Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-fil-m-studiyasynda-y-b-r-k-n

«Қазақфильм» студиясындағы бір күн
876

02.08.2017

«Қазақфильм» студиясындағы бір күн


1.jpg


2.jpg



Екі павильондық



«Екі павильондық корпус» немесе «екі павильондық» деп аталуы өзін өзі айқындап тұр. Бұл жерде фильмдер, телехикаялар мен телевизиялық бағдарламалар түсірілімі өтетін екі үлкен павильон орналасқан.


3.jpg


1963 жылдан бастап 1969 жылдар аралығында осы павильондардың құрылысын Шәкен Аймановтың өзі жеке қадағалаған. Мұндағы қабырғалар мен есіктердің қандай қалың, шуды өткізбейтіндігіне назар аударуыңызға болады.


4.jpg


5.jpg


6.jpg


7.jpg


Екі павильон да өлшемдері бойынша бірдей – 750 шаршы метр, биіктігі 7,5 метр. Павильондарға «жасыл» қойылған, хромакей – бұл графиканы түсіруге мүмкіндік беретін арнайы жасыл фон. Сонымен қатар, павильондар үлкен жүк көліктерінің кіруіне арналған үлкен қақпалармен жабдықталған. 2008 жылы мұнда жаңа жарық құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, павильондар желдету шахталарымен жабдықталған.


Бір павильонды бір ауысымға жалға алу құны, ал бұл 10 сағат, 150 000 теңгені құрайды.

Біз павильонды жалға берген кезде ол мүлдем бос болады, бұл сомаға тіпті жарық құрылғылары да кірмейді, себебі әрбір жобаға әртүрлі мөлшерде жарық керек, бұл енді жеке есептеуіш бойынша саналады. Осыған байланысты түсірілім құрылғылары, сахна суреттері, кәсіпқойлардың қызметтері де бөлек төленеді. Әрбір жоба үшін телевизияда жұмыс істейтіндер өздерінің сахна суреттерін алып келеді.


8.jpg


9.jpg


Мысалы, қазір «Хабар» арнасы «Пойызды тоқтатыңдар» деген жаңа жылдық бағдарламаны түсіруде. Екі павильонда осы бағдарламаға сәйкес стильдегі сахна суреттерімен жабдықталған. Бір павильонда пойызд ішінен көрсетілген, ал басқасында, пойыздың сыртқы көрінісі мен іргелес аумағы көрсетілген.


Сонымен қатар, бұл жерде Тимур Бекмамбетов режиссер болған бір жобаның түсірілімі өткен, және бұл жерге қоқысы бар он үлкен жүк көліктері кіргізілген. Яғни, бұл жерде кез-келген сахна суреттерін орналастыруға болады. Оған қоса, әр бұрыштарда не болып жатқанын бақылауға болатын арнайы камералар орнатылған. Осылайша, Тимур Бекмамбетов өзі Америкада болса да осы камералардың арқасында және қашықтықтан басқару мүмкіндігі арқылы осы жердегі түсірілімді жүргізген болатын.


Осы павильонның қабырғасында 1969 жылы түсірілген бірінші көркем фильм – «Атаманның ақыры». Ал бірінші телехикая – «Тоғысқан тағдырлар»


Телехикаяның кейіпкерлері тұрған көп мөлшердегі әртүрлі пәтерлер осы павильондарда орналастырылған. «Қазақфильмнің» бірінші толық метражды мультфильмі – ол «Ер Төстік және Айдаһар», ол 2013 жылы шықты және оны үш жыл бойы жасаған. Өткен жылы «Мұзбалақ» атты анимациялық көркем фильмі өндіріске шығарылды, ол 2017 жылдың желтоқсанында аяқталатын болады.


10.jpg


«Қазақфильмде» жылына 8-10 толық метражды фильмдер, көркем фильмдер, 30-ға жуық деректі фильмдер және 7-ге жуық анимациялық, қысқа метражды картиналар шығарылады.



Цифрлық кешен



Бұл цифрлық кешенде монтаждау, фильмдерді дыбыстау, анимациялық фильмдерді жасап шығару өткізіледі.


11.jpg


Сөздік дыбыстау студиясы. Бұл студияда әртістер түсірілім алаңында айтқандарын қайта дыбыстайды. Олар өздерінің интонацияларына түсулері керек, түсірілім алаңындағы алған әсерлерін бере алу қажет. Экранда фильмді көрсетіп, әртіске құлаққап кигізеді, содан кейін оларбөлмеде жалғыз қалып, барлығын қайта дыбыстайды.


