facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-fil-m-5-pen-70-zhas-araly-ynda-y-barly-aza-standy-ty-kastingke-sha-yrdy
logo
«Қазақфильм» 5 пен 70 жас аралығындағы барлық қазақстандықты кастингке шақырды

04.03.2018

«Қазақфильм» 5 пен 70 жас аралығындағы барлық қазақстандықты кастингке шақырды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ресейлік «Студия кино» компаниясымен бірлесе отырып «Махаббат. Үміт. Астана» атты сериалдың түсірілімдерін қолға алды.

Елорданың мерейтойына арналып түсірілетін төрт сериалы көркем туынды Ресейдің «Первый канал» телеарнасынан көрсетілетін болады. Сериалдың режиссерлері – Иван Глубоков (Ресей) және Олжас Ермекбаев (Қазақстан). Аталған фильм мистика және фантастика элементтері бар мелодрама жанрында түсіріледі.

«Сериалдың негізгі оқиғасы 60-шы жылдардағы Целиноград қаласында және арман қала ретінде көрсетілетін қазіргі Астана қаласында өрбиді. Елордамыз фильмнің басты декорациясы ретінде пайдаланылып қана қоймай, сонымен қатар, астаналықтармен бірге картинаның басты кейіпкері болмақ. Айтпақшы, фильмге эпизодтық рөлдерге кастинг жарияладық, сондықтан да, сериалға түскісі келген азаматтарға құлаққағыс етеміз», – деді сериалдың режиссері Олжас Ермекбаев.

Режиссердің айтуына қарағанда, кастингке жасы 5 пен 70 жас аралығында барлық қазақстандық қатыса алады (ер адамдар, әйелдер және балалар).

Ол үшін casting.astana@mail.ru электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдай аласыз:

— Жақыннан (камераға қарап түскен қалыпты жағдайда және күліп түскен фотография), басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, өзгертілмеген, көзілдіріксіз және линзасыз фотосуреттерді;

— Өзіңіз туралы ақпаратты: аты-жөніңіз, туылған жылыңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, біліміңіз, кинодағы тәжірибеңіз туралы мәлімет беретін анкета жолдауыңыз қажет.

— Сонымен қатар, фотосуреттерді және өзіңіз туралы ақпаратты +7 926 385 59 15 нөміріне WhatsApp арқылы жібере аласыздар (бұл нөмірге қоңырау шалмауыңызды сұраймыз).

«Махаббат. Үміт. Астана» сериалының тұсаукесері 2018 жылдың 6 шілдесіне – Астана қаласы күніне жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр 19 желтоқсанда Мәскеуде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Первый канал» АҚ бас директоры Константин Эрнсттің кездесуі барысында, екі ел арасындағы кино индустриясын және телевизия саласын дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалып, бірлескен киножоба түсіру туралы келісімге келген болатын.

Дерек көзі: inform.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.