facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-studentter-alaysha-pol-shada-chehiyada-rumyniyada-o-yp-o-u-a-ysyna-zhe-ld-k-alu-a-bolatyny-turaly
logo
Қазақстандық студенттер қалайша Польшада, Чехияда, Румынияда оқып, оқу ақысына жеңілдік алуға болатыны туралы

10.09.2018

Қазақстандық студенттер қалайша Польшада, Чехияда, Румынияда оқып, оқу ақысына жеңілдік алуға болатыны туралы

Дариға Исмаилова, 19 жаста, туған жері — Астана, ақпараттық технологиялар және менеджмент университетінің студенті, Жешув


Оқуға түсу туралы

Бесінші сыныпта оқып жүргенімде шетелде оқитынымды білдім. Анам мұны қалады, мен де. 11 сыныпта бізге Польша университетінің өкілдері келді. Мені менеджмент қызықтырды, ал университет жаңа бағыт ұсынып отырды — авиациялық менеджмент. Мұндай бағыт Еуропаның тек үш мемлекетінде ғана бар, ал Польша олардың ішіндегі ең арзаны. Бұл өте қолжетімді және жаңартпашыл болды.

11.jpeg

Оқуға ресми өкілдіктер арқылы түстім. Қиын болған жоқ, тек барлық құжаттарды жинап, ағылшын тілінде сұхбаттасудан өту қажет болды. ҰБТ тапсырған жоқпын, сол себептен қызыл аттестат ала алмадым. Оның орнына бар ынтамды ағылшын тілін меңгеруге бағыттап, жарты жылда оны үйрендім. Нәтижесінде скайп арқылы университет өкілдерімен сұхбаттасудан сәтті өттім, foundation өтіп, оған бір жыл жұмсаудың қажеті болған жоқ.

Оқу туралы

17 жасқа толғанда Польшаға бардым. Оқуға түскен кезімде оқу ақысы 300 000 теңге болды, ал қазір сома шамамен 600 000 теңгенң құрайды. Бұл Еуропаның басқа қалаларымен салыстырғанда арзан. Егер поляк тілінде оқысаң, онда тегін білім ала аласың.

Сондай-ақ, біздің университет бірінші курстарға жеңілдік берді. Бірінші аптада бізде ағылшын және орыс тілінде ІQ-тест өтті. Жеңілдік осы тестті жақсы тапсыруыңа байланысты болады. Мәселен, алғашқы екі адам 100% жеңілдік алды. Мен 50% жеңілдік алып, оқуымның жартысын университет төледі.

Ары қарай өзіңнің GPA, яғни орта баллыңа және университет өміріне белсенді араласуыңа байланысты жеңілдік алуға болады. Мұндай жеңілдікті бірнеше рет алдым, олардың ең үлкені 50% болды. Егер семестрді қайта тапсырусыз жапсаң онда кішігірім 5-10% жеңілдік беріледі. Қосымша дәрістерге, кітапханада көбірек кітап алуыңа, тіпті университет жанындағы SPA баруыңа болады. Осылайша университет сені жақсы оқуға ынталандырады. Сонымен қатар, үлкен артықшылық — оқу ақысын ай сайын бөліп төлеуге болады.

Таңғалатыны бізге бүкіл дәрістерге қатысу міндетті болған жоқ. Оқытушылар материалдарды поштаға жібереді, ал сен барлығын үйде оқи аласың. Меніңше, бұл жақсы, өйткені уақытыңды үнемдеп, өз бетіңше көбірек материал меңгере аласың.

Мен 50% жеңілдік алып, оқуымның жартысын университет төледі


Университетте жыл сайын Қазақстан күні өтетіні қызықты. Оны қазақстандық студенттер тобы ұйымдастырады. Университет азық-түлікке ақша бөледі, ал біз ұлттық тағамдарды дайындаймыз. Бұл басқа ұлттарға Қазақстан және қазақ мәдениеті жайлы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Менің ойымша, Польша қолжетімді болғандықтан білім алуға жақсы. Сондай-ақ, өмір салты да біздің елге ұқсас.

Студенттік өмір туралы

111.jpeg

Егер дербес адам болсаң, онда ешқандай қиындықтар туындамау керек. Бірақ студенттердің көбісі қайтып кетеді, себебі ата-аналарын сағынады және өздері тұра алмайды. Үйде тұрумен салыстырғанда басқа елде ата-анасыз тұру — бұл мүлдем басқа тәжірибе. Бұл сенің әлемің мен көзқарасыңды төңкереді. Әрине, ақшаны басқару үшін қаржылай білімді болу қажет.