12.jpg


Бұл шуыл бөлмесі — осы жерде фильмдерде еститін барлық шуларды жазу жүргізіледі: ауыл аралық жолдағы жүріс, судың сылдыры, төсектің сықыры, ыдыстардың қирауы. Сондықтан бұл жерде жекелеген шуылдар беретін әртүрлі көптеген құрылғылар бар. Міне мына жерде паркет қозғалады және қиыршық тастарды, құмды көреміз, сондықтан бұл жерде адамның жолда қалай жүретінін жазуға болады. Және кез-келген талғамда және дыбыста аяқ киім табуға болады: резеңке-шәркейлер, етіктер, өкшелі аяқ киімдер.


13.jpg


14.jpg


15.jpg


Dolby бөлме — кинотеатрларға арналған дауысты жазатын орын. Бұрын, Dolby дауысты жазу үшін Ресейге бару керек болатын, бірақ 2010 жылдан бастап бізде өзіміздің құрылғымыз пайда болды. Бұл бөлмені біз «қасиеттінің қасиеттісі» деп атаймыз.


16.jpg


17.jpg


18.jpg


Бұл бөлмеде жазылған бірінші фильм – ол «Қызғылт қоян туралы ертегі»



Киім бөлмесі




19.jpg

Бұл тұрақ жайды Қарлығаш апай меңгереді.


Бұл жерде тарихи фильмдерге арналған ұлттық костюмдер сақталады. Мысалы, егер дәл сол тарихи фильмнің түсірілуі жоспарланса, онда түсірілім тобы Қарлығаш апайға келеді және костюмдерді таңдайды, ал ол барлығын жазады, бұл- әр көйлек, қару-жарақтар, камзол, дулыға, белгіленген нөмірі бар белдікше және бәрін жазып алу арқылы тізім бойынша береді, ал түсірілім аяқталған кезде костюмдер таза күйІнде қайтарылады.


Бұл жерде «Көшпенділер», «Жаужүрек мың бала» фильмдерінің түсірілімдерінен қалған костюмдер бар. Кейбір костюмдерді дайын түрінде Қытайдан әкеледі, бұған қоса, арнайы «Мың бала» түсіріліміне алдырылған ағылшын қару-жарақтары да бар. Кейбір костюмдер тапсырыс бойынша тіктірілген, мысалы «Көшпенділер» фильміне арналған костюмдерді бізге өздерінің барлық құрылғыларымен, тігін терілерімен арнайы Түркиядан келіп тіккен, сол кездері бұл жер костюм дайындайтын нағыз цехқа айналған болатын.


20.jpg


21.jpg


Тұрақжай екі қабатқа бөлінеді. Бірінші қабатта киімдер, әскерилерге арналған атрибутика, ал екінші қабатта азаматтық киімдер секциясы орналасқан: шапандар, көйлектер, камзолдар.


Бұл костюмдер «Қыз-Жiбек» фильмінен, бұл картинаға 45 жыл болды.



Шеберхана цехы




22.jpg


23.jpg


24.jpg

Бұл жерде Александр Сергеевич жұмыс істейді, бірақ оны барлығы Сан Саныч деп атайды. Оның жасы 75-те, ал«Қазақфильмінде» ол 44 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жиһаз жасайтын, сахна суреттеріне және ағаштан, пеноплас пен өзге де материалдардан тағы басқа түсірілімге қажеттілерді жасайтын шеберханалық цехта жұмыс істейді.


Ол «Мосфильммен» бірлесіп түсірілген «Сұлтан Бейбарыс», «Отырардың күйреуі», «Ұлдың қайта оралуы», «Мадам Вонг құпиялары», «Менің махаббатым үшінші курста», «Нанның дәмі», «Чужая белая и рябой», Сахалинде түсірілген«Манчжурлық нұсқа», Қапшағайда түсірілген «Көшпенділер» сияқты фильмдерде жұмыс жасады және әрине осылардың барлығына арналған сахналық суреттерді де әзірледі. Бұрын Сан Саныч бүкіл Қазақстанда жол сапарлармен жүріп жұмыс істеген, Мәскеуге, Ленинградқа және ТМД елдеріне барған.



Шейбани ханның сарайы



26.jpg


27.jpg


28.jpg


Бұл павильонда жақын арада экранға шығатын «Қазақ хандығы -Алмас қылыш» фильмінің түсірілімі өтті.



Материалды жасауға көрсеткен көмегіңіз үшін алғыс айтамыз:

Бауыржан Үсеновке, баспасөз қызметінің өкілі

Максатқа, екі павильондық корпустың басқарушысы

Александр Сергеевич Коловертныйға, сахна суретін жасаушы

Қарлығаш апайға, тарихи костюмдер тұрақжайының меңгерушісі.