арналғанқала деп қабылдамаймын.

20190203-DSC_6579.jpg

Астана – біз есейген және біздің балаларымыз дүниеге келген біздің сүйікті қаламыз. Қайда барсақ та, бізді үйге қарай тартады.

Санат. Астана — жай ғана қала емес, бұл бренд. Бұл әртүрлі аймақтағы адамдарды біріктіретін, адамдар бір-бірін табатын жер. Біз магаполиске айналып бара жатырмыз, осында шетелдіктер, туристтер көп. Астана тағдыршешті қала болып бара жатыр, біз үшін дәл солай. Біздің балаларымыз – нағыз астаналықтар.

Астана – біз есейген және біздің балаларымыз дүниеге келген біздің сүйікті қаламыз

Біз оң жақ жағалауды ұнатамыз. Біз кездесіп жүрген кезде, «Конгресс-Холл» ауданында, әкімдіктің жанында жиі серуендейтінбіз. Ал сол жақ жағалауда ән айтатын фонтандар пайда бола бастаған кезде, біз уақытымыды сол жерде өткіздік. Қазірде біз балаларымызбен Орталық саябақта және Тұңғыш Президент саябағында қыдырамыз.


Отбасы жайында


Санат. Біздің отбасымыз – экспрессивті, импульсивті отбасы. Біздің отбасымызда сангвиниктер немесе флегматиктер жоқ, төртеуміздің барлығы холериктер болып табылады. Кейбір кезде бізге қиын болады, бірақ төртеуміздің қуатымыз бұлақтай шапшылып жататыны күшті.

20190203-DSC_6551.jpg

Анар. Біздің ата-аналарымыз бізді тым жұмсақ, балаларды ерклетеміз деп айтады. Бірақ біз олардың ниеттеріне құлақ асуға тырысамыз. Біздің сақтайтын тәртібіміз бар, ал қалған жағдайларда оларға таңдау мүмкіндігін береміз.

Біздің отбасымыз – экспрессивті, импульсивті отбасы

Санат. Біз бір-бірімізбен және балаларымызбен серіктестік достық қарым-қатынасты құраймыз, олармен әңгімелесуге тырысамыз. Қандай да бір әрекетті жүзеге асыруды не үшін сұрап жатқанымызды әрқашан түсіндіреміз.

Анар. Біздің отбасылық дәстүрлеріміз көп. Жаңа жылдың алдында біз нағыз мереке жасауға тырысамыз – шыршаны безендіреміз, пірәндік пісіреміз, таудан сырғанаймыз. Туған күнге де арнайы тосынсый дайындаймыз, үйді безендіреміз.

20190203-DSC_6611.jpg

Санат. Демалыс күндерін отбасымызбен өткізуге тырысамыз. Телефондарымызды өшіреміз, кездесулерді басқа күнге ауыстырамыз. Біз үлкен қызымыз Аделмен тәртіп сақтайтын адамдармыз – ерте тұрып, ерте жатамыз. Сол себепті біз таңертең тұрып, жиналамыз да, кетеміз. Біз таңғы ас ішіп, күнімізді жоспарлаймыз, кейін мұз айдынына немесе сурет салуға барамыз. Түске қарай Алиша оянады және олар Анар екеуі бізге қосылады.

Өмірдің екі кезеңге бөліп тастауға болады: балалардың өмірге келмегенге дейінгі кезең және кейінгі кезең. Біз соншама бос уақытымыз болған кезде, немен айналысқанымызды түсінбейміз. Қыздарымыз дүниеге келгеннен кейін өмір сапасы жақсарды, одан да жықсырақ, қызықтырақ болып кетті. Мен оларды перзентханадан екі күн бұрын ғана алып келген сияқтымын, ал қазірде олар маған қандай галстук тағу керектігі жайында кеңес береді. Және бұл бүкіл күнге қуат береді.

Үйлену оңай, үй болу қиын. Ешкім саған тойдан кейін қалай әрекет ету керектігі жайында кеңес бермейді. Бірақ қарым-қатынастағы басты нәрсе – құрмет. Біз бір-бірімізді құрметтейміз және жақсы көреміз, балаларымызды да құрметтейміз. Олар бұны сезеді және өзара сүйіспеншілікпен жауап береді. Отбасы – бұл нақты және ойластырылған нәрсе, некеге жауапкершілікпен қарау керек.

20190203-DSC_6509.jpg

Біз балаларымызға дұрыс құндылықтарды жеткізуді қалаймыз. Сен балаларыңды қалай тәрбиелемесең де, олар әрқашан сенің соңыңнан қайталайды. Сол себепті біз марканы ұстауға, лайықты болуға тапынамыз.


Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Санат. Отбасы – бұл мемлекеттің мини-үлгісі. Сол себепті қазірде біз өзімізде білім беру және даму жылын жарияладық.

Анар. Біз кітаптарды оқимыз, пайдалы нәрселер жасаймыз. Мен ағылшын тілін үйреніп жатырмын, Аделмен бірге спорттық-бал биіне барып жүрмін. Бұл қызықты, біз балаларымызбен бірге жаңа нәрселерге үйреніп жатырмыз.

Санат. Біз өзімізді 24-25 жасқа сезінеміз, осы жаста тұрып қалдық.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.