facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astana-nen-yreted-elorda-t-r-yndaryny-15-asiet
logo
Астана нені үйретеді: елорда тұрғындарының 15 қасиеті
Таңғажайып Қазақстан

27.05.2017

Астана нені үйретеді: елорда тұрғындарының 15 қасиеті

БІЗ Астана тұрғындарының көпшілігі бас қалада өмір сүруге қажет қандай қабілетке ие екенін еске түсіруді ұйғардық.


— астаналықтар жергілікті климаттың тосынсыйларына қашан да дайын. Жазда олардың қолдарында жеңіл күртеше, ал қыста — жылы жейде жүреді


— қыздар өздеріне желден бұзылмайтын әдемі шаш үлгілерін жасауды үйреніп алған


— жаяу жүргенді ұнататындар аулалар мен тар бұрылыстарда жолды кесіп өтеді


— астаналық көлік сүйерлердің көлік айдаудың экстремалды стилі елордалықтарды жолда кез келген жағдайға дайын болуға үйретті. Оның жарқын мысалын көлікті тез тоқтататын жүргізушілер немесе өзге көліктің жолда көлік тоқтатқандарды алып кету үшін тоқтаған көліктің алдына түсіп алатынынан көруге болады.


— астаналықтар қаланың кез келген нүктесіне 500 теңгеден аспайтын ақшаға бара алады


— мейрамханаларда жергілікті қызмет көрсетудің кемшіліктеріне шыдамдылық таныту жолға қойылған


— бес күн қатарынан мінсіз үтіктелген көйлек немесе етек киіп жүру? Мұнда ол сөз жоқ орындалады

— астаналық тұрғын қыста байпақпен және жазда сүйретпемен велосипед тебе алады

астана тұрғындары.png


— сондай-ақ, ол өз қаласында адасып кетуі де мүмкін, кейін навигаторды іске қосу үшін оған көліктегі пештің жанында үсіп қалған айфонды жылытуға тура келеді


— астаналықтар өмірде еш көрмеген және бейтаныс адамдармен бір үйде тұру дегенді жақсы үйренген


— соңғы кезде көшелер атауларының жиі өзгеретінін ескере келе, елорда тұрғындары жаңа көшелер мен қала ішіндегі бағыттарды есте жақсы сақтайды


— кинопремьералардың толық тізімі мен кинотетатрдағы акциялар астана тұрғындарын кино билетін тез сатып алуға үйретті


— астаналықтар қаланың ең танымал ғимараттары мен орындары туралы қызықты деректерді жақсы біледі, себебі олардың арасында қыдырып келген туыстар мен достарына экскурсия жасайтын белгілі бір адамдар болады


— астаналықтар күнділікті көшеде кездестіретін шетелдіктердің француз, ағылшын, неміс немесе басқа тілдерде сөйлегеніне таң қалмайды


— Алматы мен Астана тұрғындары арасындағы бітпейтін келіспеушіліктерінде астаналықтар Астананың ең жақсы қала екенін епті түрде дәлелдеуді үйренген.


Материалды дайындауға көмектескені үшін Людмила Шикер мен Евгений Кугайға алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.