facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
the-russian-bear-meyramhanasy-zhuzbay-brend-zh-ne-parizhde-tk-z-let-n-ekskursiya-shetelde-biznes-ornat-an-3-aza-standy-ty-bayandamasy
logo
The Russian Bear мейрамханасы, Zhuzbay бренді және Парижде өткізілетін экскурсия: Шетелде бизнес орнатқан 3 қазақстандықтың баяндамасы
Таңғажайып Қазақстан

12.09.2017

The Russian Bear мейрамханасы, Zhuzbay бренді және Парижде өткізілетін экскурсия: Шетелде бизнес орнатқан 3 қазақстандықтың баяндамасы

The Russian Bear мейрамханасы

Аят Ильяхунов,58 жас, туған қаласы — Алматы, кәсіпкер, бапкер

Тұратын қаласы: Хьюстон


Мен бүкіл өмір бойы спортпен айналысамын. Менің негізгі қызметім — бұл бапкерлік жұмыс. 1995 жылы біз алғаш рет Америкаға Чемпионатқа бардық. Сол кезде Қазақстан үшінші орынға ие болды. Сонда мен америкалық бапкерлермен таныстым, біз бірге жұмыс істей бастадық. Ал 1998 жылы спорт Сарайында біз бірлесіп Қазақстан — АҚШ ережесіз жекпе-жек өткіздік,сол кезде біздің Олег Тактаров қатысты. Сол жекпе-жектен кейін мені Америкаға жұмыс істеуге шақырды, мен келістім. Енді мен Қазақстан мен Ресейден келген жастарға алға басуға, спортта көтерілуге көмек беремін.


ayat-18.jpg


Біз Хьюстон,Техаста The Russian Bear деп аталатын мейрамхана ашуды шештік — себебі «Орыс Аю» деп Олег Тактаровты атаған. Мейрамханада біздің ұлттық тағамдар мен Кеңес Одағынан шыққан бүкіл елдерінің тағамдарын ұсындық: бешбармақ,кәуәп, лағман, мәнті, палау, чебуректер, борщ және басқа да осындай бағыттағы тағамдар. Тағамдарымыз біздікілерге де, шетелдіктерге де ұнайтын. Мейрамханамыз 2009 жылға дейін жұмысын істеді,себебі бұдан ертерек дауыл өтіп, мейрамханамыз қирап қалды.


Біз Хьюстон,Техаста The Russian Bear деп аталатын мейрамхана ашуға шештік — себебі «Орыс Аю» деп Олег Тактаровты атаған


Соңғы жылдар бойы мен бапкерлік жұмысымды жалғастырдым. Өзбекстаннан, Махачкаладан, Қазақстаннан келген жастар көбейе бастады. Біз жаттығуларды жүргізу үшін жаңа жер жалдадық. Қазіргі кезде маған біздің ұлы, аңызға айналған спортшы — Қазақстанның бірінші Олимпиадалық чемпионы, Балқашта туған Василий Жиров қосылды.Қазір ол бас бапкер, келешегі бар және жас спортшыларды жаттықтырады. Ресейлік, қазақстандық және өзбек спортшыларымен бірге бізге америкалық спортшылар да қосылды,біздің мектебіміз оларға ұнады. Қазіргі кезде біз Техас орталығында,Хьюстонда спортшылардың қазақстандық базасын жасауға жоспарлап жүрміз. Сол жерге қазақстандық спортшыларды әкеліп, жиындар ұйымдастырып,оларды үлкен алаңға шығарамыз. Қазір бізге Астанада жүрген Рустам Абдусаламов көмек көрсетеді.


