facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-sh-franciya-chehiya-shet-elge-alay-onys-audaru-kerek
logo
АҚШ, Франция, Чехия: шет елге қалай қоныс аудару керек

16.01.2018

АҚШ, Франция, Чехия: шет елге қалай қоныс аудару керек

Бидана Мусина, 26 жаста, туған жері — Алматы, қаржы сарапшысы

Тұратын елі: Прага, Чехия


IMG_0092.JPG

16 жасымда Прагаға студенттік виза арқылы шетелде оқу бағдарламасымен бардым. Бір жыл бойы тілді үйреніп, емтихандарға дайындалдым, кейін университеттке түскеннен кейін студенттік визаны ұзартуға өтініш білдірдім.

Үш жарым жыл қаржы мамандығы бойынша бакалавриатта, кейін екі жыл магистратурада оқыдым. Магистратураны бітірерде, мамандығым бойынша жұмыс тауып, жұмыс визасын алдым.

Заң бойынша осы жақта тұрақты тұру үшін бес жылдық жұмыс визасы немесе он жылдық оқу визасы болу керек. Жалпы алғанда, менде жеті жылдық студенттік визасы мен жұмыс визам болды, осыдан кейін ғана 2016 жылы өтініш білдірдім.

Өтініш білдірер кезде чеш тілін білетінін растайтын қағаз болуы керек.

Мен университетте чеш тілінде оқығам, сондықтан менің дипломым ол құжатты алмастырды. Ал, күйеуім ағылшынша оқыған, ол чеш тілі бойынша тест тапсырды. Сондай-ақ, отбасы мүшелеріне қарай тұрақты жалақын болуы керек. Біздің отбасымызда — үш адам, сондықтан табысымыз жоғарылау болуы керек еді. Тағы маңызды нәрсенін бірі — сақтандыру. Ай сайынғы табыстың 30%-ы зейнетақыға, әлеуметтік жинақтарға және сақтандыруға кетеді. Студент болғанымызда, мұнын не үшін керек екенін түсінбейтінбіз. Ал, қазір балам мен отбасым болғандықтан, оның ыңғайлы екенін түсіндім. Біз кез-келген уақытта тегін медициналық көмек ала аламыз, сақтандыру да кейбір дәрі-дәрмектің бағасын жабады.

IMG_3591.JPG

Қиындықтар жайлы айтатын болсақ, 2008 жылы Чехияда электрондық жазу жүйесі болмағандықтан, миграциялық комиссияға үлкен кезекте тұру керек болатын. Қазір мұндай жоқ, еш алаңсыз электронды кезек алып, белгіленген уақытта келуге болады. Әрдайым құжаттарды тексеріп отыру керек, бірақ егер сіз жұмыс істесеңіз, құжат бойынша алаңдамауға болады. Қандай да бір кедергілер болса да, оны шешуге болады. Чехияда экспаттарға көмек көрсететін арнайы тегін қызмет бар. Немесе көші-қон қызметіне хабарласып, сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.

Студент кезімізде чехиялық өмірге аса мән бермейтінбіз, бірақ қазір өзімізді үйдегідей сезінеміз. Чехияда жұмыс табу оңай, бұл жерде жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші. Сондай-ақ, экспат болсақ та, мемлекет тарапынан қолдауды сезінеміз. Біз Еуропаға көшіп, бұл жерде қиын жағдайд күн-көріс көріп жатқан жоқпыз. Отбасымызға Чехияда ыңғайлы.


Айгерим Сатыбалдина, 25 жаста, туған жері — Кокшетау, студент

Тұратын елі: Париж, Франция

IMG_8377 (1).JPG

Мен Парижге 2015 жылы көшіп келдім. Көшуіме, Францияда тұратын, жігітім себепкер болды. Біз екі ел арасында екі жарым жылдай кездесіп жүрдік. Біз үшін ыңғайсыздау болды. Бұнымен бір нәрсе істеуіміз керек деп ойлады, содан мен көшуге бел будым.

Францияға AuPair бағдарламасы бойынша келдім. Бағдарлама туралы көп адам біле бермейд, бұл бағдарлама — шетелде тұрып, тілді үйренуге мүмкіндік беретін жақсы мүмкіндік.

Бағдарлама бойынша, сен басқа елге көшіп, саған жұмыс ұсынған отбасында тұру. Бұл өзара мәдениалмасу сияқты.

Мен тамыз айында Францияға барамын деген жоспарымыз болған, сондықтан ақпан айында құжаттарымды жинай бастадым. Визаны агенттіктің көмегіне жүгініп алдым. Ең бірінші керек болған нәрсе — тіл білетінінді дәлелдейтін құжат. Университетте мен ағылшын және неміс тілін оқығанмын, француз тілін мүлдем білмеймін. Содан кейін, сертификатты алу үшін тілді түрлі видероликтер мен интернеттегі курстар арқылы үйрене бастадым. Наурыз айында емтихан тапсырып, бастапқы кезеңді білетінім туралы сертификат алдым. Содан кейін, агенттікпен жұмыс істеп, түрлі қағаздар мен сауалнамаларлды толтырлым, ағылшын және француз тіліндегі сұхбаттардан өтіп жүрдім.

