facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lemn-barly-a-shasy-shanhayda-aza-standy-azamatsha-ytay-a-k-sh-p-ketu-o-uy-zh-ne-zh-mysy-zhayly
logo
«Әлемнің барлық ақшасы Шанхайда»: Қазақстандық азаматша Қытайға көшіп кетуі, оқуы және жұмысы жайлы

30.03.2018

«Әлемнің барлық ақшасы Шанхайда»: Қазақстандық азаматша Қытайға көшіп кетуі, оқуы және жұмысы жайлы

Жанель Уалихан, 22 жаста, туған жері — Шымкент, The Place компаниясының семинарларын, көрмелерін, конференцияларын ұйымдастырушы

12.jpeg


Көшуі жайлы


Мектепте оқығанымда Алматыға Қытайдың Хайнань аралында оқуға мүмкіндік беретін компания келіп, Қытайдағы оқу жайлы айтты. Мен дәл сол жақта оқығым келіп, 2011 жылы Қытайға ұшып кеттім. Мен 15 жаста сол жақтағы басқа студенттер сияқты алғаш рет ата-анамсыз, жалғыз шетелге шықтым. Ағылшын тілін жетік меңгерген едім, сондықтан тез арада қытай тілін үйрене бастап, өзіме жаңа достар таптым. Бірақ аралда көп тұра алмадым. Барлығы маған Шанхай туралы айтатын, содан 2012 жылы сол жаққа көштім.

Шанхайға келгенімде, бірден бұл менің қалам екенін түсіндім. Маған мұнда ыңғайлы


Шанхай Хайнаньға қарағанда 30 миллион адамы бар, үлкен мегаполис болып шықты.


Оқу жайлы


13.jpeg

Қытайдың кез-келген университетіне түсу үшін қытай тілінді тексеретін HSK тестін тапсыру керек. Сондықтан бірінші жылды мен қытай тілін оқуға арнадым, ал келесі жылы Шанхай университеттерінің біріне халықаралық бизнес мамандығына оқуға түстім. Жалпы Қытайда абитуренттер арасында үлкен бәсекелестік бар. Түсу емтихандары да қиын. Бірақ шетелдік студенттер үшін бірнеше жеңілдіктер қарастырылған.

Қытайдың жоғары оқу орындарының бағасын тіркеу ақысы және оқу ақысы деп бөлуге болады. Университеттің дәрежесіне байланысты бағасы да әртүрлі болып келеді. Көп жағдайда тіркеу бағасы 90 – 200 $ арасында, ал жылдық оқу ақысы 3300–9000 $ шамасында. Әрине бұл бағаларға күнделікті өмірге кететін ақшаны да қосу керек. Студенттерге Пекин, Шанхай, Гуанчжоу сияқты қалаларда тұру үшін айына шамамен 850 – 900 $ кетеді.

Қытайда оқу қиын. Сабақтардың 30 %-ы ғана ағылшын тілінде, қалғаны қытай тілінде өтеді. Сабақ күнде, оларды өткізуге болмайды, барлық тапсырмаларды уақытында тапсыру маңызды.

Менің тобымда шамамен 30 адам оқыды. Біз барлығымыз әр түрлі елдерден болдық. Қазақстаннан екі адам оқыдық. Оқу барысында тілімді жаттықтыру үшін әрдайым ағылшын тілінде сөйлейтіндермен араласып жүрдім, бірақ қазақтар бірін-бірі қалдырмайды, сондықтан Қазақстаннан да көптеген достарымды таптым.


Шанхайдағы жұмыс туралы


Шанхайда жұмыс табу қиын, өйткені жұмыс визасы болуы керек. Оны алу үшін екі жоғарғы білім мен екі жыл жұмыс өтілі болуы керек. Шетелдіктер мұнда дайын кәсіби маман болып келеді. Олардың жалақысы кемінде 18 000 долларды құрайды. Сонымен қатар пәтердің ақысын төлейді, жеке жүргізушіні қамтамасыз етеді және балаларды оқытады. Егер сен университетті енді ғана бітірсен жалақын шамамен 1000 доллар болады. Маған менің жұмысымда 1600 доллар төледі.