ayat-9.jpg


Қайта қайтсақ, бапкершілікпен қатар мен қайта мейрамхана ашып, оны The Russian Bear деп атадым. Менің мейрамханамда Қазақстаннан келген даяршылар жұмыс істейді. Аспазшы да қазақ,Баха. Ол негізі Құлжадан, содан соң Алматыда тұрды,ал мені оны осы жаққа алып кеттім. Еуропаның да,Азияның да аспаздығын даярлайтын,негізі, бүкілі тамаша қолдан келетін жақсы аспазшы. Жақында Хьюстонда қатты су тасқыны болды. 4 қыркүйек күні біздің мейрамхана Хьюстондағы су тасқынынан зардап шеккендерге қайрымдылық түскі асын берді. Көптеген дүкен қазір жабық. Біз далада палау, кәуәп, чебуректер әзірледік. Біз алдын-ала хабарлама бердік,бұл түскі асты complementary деп атадық. Бұл адамдарға жай ғана жиналып, танысып әңгімелесу үшін жақсы себеп деп ойлаймын.


Міндетті түрде басқалармен ақылдасу керек, себебі егер қандай да бір қателікті жіберсен, сені депортация күтеді


Мен Америкада бизнесімді бастағанда, маған кенес беретін ешкім болған жоқ. Сен далада біреуді көріп,: «Қазақстаннансын ба?Ағам,саламуалейкум!» — деп артынан жүгіресін. Осы сезімді сөзбен қалай жеткізуімді де білмеймін. Екіншіден, тіл болмады, мен ағылшынша сөйлей алмадым. Үшіншіден, қажетті құжаттарым толық болған жоқ. Көп ақшаны мен білмегендігімнен ұстадым, себебі осындай жағдайда да пайда табатын адамдар бар. Мысалы, 100 доллар ғана жұмсауға болатын жерде сен 2000-3000 доллар жұмсайсын. Міндетті түрде басқалармен ақылдасу керек, себебі егер қандай да бір қателікті жіберсен, сені депортация күтеді.


ayat-20.jpg


Осы жерде заңнан аспау керек. Егер сен заңды тындасан, бүкіл істерін дұрыс болса, саған көмек береді, ал егер сен алдап, заңнан асып кетсен, бәрі өтті да кетті. Мигранттарға осы жерде көп көңіл бөлінеді.


Қазір осы жақтарда Қазақстаннан келген студенттер көп, шамамен алты-жеті мың. Мен осы жақта,былайша айтқандай, қала бастығымын,осында тұрғаныма көп жыл болды, сондықтан олар маған белгілі бір мәселелерімен кеңес сұрап келеді. Маған қаншалықты қиын болғаны әлі де есімде, олар менің кезімдегі қателіктерімді қайталамауы үшін бір-бірімізге көмек беруіміз керек.





Экскурсиялар

Жанара Саясат, 31 жас, туған қаласы — Гурьев, жеке гид, блогершы, журналист

Тұратын қаласы: Париж


жанара париж.jpg


Мен 2007 жылы мақсатыммен бағытталып және толығымен зерделі болып Парижге оқуға келдім. Парижде мен Сорбонна магистратурасын және «Ойын және документалды киноға продюсерлік ету» мамандығы бойынша аудиовизуалды өнерінің Жоғарғы мектебін (INA Sup) аяқтадым. Алматыда тұрып , мектеп оқушысы бола тұра мен Францияға қызықтым, Мольер тілін оқи бастадым. Мәскеудегі Ломоносов атындағы ММУ-ны бітіріп,Париждің жоғарғы оқу орнына түсіп көрдім. Бірінші реттен түсе алдым, оқуымды аяқтадым, Парижде қалдым да,осында он жылдай тұрып жүрмін.


