facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-reseymen-shekaralas-auyldarda-alay-t-ratyndary-zhayly
logo
Қазақстандықтар Ресеймен шекаралас ауылдарда қалай тұратындары жайлы
Таңғажайып Қазақстан

19.03.2018

Қазақстандықтар Ресеймен шекаралас ауылдарда қалай тұратындары жайлы

Женатова Анара, 27 жаста, Талшық ауылы


1.jpg

Талшық Солтүстік Қазақстандағы Ақжар ауданында орналасқан. Талшық — аудан орталығы. Үш мыңдай тұрғыны бар. Барлық адамдар жұмыс істейді, ауылда банк, аурухана, екі мектеп, білім бөлімі, РОВД, Қазақтелеком бар. Әрине, біздің шекаралық ауданда тұратынымыз қуантады, бізден 200 шақырым жерде Омбы қаласы орналасқан. Омбыға жылына үш рет барамын, онда көптеген туыстарым тұрады. Маған ол қала ұнайды, ол қонақжай, жайдарлы адамдарға толы және әдемі ескі архитектурасы бар.

be8d41377e98cc3c7c015a45c4ad91dc.jpg

Біздің Ақжар ауданы Ресеймен тығыз қарым-қатынаста. Мысалы, олар біздің карьерлерден қиыршық тас тасиды, бірақ өкінішке орай, бұл жолдарымызға жаман әсерін тигізеді. Біздің ауданның адамдары Рессейдің Омбы және басқа да жақын орналасқан қалаларына жиі барып тұрады. Кейбір тұрмыстық техникаларды Көкшетауға қарағанда Рессейден әкелген арзанырақ.

Аксары ауылында рессейлік Теле2 байлынысын қоладанылады, ал бұл ауылдан 3 шақырым жерде Екатеринославка ауылы орналасқан. Ол жақта біздің тұрғындар жиі сауда жасайды. Бағалары біздікіне қарағанда тиімдірек. Дүкендерімізде қазақстандық та, рессейлік те тауарлар бар.

3.jpg

Мен жергілікті мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Талшықта екі мектеп бар — қазақ тілді және аралас. Көп оқушылар ресейлік білімді таңдайды, түлектердің арасында кемі бес адам рессейлік университеттерге түседі, көбінесе ОмГПУ, ОмГТУ-ға және медициналық колледжге.

Әрине, мен өз ауылымды жақсы көремін, маған мұнд ұнайды. Бірақ гер болашақта Омбыға көшуге мүмкіндік болса, мен көшіп кетер едім. Мен екі елдің патриотымын деп те айтуға болады.

4.jpg


Бейсенова Айгерим, Ақсары ауылы


5.jpg

Біздің ауыл Солтүстік Қазақстанның Ақжар ауданында орналасқан. Ауылымыз бұрын үлкен совхоз болатын, ал қазір адамдар кетіп жатыр, үйлер азаюда, шамамен 53 үй ғана бар. Мен Ақсарыда 2009 жылдың 6 желтоқсанынан бастап тұрамын. Сол күні күйім мені алып қашты, сол кезден бастап осында тұрып жатырмыз. Өзім Ресейдің Омбы қаласының Шербакуль ауданы, Кудук-Чилик ауылынан боламын. Әпкемнің туған күніне келгенмен, содан Ақсарыда тұрғаныма сегіз жыл болды.

Шекарамыз тікенек сымымен қоршалған. Бұрын сым болмаған кезде малдарымыз шекарадан асып кете беретін, қазір жақсы болды. Оларды Рессейден қууға мәжбүр едік, үлгермеген жағдайларда айыппұл төлейтінбіз.

6.jpg

Бізде үлкен дүкендерімз жоқ, тек поштаның жанында және үйдің ішіндегі ұсақ дүкендер ғана бар. Кейде бізде рубль қабылдайды. Байланысымыз да рессейлік, мысалы менің телефонымның операторы МТС, күйеуімде Теле2. Бізбен үлкен Екатеринославка ауылы шекаралас. Онда осы байланыс операторларының төмпешіктері орналасқан. Ал қазақстандық ең жақын Beeline төмпешігі бізден алыстау орналасқан және ол байланыс операторы онша жұмыс істемейді.

7.jpg

Азық-түлік ауданға қарағанд қымбаттырақ. Көбісі тамақты ауданнан алады. Рессейге адамдар дүйсенбі сайын барады, өйткені дүйсенбі күні шекара 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық тұрады. Шербакульге де баруға болады. Бұл аудан Қазақстанмен шекаралас. Менің күйеуім көбінесе сол жаққа азық-түлікке және көліктің саймандарына барады. Менің анам мен сіңілдерім Омбыда тұрады. Оларға тек демалыста немесе мерекелерге шақырғанда ғана барамыз.

Мектепте бала аз, бірақ мұғалімдер мен қызметкерлер жеткіліксіз. Ауылға ешкімнің келіп, жұмыс істегісі келмейді. Мұғалімдер кеткенде, ата-аналарға балалары үшін қалаға көшуге тура келеді. Ауылда жұмыс аз, көбінесе мал бағумен ғана айналысады.

8.jpg

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.