facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-shalva-amonashvlili-d-stemes-boyynsha-ryl-an-gumanist-k-pedagogika-ortaly-y-alay-zh-mys-steyd
logo
Қазақстанда Шалва Амонашвлили әдістемесі бойынша құрылған гуманистік педагогика орталығы қалай жұмыс істейді

19.01.2019

Қазақстанда Шалва Амонашвлили әдістемесі бойынша құрылған гуманистік педагогика орталығы қалай жұмыс істейді

Салима Елеупова, туған қаласы — Астана, «Гуманистік педагогиканың қазақстандық орталығы» жобасының кураторы, психолог, гуманистік педагогика оқытушысы

WhatsApp Image 2018-12-25 at 23.15.38 (1).jpeg


Гуманистік педагогика дегеніміз не


Гуманистік педагогика тұжырымдамасын негізін атақты ұстаз, психолог, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Академиясының толықтай мүшесі Шалва Александрұлы Амонашвили салды. Гуманистік педагогика баланың жеке басына және оның рухани негізіне бағытталған.

Педагогикада екі бағыт бар – авторитарлық және гуманистік. Авторитарлық педагогика қорқыныш, қысым арқылы тәрбие береді. Гуманистік бағыт «өмір – бұл мектеп, ал біз оның оқушыларымыз» деген түсінікке негізделеді. Негізінен бұл жаңа педагогика емес, бұл Сухомлинский және Макаренконың классикалық педагогикасы, ал Шалва Амонашвили оны жаңғыртты.

Гуманистік педагогика баланың мүмкіндіктерін ашуға көмектесе отырып, оның болмысын, ерекшеліктерін толықтай қабылдайды.

IMG_0006.jpg

Гуманистік педагогика субъективті, оның дайын әдістемелері мен құралдары жоқ десе де болады. Бізге, педагогтар мен ата-аналарға оны әрбір балаға деген қатынас бойынша өз жүрегімізден іздеу маңызды.

Гуманистік педагогиканың айтуы бойынша, тәрбие – бұл бейнелер арқылы азықтану. Яғни, бала біздің өмір салтымыз, әрекеттеріміз бен істеріміз арқылы тәрбие алады. Егер біз үнемі шаршаған күйде болсақ, онда біз оларды шаршауға үйретеміз және алда жақсы нәрсе жоқ деп айтатындай боламыз. Сол себепті балалардың бақытты болғандарын қаласақ, өзіміз бақытты болуымыз қажет.


«Гуманистік педагогиканың қазақстандық орталығы» жайында


«Гуманистік педагогиканың қазақстандық орталығы» ресми түрде 2015 жылы тіркелді. Біз 1998 жылы негізі қаланған Гуманистік педагогиканың халықаралық орталығының қамқорлығында жұмыс істеп жатырмыз.

IMG_0340-Edit.jpg

Орталықтың директоры – Марина Таргакова, гуманистік педагогиканың серісі, «Гуманистік педагогиканың қазақстандық орталығының» президенті. Марина Замшарифқызы – психиатрия және эндокриндік патология саласындағы халықаралық патентке ие бес еңбектің авторы, ғылыми ашылымдар мен еңбектердің авторлары халықаралық академиясының толық мүшесі.

Орталықтың міндеті мен философиясы гуманистік педагогиканың мақсаттарымен толықтай сәйкес келеді. Біз өзімізді және балаларды, олардың ата-аналары мен мұғалімдерді дос болуға, бірге қызмет істеуге, ойлануға және өмірде тұлғаның жоғары бағыттарын жүзеге асыруға үйренеміз. Біз бала бойындағы қасиеттердің шексіздігін көруге үйренеміз және оны адамзат пен елге қызмет етуге дайындаймыз.

IMG_20181006_171627_619.jpg

«Гуманистік педагогиканың қазақстандық орталығында» біз үшін баланың өсіп көрген мәдениетті, біздің халық пен еліміздің құндылықтарын бағалағаны маңызды. Мәдениет те белгілі бір бейнені айқындайды. Ал біздің мәдениетіміз бай, бала сол байлықты өзінің бойына сіңіріп алуы мүмкін, мысалы, үлкендерді құрметтеу.


Орталықтың қызметі жайында


Біздің орталық үш бағытта жұмыс істейді: ұстаздар, ата-аналар және балалар.

Ұстаздар үшін біз гуманистік педагогика өкілдері қатысатын педагогикалық оқуларды ұйымдастырамыз, мүмкіндігінше Шалва Амонашвилидің өзі келіп тұрады. Үлкен қоғамдық дәрістер өткіземіз. Бұл іс-шаралардың міндеті – гуманистік педагогиканың қағидаларын тәжірибе жүзінде сәтті қолдану және идеяларымен танысу.