Мен Instagram-да Париж жайлы блог жүргізуге бастадым. Мен үшін бұл жай ғана интернетте өзімнің жаңа фотосуреттерімді жүктеуге мүмкіндік сияқты болды. Блогымның танымалдығының жоғарылауы мен үшін таң қалдыратын жаңалық болды,ал оқырмандар мені экскурсия жүргізуге сұрай бастады. Экскурсияларым жаман емес болып шықты, мен сол кезден бастап қазіргі күнге дейін өз жұмысымда шабытымды табамын. Сонымен қоса,менің бірінші рет келген туристтерім кейін екінші,содан соң үшінші-төртінші рет келетін жағдай да болады. Мен жаңа экскурсияларды ойлап шығаруға үлгере алмай жатырмын деп қалжындаймын,себебі тұрақты клиенттерім Парижге жылына бірнеше рет те келуі мүмкін. Гид болудан бұрын,мен Париж ішінде бірнеше сағат бойы серуендейтінмін, қала жайлы сирек кітаптарды жинайтынмын, документалды фильмдер көретінмін, бұл қаланы толығымен зерттейтінмін. Нәтижесінде менің Францияның астанысымен қызығушылығым маған жемісімді әкеле бастады. Қазіргі кезде менде 46 мыңнан астам оқырманым бар және мен олардың алдында үлкен жауапкершілікті сеземін,олар Сена жағасында орналасқан керемет қала жайлы менің баяндамаларымды күтеді ғой!


Гид болудан бұрын, мен Париж ішінде бірнеше сағат бойы серуендейтінмін, қала жайлы сирек кітаптарды жинайтынмын, документалды фильмдер көретінмін, бұл қаланы толығымен зерттейтінмін


Ресми түрде жеке кәсіпкер болып мен 2015 жылдың наурызында тіркелдім. Менің ісім маған тұрақты табыс әкелсе де,мен жұмысымды бизнес деп санамаймын. Мен үшін гид болу — бұл бизнес пен ақша мәселесі емес, тек менің сүйсініп істейтін жұмысым.


file (1).jpg


Мен тек қана белгілі бір туристтің қызғушылықтарына бағытталған жеке экскурсиялар жүргіземін.Бүгінгі күні туристер тобырмен гид артынан жүруге және жоғалып кетпеуге тырысуға қажет ететін топтық экскурсиялардан шаршады деп ойлаймын.Мен ешқашан тобыма алтыдан астам адам алмаймын. Адамдар маған дара тіл табу үшін төлейді. Мен экскурсияларымда туристтерге өз бетімен ешқашан таба алмайтын қызықты жерлерді көрсетемін. Біз Марэ орамының құпия бақшаларын қараймыз, париждік салтанатты жерлеріне кіріп кетуге тырысамыз, мемлекеттік мекемелерге кіреміз,қарапайым емес және айқын емес жерлерді іздестіреміз. Және әрине, бүкіл экскурсия барысында мен Париж жайлы деректерді және қызықты хикаяларды айтуымды тоқтатпаймын. Адамдар сөзбе-сөз бұл қалаға жан-тәнімен батып кетеді. Менің экскурсияма жазылу үші тек қана менің электронды поштама жазу керек. Мен орыс пен француз тілінде жұмыс істеймін,сонымен қоса менің экскурсияларыма қазақстандықтар мен ресейліктер ғана емес,француздар да,тіпті париж тұрғындары да жазылады. Париж тұрғындарына экскурсия жүргізгенде қалтырап тұрдым,сонда да бүкілі керемет өтті!


Мен үлкен бәсекелестікпен соқтығыстым. Париж — әлемдегі туристтер арасындағы аса танымал қалалардың бірі,бұл қалада жүздеген гидтер бар,әуесқойлар да,кәсіпқойлар да жеткілікті.Ал менің жағдайымда менің туристім – бұл менің оқырманым,осылайша бұл менің ерекшелігім болып келеді. Менің клиенттерім ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желіде менің өмірімді бақылайды, біз онлайн байланысамыз,сол себептен менің экскурсияма келгенде,олар экскурсияға таныс адаммен бірге барады,бөтен қалада «өз» адамына келеді. Сонымен қоса мен фотокамерамен жақсы қолданамын. Әр турист қалағаны бойынша экскурсиядан көптеген керемет суреттермен кетеді. Мен шамамен төрт жыл бойы жарықты дұрыс ұстау мен композиция кұру өнерімен айналысамын. Менің әуесқойлығым күндердің күнінде менің мамандығыма айналады деп үміттенемін.