14.jpeg

Университетті бітіргеннен кейін мен Johnson & Johnson компаниясында тағылымдамадан өттім. Онда шетелдік клиенттермен жұмыс істедім. Жұмысым қызықты болды, бірақ менде мүлдем демалыс болған жоқ, клиенттермен уақытымыз әртүрлі болғандықтан, тапсырыстар туралы түнгі уақытта жиі сөйлесетінмін. Бұл тамаша тәжірибе болды. Бірақ мен күшімді басқа салада да сынағым келді.

We chat-та құрамында кәсіпкерлер, жұмыс берушілер, шетелдіктер бар топ ашылған. Олар онда түрлі пайдалы ақпараттармен бөліседі, бірін-бірі түрлі мерекелерге шақырады. Мен сол топқа түйіндемемді жіберіп, бірнеше сұхбаттан өттім. Нәтижесінде халықаралық дәрежедегі мерекелерді ұйымдастырумен айналысатын The Place компаниясын тандадым.

Шанхайда қарым-қатынас, байланыс өте маңызды және әзірге мүмкіндігім барда мен түрлі адамдармен танысуға тырысамын


Қазір осы компанияда тағылымдамадан өтіп жүрмін, бірақ толық жұмыс күнін істеймін. Жалақым қазіргі уақытта 1000 доллар. Бұл да өте қызық жұмыс. Мұнда да шаршаймын, бірақ маған ұнайды. Бұл жұмыстың арқасында түрлі адамдармен, инвесторлармен, журнал редакторларымен таныстым.


Қала жайлы


Көп жағдайда жергілікті тұрғындар қала сыртында тұрады, өйткені мұнда пәтерлер өте қымбат. Мен біраз уақыт студияны жалға алғам, оған менің кірісмнің шамамен 65%-ы кететін. Қазір француз бен неміс достарыммен үлкен пәтер жалдап тұрамыз, өз бөлмеме 500 доллар төлеймін. Біздің жатын бөлмелеріміз бөлек, бірақ қонақ бөлмеміз бен ас үйіміз бір. Менің кеңсем қала орталығында орналасқан, үйіме де жақын. Сондықтан өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалған деп айтуға болады, тек жұмыс істеу керек.

Мен бұл қаланың мүлдем ұйықтамайтынына бірден үйреніп кеттім. Қала күннен күнге өсуде, тіпті жаңа зәулім ғимараттардың қалай пайда болғанын да аңғара алмай қаласың. Мұнда ішін пыспайды.

15.jpeg

Сонымен қатар маған ешқашан қолма-қол ақша ұстамайтыным ұнайды, өйткені мұнда барлығын Wе chat арқылы төлеуге болады. Бұл өте ыңғайлы қолданба, мен телефонға хабарласа аламын, төлем жасаймын, ақша аудара аламын. Бірақ мұнда инстаграмға, фэйсбукке, ватсапқа кіру аздап қиындық туғызады. Әсіресе бұл жұмыста ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан барлық ірі компаниялар өз қызметкерлерін VPN-мен қамтамасыз етеді.

Бастапқыда қытайлықтардың түр әлпетіне таң қалатынмын. Олар өте шулы. Шанхайда Америкадан келген азиаттар көп. Олардан мұнда қалуларынын себебін сұрағанда «қазір барлық ақша Шанхайда» деп жауап береді.

Мен өз өмірімді Шанхайсыз елестете алмаймын. Маған мұнда ыңғайлы, мен өзімді бос сезінемін.


Жоспарлар жайлы


Мен Шанхайда Қазақстанда ала алмайтын тәжирибие алудамын. Жоспарымда үлкен компанияларға түйіндемемді жіберу. Сонымен қатар басқа елдерде тұруды да қарастырып жүрмін. Мысалы, Сан-Францискоға көшкім келеді.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.