facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
b-l-m-beru-grantyn-ta-ayyndaudy-zha-a-erezheler-men-itterd-ieler-ne-oyylatyn-talaptar-tamyz-ayynan-bastap-aza-standy-tardy-anday-zger-ster-k-t-p-t-r
logo
Білім беру грантын тағайындаудың жаңа ережелері мен иттердің иелеріне қойылатын талаптар: тамыз айынан бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр
Өмір сүру стилі

04.08.2017

Білім беру грантын тағайындаудың жаңа ережелері мен иттердің иелеріне қойылатын талаптар: тамыз айынан бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр

БІЗ қазақстандықтарды осы айда заңнамадағы қандай өзгерістердің күтіп тұрғанын және оның алдағы уақытта адамдардың өміріне қалай әсер ететіндігін анықтадық.


Қазақстандықтарды емделулері үшін шетелге бюджет қаражаты есебінен жолдау


Қазақстандықтарды емделулері үшін шетелге бюджет қаражаты есебінен жолдаудың ережелері өзгерді. Енді осы мәселені шешу үшін республикалық денсаулық ұйымы комиссияның қарауына құжаттардың тізімін енгізеді. Содан кейін комиссия шетелдік медициналық ұйымды таңдау, емделушінің отандық ауруханада емделуі не емдеуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.


Емделушіні қарауға қажетті құжаттар, сонымен қатар қорытындыны енгізу тәртібімен толығырақ сілтеме арқылы танысасыздар.



Білім беру грантын тағайындау


Білім беру гранттарын тағайындау ережелері өзгерді. Енді гранттар республикалық конкурстық комиссия мен жергілікті атқарушы органдардың конкурстық комиссиясы өткізетін конкурс негізінде тағайындалады.


Республикалық конкурстық комиссияның отырысы 1- 10-тамыз аралығында, ал жергілікті атқарушы органдардың комиссиясы – 17-25 тамыз аралығында өтеді.


Бюджет қаражаты есебінен бөлінетін білім беру гранттары ЕНТ мен КТ баллдарға сәйкес конкурстық негізде нақты мамандықтар, тіл бөлімшелері мен білім алу нысандарына тағайындалады.


Шығармашылық мамандықтарға түсетіндерге арналған білім беру грантын тағайындау конкурсында Қазақстан тарихы, математика, оқу тілі мен екі шығармашылық емтихан бойынша баллдар ескеріледі.


Жергілікті бюджет есебіндегі білім беру гранттары ЕНТ немесе КТ нәтижелеріне сәйкес өңірдің жекелеген мамандықтарға мұқтаждығына негізделіп, конкурстық тәртіпте тағайындалады.


Республикалық бюджет есебінен берілетін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштер 23-31 шілде аралығында, ал жергілікті бюджет есебінен – 10-17 тамыз аралығында қабылданады.


Конкурстық комиссия қалай құрылады, әр түрлі мамандықтар бойынша гранттарды тағайындау, сонымен қатар құжаттардың толық тізімі сілтеме арқылы қолжетімді.




Үй жануарларын қыдыртудың жаңа ережелері


Астанадағы жаңа ережелерге сәйкес енді иттерді тек қысқа қарғы баумен мұрынқап кигізгенде ғана қыдыртуға рұқсат беріледі. Дегенмен, қалада иттерді қыдыртуға арналған аумақ әлі бөлінбегендіктен, жануардың иесіне ескерту шығарылады, ал арнайы аумақтар пайда болғаннан кейін айыппұлдар жазылатын болады.


Астана қаласының аулалары мен балалар алаңдарында иттерді қыдыртуға тыйым салынады. Тиісті емес орындарда иттерді мұрынқапсыз қыдырту әкімшілік құқықбұзушылық ретінде саналатын болады. Бұдан басқа, жануарлардың иелері олардың артынан жинауы, оларға егу паспортының болуы міндетті. Тоғандарда, фонтандарға және су бөгеттерінде де жануарларды шомылдыруға тыйым салынады.


Жаңа ережелермен толығырақ мына жерде таныса аласыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.