facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alymzhan-moldanazar-ne-natatyny-100-zha-a-le-der-zh-ne-batyrmen-kezdesu-zhayly
logo
Ғалымжан Молданазар не ұнататыны,100 жаңа өлеңдері және Батырмен кездесуі жайлы

01.10.2017

Ғалымжан Молданазар не ұнататыны,100 жаңа өлеңдері және Батырмен кездесуі жайлы


Шығармашылығы мен өзі туралы



Мен өмір сүруді сүйемін.


Мен тыныштық пен байсалдылықты сүйемін. Өз ата-аналарым мен балаларымды сүйемін.


2017-09-21 01.04.14 1.jpg


Мен музыканы жазғанда, бүкілін кетуге өтінемін де, студиямда жалғыз қалуға тырысамын. Менің өлең мен музыканы жазуым көңіліме байланысты, қандай мәселелер мені тынышсыздандыратыны, қуантатыны, көңілімді алатыны және сол кезде менің күйім қандай болғаны жайлы жазамын. Мен күн сайын жазамын, менде ешкім естімеген 100-ден астам жаңа әндерім бар. Жұмыссыз отыра алмаймын, егер бос уақыт пайда болса,мен жедел студияма барып, жұмысымды бастаймын. Қала сыртында немесе басқа қалада болсам да,менде өзіммем бірге әрқашан айпадым,қажетті бағдарламалары бар ұялы телефоным бар,олардың көмегімен де жазамын . Мен бұл іспен айналысуды жақсы көремін. Жылдың соңына дейін бірнеше әндерімді жариялаймын деп ойлаймын. Сонымен қоса менде осы уақытқа дейін қолданбаған бірнеше бағыттарым бар. Бізде жоспарларымыз бар, 2018 жылы бұл жобаларымызды іске асырамыз деп ойлаймын.


Бала кезімнен менде бір арманым болды — топты жинап, жанды дауыспен ойнау,бұл маған үнемі қызықты болатын. 2015 жылы мен жігіттерімді жинадым. Ең басында Сонин Алексеймен таныстым, ол біздің бас-гитарашымыз, содан соң Алексей өз достарын шақырды. Сол уақыттан бастап біз үш жыл бойы бірге ойнап жүрміз.


Менің музыкант болу жолымда маған көп адам көмектесті. Бірінші адам — бұл менің Есбол Әуез мектебіндегі музыка мұғалімі, Лайла Насылханова, мен онымен бірге Қызылордада жұмыс істедім, Айса Садвакасова, композитор Сержан Бақытжан, Ерболат Беделхан. Әр адам — бұл менің өмірімнің түрлі кезеңі және әр адаммен менде өз оқиғаларым бар,бірақ әр бірінен мен көп зат үйрендім.


2017-09-21 01.04.06 1.jpg


Менімен болған ешқашан естен кетпес оқиғам — бұл Батырхан Шукеновпен танысуым шығар. Мен бір кеште өнерімді көрсеттім және ән айтуды аяқтағанда,бізге тез кетуге керек болды. Мен аспаптарымды жинап шыққанда,сол кезде «Ғалымжан» деп біреудің шақырғанын естідім. Бұрылсам, Батыр тұр. Бұл шыңымен күтпеген жағдай болды, маған әрдайым онымен танысқым келді.Бұл шағын, бірақ жанды сөйлесу болды. Бұл он минуттық сөйлесу маған қымбат, менде Батырмен сөйлесуге мүмкіндігімнің болғаны үшін өте қуаныштымын және алғысымды білдіремін.


Егер қиыншылықтар жайлы айтсақ, ең басында әрқашан — бұл ақша. Музыканы жазуға қажетті аспаптарды, жабдықтарды сатып алуға қажетті ақша. Қалғанында мен еш қиыншылықты көріп жүрген жоқпын, себебі мен музыканы сүйдім және менің Алматыда болғаныма себебімді білдім.


