facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
memleketten-t-r-yn-yd-alay-alu-a-bolady-zh-ne-o-an-k-mn-y-y-bar
logo
Мемлекеттен тұрғын үйді қалай алуға болады және оған кімнің құқығы бар
Өмір сүру стилі

14.10.2017

Мемлекеттен тұрғын үйді қалай алуға болады және оған кімнің құқығы бар

Тұрғын үй мәселесін шешудің әр түрлі жолдары бар: сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй алу, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу. Біз осымақалада тұрғын үй алуға кезекке қою тәртібі туралы айтамыз.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың жалпы сызбасы мынадай түрде болады:


Әкімдікке қажетті құжаттарды жинау және беру немесе онлайн.

Егер құжаттарда бәрі дұрыс болса – 30 күнтізбелік күн ішінде хабарламаны алу және кезекті бақылау (оны онлайн жасау керектігін біліңіз).

Тұрғын үй комиссиясының құжаттарды қарауы және шешімді беру (қалай болатынын қараңыз).

Шарт жасасу (үлгілік үлгі қалай болатынын біліңіз) және тұрғын үй алу.


Тұрғын үйдің қандай түрлері бар?


жеке тұрғын үй қоры – меншік құқығында жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне тиісті тұрғын үй

мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорынан тұратын және мемлекетке меншік құқығында тиісті, мемлекеттік кәсіпорыннан, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұратын тұрғын үй

коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйді пайдалануға ұсыну бойынша арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) басшылығындағы тұрғын үй

мемлекеттік мекемеден тұрғын үй қоры – тұрғын үйді пайдалануға ұсыну бойынша арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда мемлекеттік мекемелердің басшылығындағы тұрғын үй

мемлекеттік кәсіпорыннан тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның басшылығындағы тұрғын үй.


ҚР тұрғын үй қоры меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерден тұрады. Әкімдіктен тұрғын үйді мемлекеттік қордан немесе әкімдік жалға алған жеке тұрғын үй қорынан ала аласыз.


Егер сіздің ұйымыңызда осы көзделсе және қажетті шарттарға сәйкес келсе қызметтік баспана ала аласыз. Қызметтік баспана мемлекеттік мекеме қызметкері болып табылған уақытқа уақытша беріледі.


Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кім үміткер бола алады?


ҚР баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұру мерзміне қарамастан тұрақты тұру қажет.


Коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан ұсынылады:


Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларға (онлайн жеңілдіктердің болуы туралы анықтама алу)

республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3,1 есе төмен отбасының әр мүшесіне баспана ұсыну туралы жүгінер алдында соңғы он екі ай үшін жиынтық орташа айлық табысы бар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына. Ең төменгі күнкөрістің 3,1 есе мөлшерінің коэффициенті жетім-балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды

мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерлікке үміткерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымындағыларға

ҚР заңнамасына белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтарға.


Мемлекеттен тұрғын алаңының қандай мөлшеріне үміткер болуға болады және тұрғын үй қандай болуы тиіс?


Мемлекеттен тұрғын үй бір адамға пайдалы ауданның 15 шаршы метрден кем емес және 18 шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден артық емес мөлшерде ұсынылуы мүмкін.


Егер отбасында жоғарыда көрсетілген аурулардмен ауыратындар болса, онда оларға жеке бөлме ұсынылады. Сондай-ақ алынатын пәтердің ауданы егер отбасында жүктілігінің мерзімі 22 аптадан артық жүкті әйел болса үлкен болуы мүмкін.


Ұсынылатын тұрғын үй тұрмысқа жайлы болуы, қала сызбасында және мүгедектерге арналған қажетті шарттарды ескерумен орналасуы тиіс.


Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қайда бару керек және қандай құжаттар қажет?


Жүгінудің екі жолы бар. Дәстүрлі – онда жергілікті атқарушы органға, яғни әкімдікке жүгіну, яғни құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет.


Қызметті алуда кезекке қою үшін құжаттарды беру кезінде уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Ол үшін қажетті құжаттарды тіркеп осы сілтеме бойынша өту және ЭЦҚ сұранысына қол қою қажет.


Дереккөзі: egov.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.