Мен үлкен бәсекелестікпен соқтығыстым


Басында мен,әрине, жеке кәсіпкерлік саласындағы франццуздік салық салу мен заң шығару қиыншылықтарымен соқтығыстым.Бастапқы бухесеп негіздерін оқуға қажеттілік туды, бірақ бұл өзімнің кішкентай және мен үшін соншалықты маңызды ісіме ие болуы сезімімен салыстырғанда сондай ұсақ мәселе.


file (1) (1).jpg


Ең бастысы — жетістікке сенім мен бірінші қадамынан бастап клиенттерге қатысты адалдық.Жеке істе ең маңыздысы — бұл беделін,оны еш бір инвестицияға сатып ала алмайсын.



ZHUZBAY бренді

Айжан Жузбай, 26 жас, туған қаласы — Арыс, киім дизайнері, ZHUZBAY брендінің негізін салушы

Тұратын қаласы: Бейжің


жузбай (5).jpg


Жеті жыл бойы мен Қытайда Бейжің дизайн мен технология институтында Fashion Art Design мамандығында оқып сонымен қатар шығармашылық қызметпен айналыстым. 2015 жылы мен университетті бітіріп өз брендімді аштым. ҚР Тәуелсіздігінің 24 жылына орай Қазақстан елшілігі кеш ұйымдастырды,сол кеште біз мини-көрсету жасап, алғаш рет халықты біздің брендімізбен таныстырдық. Содан соң, 2016 жылғы 25 наурызда,біз Mersedes Benz China Fashion Week-те толық көрсетілім жасадық. Осыдан кейін брендіміз танымал бола бастады.


Менің Қытайға келгенім — тағдырдың қалауы. Ең басында мен өз достарыма образдарды жасай бастадым,содан соң тапсырыстар келе бастады. Бренд жасау, киім өндіріс компаниясын жасау менің бұрыннан келген мақсатым болды, сондықтан менің әр қадамым мені мақсатыма жақындатты. Бала кезімде мен үлгіші-дизайнер боламын деп армандадым, себебі маған үлгілер жасау қатты ұнайтын, кутюрье болғым келді, тікелей жоғарғы сәннің дизайнері болғым келді. Бірақ сол кездегі адамдар осыны түсінбейтін,олар үшін тек қана тігінші мен костюмдер бойынша суреткерлер ғана болды.


Мен жетекшілерге,self-made people-ге,бизнес адамдарына,батылдарға арналған киім жасаймын


Бренд ZHUZBAY деп аталатын себебі — бұл менің тегім. «Жүз» дегені жүз санын,мөлшерді,әртүрлілікті, бет пен абыройды, ал «бай» - бұл байлық пен тоқ адамды білдіреді. Егер мен халықаралық деңгейде қазақстандық брендті жасасам, онда бұл қазақ сөзі — жай, қолжетімді және түсінікті болу керек. Себебі бренд атынан бірден қай мемлекеттен шыққанын түсінікті болады: Едзи Ямамото — бұл Жапония, Brunelle Cucinelli — бұл Италия, Lanvin — бұл Франция. Басқалар сияқты болмай, өз дәстүрін, өзінің ішкі ерекшелігін және кеудемсоқтығын көрсету — бұл да батылдықтын белгісі.