Польшада өмір сүру қымбат емес деп ойлаймын, оған қоса мен астанасында тұрмаймын. Жешув — шағын студенттік қала. Қазір диплом қорғауды күтіп, мамандығым бойынша халықаралық компанияда жұмыс істеп келемін. Менің жалақым оқуға, пәтерге, тамаққа және демалуға төлеу үшін жетеді. Еуропада барлығы жақын орналасқан және оңайлықпен көрші мемлекеттерге бара аламын.

Менің жалақым оқуға, пәтерге, тамаққа және демалуға төлеу үшін жетеді


Келешекте қайда тұратынымды әлі білмеймін. Алдымен диплом алып, кейін шетелде көбірек тәжірибе алғым келеді. Және, әрине, Қазақстанға оралып, бұл саланың елімізде дамуына үлес қосуды қалаймын.



Алау Жаукенова, 18 жаста, туған жері — Павлодар, Czech University of Life Sciences Prague студенті


Оқуға түсу туралы

Шетелде оқу жайлы тоғызыншы сыныпта ойлана бастадым. Чехияны таңдадым, өйткені ол Еуропаның орталығында орналасқан ең таза және қауіпсіз ел.

Нострификация — бұл білім туралы құжатты растау


Чехиядағы университетке түспес бұрын нострификациядан өту қажет. Нострификация — бұл білім туралы құжатты растау. Қаңтарда емтихандар басталады. Мен ағылшын тілінде «бизнес-басқару» мамандығына оқуға түстім, ол үшін ағылшын және математиканы тапсырдым. Емтиханға бір-бірден кірдік, адам көп болды, кезектер, үлкен бәсекелестік.

Оқу туралы

22.jpeg

Университеттің бірінші жылында чех тілін оқыдым. Менің ойымша, бұл үлкен артықшылық, өйткені чехтар тек өз тілдерінде сөйлейді, олар үлкен патриот. Мен жеке тілдік курстарда оқыдым және ол жердегі оқу үрдісі мүлдем басқаша ұйымдастырылған. Мұғалімдер мейірімді және материалды қызықты етіп үйретеді. Бірақ ешкім сенің артыңнан жүгірмейді, егер оқымасаң бұл тек сенің қиындықтарың.

Біздің университет үшке бөлінеді: экономикалық, аграрлық, техникалық. Жатақханалар жақын орналасқан. Бұл ыңғайлы.

Егер оқу ақысы жайлы айтатын болсақ, Чехияда чех тілінде білім алу тегін. Және бұл сапалы еуропалық білім.

Студенттік өмір туралы

Мен білетін көп студенттер отбасыдан және үйлерінен алыс орналасқандарына шыдай алмайды. Оған қоса Қазақстанмен төрт сағат уақыт айырмашылығы бар, бұл да қолайлы емес.

Прагада пәтерлер қымбат, сондықта көбінесе студенттер пәтерді бірігіп жалдайды. Студенттердің көбісі жатақханаларда тұрады. Тамаққа көп ақша кетпейді, өйткені олар қымбат емес. Сондай-ақ, саяхаттау ыңғайлы, себебі Чехия Еуропаның орталығында орналасқан.

Сондай-ақ, саяхаттау ыңғайлы, себебі Чехия Еуропаның орталығында орналасқан


Оқу бітіргеннен кейін Қазақстанға оралып, осында алған бар білімімді еліміздің дамуына жұмсауды жоспарлап жатырмын.




Дина Джузбаева, 23 жаста, туған жері — Астана, Universitatea din Bucure ti студенті


Оқуға түсу туралы

Шетелде оқу туралы көп жыл бұрын, жоғарғы білім туралы ойланған кезде шештім. Бастапқы кезде бакалавриатты шетелде оқимын деп ойладым, бірақ Қазақстанда грантқа ие болып, қалып, магистратураны шетелде оқимын деп шештім. Бухарест университетіне тегін түстім. Мен Румыния шет істер Министрлігінен грант ұтып алдым.

3-4.jpg

Бакалавриатта оқып жүрген кезімде Румынияға академиялық ұтқырлық бағдарламасымен бардым. Бұл елде ары қарай оқитынымды шештім, өйткені ол маған мейірімді болып көрінді. Маған бұл жерде ыңғайлы, Румынияның климаты жылы, ал мен үшін бұл үлкен артықшылық.

