facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
almaty-zhastary-ba-darlamasy-boyynsha-alay-baspana-alu-a-bolady
logo
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қалай баспана алуға болады

11.01.2018

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қалай баспана алуға болады

Алматы қаласының әкімдігі 2017-2020 жылға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алатын «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасын жасады.


Шарттары:



— бюджет 1 млрд. теңгеден кем болмауы керек

— «ЖСҚАА» АҚ-ғы несие сомасы - 10 млн. теңгеге дейін

— несие бойынша пайыздық мөлшерлеме — 5%

— сатып алынған баспананы кепілдікпен қамтамасыз ету

Егер кепілдік — қамтамасыз етуге жеткіліксіз болса, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да жылжымайтын мүлік түрінде немесе тұрғын үй құрылыс жинақ түріндегі қосымша кепілдік талап етіледі.



Талаптар:



— қатысушы мен жұбайының жасы өтінім беру кезінде 35 жастан аспауы керек.

Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

— ерлі-зайыптылардың және олармен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің өтініш берген кезде Алматы қаласында кем дегенде 1 жыл тұрақты тіркелуі болуы керек.

— қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың), сондай-ақ отбасы мүшесіне қосылған және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында сатып алумен жалдамалы тұрғын үйдің немесе меншік құқығында тұрғын үйдің (ортақ бірлескен меншіктегі, тұрғын үйдің бірлігі ретінде осы тармақта көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестің) болмауы. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар Бағдарламаға қатыса алмайды;

— қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың), сондай-ақ отбасы мүшесіне қосылған және өтініште кқрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығына тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару немесе тұрғын үй-жайларды ауыстыру арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;

— қатысушының Алматы қаласында ресми жұмысының өтілі кем дегенде жарты жыл немесе кем дегенде жарты жыл мерзіммен Алматы қаласында тіркелген қолданыстағы ЖК.

Аталған талап халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына, атап айтқанда:

— 1 және 2 топтағы мүгедектерге

— мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларға

— Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар

— кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады

— 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы/балалары бар көп балалы отбасыларға

— 1 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы/балалары бар толық емес отбасыларға қарастырылмайды.


Қажетті құжаттар



— еңбек өтілін, шығыс нөмірін және берілген күні өтініш пен құжаттарды тапсыру кезіне 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімді көрсетумен ұйымның реквизиттерімен ресми бланкіде өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтама. Ресми бланкі болмаған жағдайда, анықтамада ұйымның мөрлері болуы тиіс

— өтініш пен құжаттарды тапсыру кезіне бір ай бұрын берілген шоттың жағдайы туралы «ТҮҚЖБ» АҚ-дан үзінді көшірме.
некеге тұру (некені бұзу), жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік

— балалардың туу туралы куәліктері, қамқорлықты белгілеу туралы әкімнің өкімі

— кемінде жарты жылға қызметі бойынша айналымдарымен декларацияны (кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған режимі немесе салық салудың ортақ белгіленген тәртібі бойынша жүргізген жағдайда) немесе есеп айырысуларды көрсетумен, ЖК болуы туралы хабарлама

— белгіленген нысан бойынша өтініш берушіде немесе балада/балаларда мүгедектіктің немесе ҚР Үкіметінің қаулысында көрсетілген созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерінің болуын растайтын анықтама.

— жеке куәлік, 2008 жылға дейін туылған балалардың туу туралы куәліктері, 2008 жылға дейінтіркелген неке туралы куәлік және эектрондық үкіметтің порталы автоматы түрде шығармайтын құжаттар.

Өтініштерді және құжаттарды беру www.almaty-zhastary.kz өтінімдерді қабылдау порталы арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді Қатысушылар пайдалануға жаңадан енгізілген тұрғын үй кешендерінен бастапқы нарықта өз еркімен таңдайды.


Толығырақ мұнда.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.