Ата-аналар үшін ашық дәрістер және күндізгі және сырттай оқу түрі негізінде «Ата-аналар университеті» деп аталатын білім беру курсы өтеді. Оның міндеті – әртүрлі ұрпақ өкілдері арасында өзара түсінушілік пен махаббат орнаған бақытты отбасын құру және жаңғырту үшін ата-аналардың, ұстаздардың және балалардың күштерін біріктіру.

IMG_20181013_071634_028.jpg

Жарты жыл бойы ата-аналар гуманистік педагогика негіздерін оқып, өзара қатынасты құруға үйреніп жатыр. Оқыту топтық формада өтеді, осы уақыт аралығында топ мүшелері жақын болып келеді, оқу процесіне жағымды әсер ететін, қиындықтар мен жетістіктер жайында бір-бірімен бөлісуге мүмкіндік беретін сенімгерлік кеңістігі орнайды. Сабақтар аптасына бір рет өтеді.

Балалар үшін бізде Divergent клубы жұмыс істейді. Клубтың мақсаты – бала бойындағы бірегей миссиясы мен бағытын айқындау үшін, әрі оның физикалық, психологиялық және рухани денсаулығы үшін жағдай жасау. Басты қағидалардың бірі – балалар ата-аналармен қатар оқиды. Divergent клубындағы сабақтар аптасына бір рет «Ата-аналар университеті» курсымен бір уақытта өтеді.

IMG_0008.jpg

Ер балалар мен қыздар бөлек оқиды. Ер балалар ер азамат болудың ғылымын ұғынады, жауапкершілік, мақсатқа талыпынушылық, ержүректілік, батылдық сияқты ер адамға тән қасиеттерге үйренеді. Ал қыздар әйел табиғатын ұғынады, қыз болуға, ұқыпты әйел болуға, тамақ әзірлеуге үйренеді.

Барлық сабақтар ойын, шығармашылық шеберлік класы формаларында өтеді. Біздің Divergent клубындағы мақсатымыз – балалар үшін өздерін еркін және жайлы сезінетін сенімгерлік кеңістік жасау.

IMG_20181006_171621_434.jpg

Клуб 7-ден бастап 14 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бұл жасөспірімдік шақ дағдарысы кезінде балалар мен ата-аналар қақтығысатын кезең. Қазірде клубта 15 қыз және 15 ер бала оқиды.

Барлық балалар бір топта оқиды. Әрине, әртүрлі жас әртүрлі мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар өмірде адам әртүрлі жастағы адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Балалар да олардан үлкен және кіші болып табылатын балалармен тіл табысуға үйренеді. Үлкендер кішілерге қамқорлық көрсетуге, ал кішкентай балалар үлкендерге қарап бой түзейді.

IMG_0031-Edit.jpg

Бізде белгілі оқу жоспары бар, бірақ бүгінгі күнде балаларға сезгіш болу керек. Оқытушы мейірбан және ықыласты болуы тиіс: егер балалардың біреуінде дау туса, олар сабақ бойы болған жағдайдың мәнін талқылауы мүмкін. Оқытушының мақсаты – сабаққа келіп материалды жеткізіп беруде ғана емес, ол балалардың қажеттіліктеріне назар аударуы тиіс.


Орталықтың оқытушылары жайында


Біздің оқытушылар – «Гуманистік педагогика академиясында» Шалва Амонашвилиден оқыған немесе оқып жатқан адамдар. Грузияда, Шалва Амонашвили тұрып жатқан жерде, керемет бау-бақшасы бар қонысы мен орталығында балалар, ата-аналар және мұғалімдер отбасылық ортада гуманистік педагогиканы оқиды. Біз бұл курстарды жаз сайын өтеміз, сонымен қатар сырттай оқимыз.

IMG_0499.jpg

Одан бөлек, біздің оқытушыларымыз жетекші әрі жобаға рух беруші Таргакова Марина Замшарифқызынан сабақ алады.


Балалардың жетістіктері жайында


«Ата-аналар университетінде» оқыту жарты жыл жүреді, бірақ осы уақыттан кейін баланың кеткісі келмесе, біз оны келесі қабылдау тобына қалдыра аламыз және ол әрі қарай оқи алады. Divergent клубын бітірген балалар клуб кураторларының көмекшілері бола алады, сонымен қатар өздері шеберлік кластар мен шығармашылық сабақтар өткізе алады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.