Әрқашан белсенді болдым, ағылшын тілін білу деңгейім жоғары, оған қоса Румынияда оқып көрдім, сондықтан барлығы оңай өтті


Оқу үрдісі қиын емес, тек құжаттар мен портфолио жинау керек. Әрқашан белсенді болдым, ағылшын тілін білу деңгейім жоғары, оған қоса Румынияда оқып көрдім, сондықтан барлығы оңай өтті. Құжаттарды дайындап, Румыния елшілігіне келіп, сұхбаттасудан өттім. Жарты жыл бойы жауабын күтіп, жазда түскенімді білдім.

Оқу туралы

Менің бағдарламам екі бөліктен тұрады. Бірінші жылы міндетті түрде румын тілінің дайындау курсын өтесің. Ал бұдан кейін тек румын тілінде оқуға міндетті боламыз. Қазір «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураның бірінші курсын аяқтап жатырмын.

Румынияның үздік екі университетінде оқып, жолым болды. Румын тілін Клуж-Напока қаласында Бабеш-Бойяи Университетінде оқыдым. Қазір Бухарест университетінде магистратураны оқып жатырмын.

Білім жүйесі мұнда басқаша, барлық сабақтарға бару міндетті емес және бұл сенің қорытынды бағаңа әсер етпейді. Осылай болғанда бұл тек саған қажет екенін түсінесің, бұл сабаққа баруға ынталандырады.

Ең бірінші мені емтихан жүйесі таңғалдырды. Әрбір профессор өз жүйесін таңдайды: эссе, ауызша емтихан, жазбаша немесе тест. Менің сүйікті пәнім «дипломатияны» Оксфордты аяқтаған профессор жүргізді. Ол өзінің бес кезеңнен тұратын емтихан жүйесін ойлап тапты. Екі ай ішінде бес емтихан тапсырдық, бұл оңай емес болды. Барлық дәрістер ағылшын тілінде өтті, ал практикалық сабақты румын тілінде айттық. Бізге бірден шетелдіктер үшін ешқандай көмектің болмайтынын айтты. Бұл керемет, өйткені біз барлығын түсіну үшін тырысып, оқыдық және өздерімізге туғаннан бері румын тілінде сөйлейтін студенттермен бір деңгейде екенімізді дәлелдей білдік.

Сондай-ақ, менде шағын студент ақы бар — айына 75 евро


Менің университетімнің үлкен артықшылығы — өздерінің, тіпті шетел студенттері үшін де көптеген халықаралық бағдарламаларды ұсынады. Жақында «Эрасмус» бағдарламасы бойынша Португалияда оқуымды бастаймын және онда тегін оқимын.

Сондай-ақ, менде шағын студент ақы бар — айына 75 евро. Студенттерге жатақханалар, түрлі жеңілдіктер беріледі. Магистранттар мен PhD қосымша жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.

Румынияда Қазақстандық студенттер аз және бұл оқу орнын таңдауда бірінші ел емес. Бірақ бұл біз үшін жаңа нәрсе және өз оқуыма өкпелемеймін. Маған осында ұнайды.

Студенттік өмір туралы

Менің ойымша, шетелде оқу — ересек өмірдің үлкен мектебі. Бұл ата-анамен немесе басқа қалада тұрумен бірдей емес. Мемлекет, қала, адамдар туралы ештеңе білмей, қиындықтар пайда болған кезде өз тұрмыстық мәселелеріңді шешу керек. Бұл маңызды тәжірибе.

333.JPG

Сонымен қатар, мүлдем басқаша менталитетке кез болатыныңмен қиындықтар болады. Жақтырмай қарайтын көптеген сәттерге уақыт өте келе басқаша қарай бастайсың. Барлық адамдар әртүрлі, ешкім өзімен болуға қысылмайтынын түсінесің. Қарапайым Қазақстаннан келген адам үшін мұндайды қабылдау қиынға соғады.

Жатақханада тегін тұрамын, бірақ 100-200 евроға бөлме жалдауға мүмкіндік бар. Пәтерде орналасу жеріне қарай 300-400 евроға да жалдауға болады. Қазақстанмен салыстырғанда тамаққа көбірек ақша кетеді, бірақ басқа еуропалық қалаларға қарағанда арзанырақ. Ерекше румын ас үйіне де үйреніп қалдым.

Демалу да бұл жерде қымбат емес. Румынияда тегін транспорт бар, мәселен, румынияның кез келген жеріне студенттер тегін жете алады. Румыния — үшке бөлінген мемлекет. Ең танымалы — Трансильвания. Мұнда ерекше жерлер, көне қорғандар көп. Сонымен қатар, Бухарестте Қара Теңізде демалуға болатын Болгария, Одесса, Стамбул қалаларына шығатын бірнеше автобус бар. Жалғыз нәрсе, Румыния Шенген аймағына кірмейді, сондықтан саяхаттау үшін виза жасау қажет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.