IMG_8771.JPG

Визаны тез алдым, жалпы барлық процесс оңай өтті. Бірақ, Францияға келгенде, бастапқыда қиындықтар болды. Мен француз отбасында сағат 16:00 ден 20:00ге дейін бала күтушісі болып жұмыс істедім. Баланы мектептен қарсы алу, онымен сабақ жасау, кітапханаға, қосымша сабақтарға бару және ойнау — осының барлығы менің міндетім еді. Жұмыс қиын емес, сонымен қатар баспана мен шығындарына кететін ақша беретін. Басты қиындық менін француз тілін, ал балалардың ағылшын тілін білмеуінде болатын. Сондықтан барлығын қимылдармен көрсету керек еді.

Біз қала маңында тұратынбыз, сондықтан сабаққа, Парижге жету үшін бір жарым сағат кететін. Онымен қатар мен уақытылы баланы мектептен қарсы алып, сабағымды да орындау керек еді. Бұл стрессті еді. Уақыт айырмашылығы, басқа тағамдар әсер етті, оған қоса жігітім ұзақ уақыттағы іс-сапарда еді. Сол кезде қайтадан агентікке хабарласып, оларға жағдайымды түсіндірдім. Бір апта ішінде олар маған басқа отбасыны тауып берді. Олар Парижде, дәл Эйфель мұнарасының жанында тұрды. Ол үйде мен бір жарым жыл тұрдым.

Қазір менде студенттік виза, азаматтығымды ауыстырғым келмейді. Алайда он жылға виза алу жоспарымда бар. Ол үшін тұрақты жұмысым болуы керек.

Францияға көшіп кеткеніме өкінбеймін. Қазіргі уақытта бір жерде өмір сұру — қызықсыз, өйткені етпейтін саяхаттауға болатын көптеген мүмкіндіктер мен көп білім мен ақшаны талап етпейтін бағдарламалар бар. Бастысы — қорықпау. Барлық жерде, көмек қолын созатын, адамдар бар. Әр адам алдына мақсат қойып, оған ұмтылуы керек.



Аида, 23 жаста, туған жері — Көкшетау, үй қызметшісі

Тұратын елі: АҚШ, Огайо штаты, Цинциннати

Америкаға 2015 жылы WorkandTravel бағдарламасы бойынша келдім. Ол кезде Еуразия Ұлттық университетінің үшінші күрсын аяқтап, көшу туралы жоспарламаған едім. Визам қыркүйектің соңына дейін болды, жоспарымда жұмыс істеп, саяхаттап үйге қату болған еді.

Бірақ, осында келгенімде бірден болашақ жарымды кездестірдім. Ол үш жыл бұрын Америкаға Қырғызстаннан көшіп келген. Визаның мерзімі жақындап келе жатқанда, Америкада қалу туралы ой пайда болды, аздап күмәндандым, өйткені ол кезде күйеуімді үш ай ғана білетінмін, дегенмен күмәнға қарағанда сенімім мол болды, бірден оның менің адмым екенін түсіндім. Өмірім түбегейлі өзгеретініне сендім және осында қаламын деп шешім қабылдадым.

Күйеуімнің тұрақты тұруға рұқсат беретін қағазы болған, содан біз үйлендік. Некеміз қиылғаннан кейін, барлық құжаттарымызды жинап, көші-қон мәселесін шешуге кірістік, бұл мәселемен адвокатымыз айналысты. Бұл ұзақ уақытты алатын процесс.

Америкаға адамдар көбінесе мақсатты түрде көшеді, бірақ егер де мен Америкада күйеуімді кездестірмесем, мұнда қалмас едім. Менің Қазақстанда оқуым аяқталмай қалды. Одан бөлек, басында әкем бұл жаңалыққа наразылықпен қарады. Мен үйдің үлкенімін және әрқашан барлық шешімді өзім қабылдап, жауапкершлікті өзім арқалайтынмын.

Бастапқы кезде үйреніп жүрдім, маған жұмыс істеуіме рұқсат алу керек еді. Бір жылдан соң Walmart дүкеніне жұмысқа тұрдым. Оның жалақысы көп болмада, мен тек ортамның ағылшын тілінде сөйлегенін қаладым. Аяғым ауыр болған кезде, Америкадағы әйелдер соңына дейін жұмыс істейтініне және декреттік жәрдемақыны тек 6 апта ғана алатынын білдім.

Бұл жерде маған ыңғайлы, аса қатты қиындықтар болған жоқ. Сонымен қатар, қаламызда ,біз араласатын, ТМД елдерінен көптген адмдар тұрады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.