2017-09-21 01.04.16 1.jpg


Іс жүзінде қазіргі кезде менде еш қиыншылықтар жоқ. Егер қарасақ, біздің еліміз тыныш, бірақ біз үнемі адамдардан бүкілі ойдағыдай емес жайлы наразылықтарды естиміз. Бізде бәрі жақсы,қиыншылықтар себебін іздемей,тек қана алып,жасау керек.Басқаларды кінәраттамай, өз ісінмен айналысу керек. Бізде барлығы тыныш, жанжалсыз болғанын бағалап, дүниені одан аса жақсартуға тырысу керек. Үнемі зарланбауға және бірдене істеуге тырысатын адамдарды пішіп‑кеспеу керек.


Шығармашылық — бұл адамның әлемі. Халық оның қандай болу керегін айтпауы керек. Ол нағыз, табиғи болу керек. Шығармашы қандай болса,шығармашылығы да сондай болу керек. Мен жазғанда, жобамды соңына дейін аяқтамағанша, адамдардың пікірін сұрамаймын, себебі біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Ал адамдар үнемі: «Осы жерде осылай жақсы болады» деп бастайды, ал кейбіреулері: «Осы жерде басқаша болса,жақсырақ болар еді» деп айтуы мүмкін. Сонда адам абыржып қалады. Мысалы, маған көптеген жас музыканттар жазады, «Сіз қалай ойлайсыз,не ойлайсыз?» деп сұрайды. Ал мен: «Ешкімді сұрама. Ешқашан осылай істеме, себебі әр адам саған не дұрыс емес екені жайлы өз пікірін айтады. Кейін сен өз шығармашылығында күмәндана бастайсын» деп айтамын.


2017-09-22 01.14.26 1.jpg


Жиі ұйқы алдында мен музыка естимін және сол кезде мен оянуға тырысып, басыма келген бүкілін жазып аламын.


Әр әннің өз тарихы бар. Және мен маған қазіргі кезде менімен болып жүргеніне старт пен бастау берген «Ақпен бірге» әніне алғысымды білдіремін.


Екі жылдан аса біз тек бір бағдарлама ойнаймыз. Менде бұрынғыдай студиямда отырып, жаратуға мүмкіндігім жоқ. Бұрынғыдай уақыттың жетіспеушілігі көңілімді қалдырады. Үнемі шектеулер, күнтізбелер. Бірақ бұл жақсы екенін түсінемін, мен осындай жағдайды армандадым. Бірақ ең біріншіден мен бостандықты сүйемін. Қазір менде бұрынғыдай бостандығымнын жоқтығын түсінемін. Жазда мен мүлдем демалған жоқпын, көлге барып, жүзетін жағдай да болған жоқ. Жазда бір жерге барып келуді жоспарладым, бірақ кейін бұл жоспардың мүмкін еместігін түсіндім. Себебі апта сайын концерттер, оларға дайындалу керек, бұл негізі жақсы,бұл мені қуантады. Бірақ қазіргі кезде мен шаршағанымды сеземін, демалғым келеді. Жаңа жылға дейін бізде бүкіл күндеріміз жоспарланған, жұмысымды бітіріп, қаңтарда демалуды жоспарлаймын.


2017-09-22 01.14.23 2.jpg



Қалалар жайлы



Мен жиі Астанада боламын. Осы жерде бізде концерттеріміз, өнер көрсетулеріміз өтеді, Астанада Алматыға қарағанда жабық концерттеріміз көбіректеу. Бұл үнемі жастар форматы, менің музыкамды түсінетіндер үшін. Мен көргендей, осы жерде мейманханалық мәдениет, клубты өмір одан аса дамиды,мүмкін, сол себептен осы жерде өнер көрсетуіміз көбірек.


Соңғы кездері мен Астанаға үйреніп қалдым. Әрдайым, осында келгенде, осы қалаға махабатым одан аса өседі. Жыл сайын бұл қала одан да жақсы және қызықты, бірақ әзірше мен Алматыдан Астанаға көшу жайлы ойлаған жоқпын. Мен Алматыға үйреніп қалдым. Маған бұл қала ыңғайлы және бұл қаламен менде көптеген есте қалғанда оқиаларым байланған.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.