facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
otbasyly-byudzhett-alay-zh-rg-zu-azhet-madina-baybolovany-3-m-rl-k-aksiomasy
logo
Отбасылық бюджетті қалай жүргізу қажет. Мадина Байболованың 3 өмірлік аксиомасы
Өмір сүру стилі

13.07.2017

Отбасылық бюджетті қалай жүргізу қажет. Мадина Байболованың 3 өмірлік аксиомасы

Мадина Байболова, жазушы, «Тұрмыстағы әйелдің кітабы» кітабының авторы

1. Отбасындағы қаржыға ер адам жауапты. Әйелдің рөлі — отбасының қаржылық жағдайын құруға және қолдауға күйеуіне көмек көрсету.

Әйелдерге емес, ерлерге табиғаттан бай әрі табысты болуға барлық қасиеттер берілген. Егер келіспесеңіз, Форбс тізімін ашып, ондағы ерлердің қанша екенін, әйелдердің қанша екенін санап шығыңыз.

2. Давлатовтың жүйесі «Есеп моделі» отбасындағы қаржыны реттеуге көмектеседі.

Осы жүйеге сай кіріс ағынын әр түрлі әмияндар немесе есепшоттарға бөлу керек.

– өзіндік шот бұл — күнделікті қажеттіліктерге арналған ақша: тамақтану, коммуналды қызметтерді төлеу, мектеп, бензин мен басқа да бас тарта алмайтын тұрақты шығындар.

– капитал бұл — ақша жинақтау және қаржымызды молайту үшін шегерілген ақша. Ол депозитте жиналады, алайда оны салып, пайда көруге болатын мүмкіндік болса, онда бұл мүмкіндікті қолдану керек. Сондай-ақ, бұл әмияннан ірі заттар да сатып алыады: көлік, пәтер, бизнеске арналған құрылғы.

– арман бұл — біздің алғымыз келетін, алайда оларсыз да өмір сүруге болатын нәрселерге: киім, қымбат телефон, демалысқа бару сияқтыларға жұмсалатын ақша. Давлатов алдымен тұрақты түрде пайда әкеліп отыратын капиталды жинақтау қажет, ал кейін өз арманыңызды сатып алу керек.

– болашақтың ақшасы бұл — сіздің қаржылық жастығыңыз. Күтпеген жағдайлар (ауру, жұмысынан айырылу, дағдарыс) орын алғанда қиын кезде көмектесетін жинақ ақша.

– ойын-сауық — киноға баруға, достармен отыруға, балалармен табиғатқа шығуға және басқа да өмірдің жарқын сәттеріне баруға жұмсалатын ақша. Бастысы — көңілді бір нәрселерді жоспарлағанда әрдайым ойын-сауық есебін нақтылау керек.

– ата-ана — бұл ата-анамызға беріп тұруымыз қажет табыс бөлігі. Тіпті ата-анаңыз қазір жұмыс істеп, сізден артық табыс тапса да, олардың бізді өсірудегі еңбегіне алғыс белгісі ретінде өз табысымыздың бір бөлігін беруіміз қажет.

— қайырымдылық — бұл да алғыс ретінде берілетін біздің табысымыздың бір бөлігі.

Ақшаны бөлудің сызба мысалы:

Сіз 1000 доллар таптыңыз делік. Алдымен 10% «қайырымдылыққа» және 10% – «ата-анаңызға» алып қойыңыз, біздің мысалымызда бұл 100 доллардан келеді. Кейін қалған сома 800 долларды 100% ретінде қабылдап, оны екі бөлікке бөлеміз: 45%-ы (288 доллар) «өзіндік шотқа» кетеді, ал екіншісі 55% (352 доллар) пропорцияға бөлінеді 80:20. 80% (281,6 доллар) «капиталға» кетеді, ал 20% (70,4 доллар) «арман» шотына түседі.

3. Отбасының барлық кіріс және шығыс ағынын анықтаңыз, анықтауға арналған көптеген қосымшалар бар. Мысалы, PlayMarket-тен жүктеп алуға болатын «Отбасылық бюджет» қосымшасы бар.


Ақша — ерекше сыйластықпен қарауды, қорықпай, үлкен мән беруді талап ететін айрықша энергия.

«Тұрмыстағы әйелдің кітабы» кітабынанан үзінді

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.