жузбай (4).JPG


Өзімнің топтамаларымда мен ұлттық белгілерді қолданамын,негізінде маған Тенгри уақыты ұнайды. Менің бірінші топтамам Unbroken деп аталады, бұл — «жеңілмеген», «беті қайтпаған» — яғни рухымен,денесімен жеңілмеген дегенді білдіреді. Мені Нельсон Мандела,Коко Шанель сияқты жетекшілер шабыттандырады.Мен жетекшілерге, self-made people-ге , бизнес адамдарына,батылдарға арналған киім жасаймын. Менің топтамам мықты рухты насихаттайды. Жеңілмеген — бұл жеңісті біреудің қолына бермеген адам. ZHUZBAY бренді орындаушылықтың жоғарғы сапасы мен дизайннің бірегейлігінде акцент жасап, халықаралық деңгейдегі премиум-классты бренді құруға ұмтылады. Біздің бренд ұмытылмас әсер береді және өнерді киіп көруге жарамды қылдырады. Екінші топтамам Brave деп аталады — яғни,батыл,ал үшінші топтамам — Smart деп аталады. Олардың барлығы ой бойынша рет-ретпен келеді:басында адам тұлға ретінде көрсетілді,яғни жеңілмеді, әрі қарай жылжи бастады, яғни ол батыл, оның ерік күші бар, және соңында, ол аусар,батыл,бірқилы және басқа жұрттың арасынан бөлінеді.Келесі топтамам Forte деп аталады – яғни, бірінші,жетекші.


Fashion business пен сән индустриясы шыдамсыз,дегбірсіз,көңілшек және кедей адамға саналмаған


Көптеген қиыншылықтармен соқтығыстым,кейбіреулерімен әлі күнге дейін соқтығысамын. Fashion business пен сән индустриясы шыдамсыз,дегбірсіз,көңілшек және кедей адамға саналмаған. Бұл ішінде жыландар тығылған әдемі ертегі. Егер сен премиум-классты таңдасан,бұл жерде тек қана аты мен брендтің танымалдығы үшін ғана емес, тірі қалу үшін соқтығыс жүреді,себебі көп жылдар бойы өз атын жасаған көптеген жақсы брендтер бар. Және сол брендтермен қазіргі кезде бәсекелесу өте қиын болса да,сонда да мүмкін. Брендттердің алдындағы менің басымдылығым мен ерекшелігім — мен франциялық, жапондық, италиялық дизайнерлерінің арасынан шыққанның «біреуі» емеспін. Әлем бойынша Қазақстаннан шығып, әлеммен қолданған брендтер аз және әлемдік мәртебесіне ие болуға мүмкіндігі бар адамдар аз. Бірақ жатқан тастың астынан су өтпейді,әрі қарай қозғалу керек. Мен соқтығысқан бірінші қиыншылық – бұл fashion-индустрия бойынша жақсы консалтингтік компанияның жоқтығы. Мен өзімнің fashion-бизнесімді Қытайда дамытып жүрген себебінен, әрине, мен сол жерде кеңесшілерді іздедім. Соңында мен ақпаратты өз бетімен іздестіруге мәжбүр болдым, себебі мен Қазақстанның азаматымын,ал Қытайдың консультанттары посткеңестік менталитетіне ие болмай,мен түсінетіндей маған түсіндіре алмады. Қазақстанда маған дұрыс көмек бере алатын кеңесшілер болды, біірақ олар көбінесе азиялық емес,еуропалық нарық жағынан мықты болды.


жузбай (2).JPG


Қазір жақсы мата,сапалы фурнитура табу өте қиын. Жақсы қызметкерлерді табу қиын. Бірақ басында әрқашан да қиын болады, Неге менің топтамам Unbroken деп аталады,себебі мен қиын болатынын басынан білдім, бірақ бұл жолды өту менің міндетім болды. Бұл үйге іргетас қою секілді, кейін екі жыл өткеннен кейін мен одан аса батыл болып шықтым.


Менің алғышқы кеңесім — халықаралық брендтерде тәжірибені өту керек, себебі fashion-дизайнерлерден бөлек басқа да мамандықтар бар: fashion buyer,стильші, мерчендайзер, фотограф, үйлестіруші, PR-менеджер, редактор. Киім дизайнерінен басқа бұл сән индустриясын қозғайтын көптеген басқа да жұмыс түрлері бар. Дизайнер барлығын өз қолымен жасай алмайды, ал осы мамандардың барлығы қажет,себебі әйтпесе, халық біздің өнеріміз жайлы естімес еді. Бұдан бөлек, нақтылап бизнес-жоспарды жасау керек. Және міндетті түрде әрқашан қосымша жоспар болу керек.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.