facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ara-andyda-t-ru-a-ansha-a-sha-zh-msalady
logo
Қарағандыда тұруға қанша ақша жұмсалады
Өмір сүру стилі

30.10.2017

Қарағандыда тұруға қанша ақша жұмсалады

Майра, 57 жас, жекеше компанияның қызметкері

Айлық қаржысы – 350 000 теңге


Тұрғын үй

Менде екі пәтерім бар:біреуінде тұрамын,ал екіншісін жалға беремін. Коммуналдық қызметтер жайлы ештене айта алмаймын,себебі бұл үшін күйеуім төлейді.


Көлік

Егер күйеуім бос болса,ол мені апарады. Ал негізі менде жол жүру билеті бар, айына ол үшін 6000 теңге төлеймін. Кейде қызымды мектепке таксимен жіберемін, ал өзім автобуспен кетемін. Ал кейде үлгермей тұрсам,керісінше болады. Тез келетін әрі арзан тұратын «Бауырсақ» таксиінің қызметімен қолданамын.


IMG_9838.jpg


Тамақ

Әдетте біз тамақты үйде ішеміз. Бірақ кейде күндіз бір жерге кіріп,тамақ ішетін кездер де болады. Тамаққа ақшаны аямаймын. Күніне тамаққа 5000 теңге жұмсаймын, ал айына шамамен 150 000 теңге шығады.


Ойын-сауық

Мен жаттығу залына барамын. Айлық абонемент үшін 12 000 теңге төлеймін. Демалыста және мерекелерде Бурабай мен Қарқаралыға барып келуге тырысамын. Сол жерде міндетті түрде жайлы қонақ үйлерде тоқталамын. Соңғы рет біз отбасымызбен қыркүйекте Қарқаралыға бардық, қонақ үй бөлмесі үшін біз 9000 төледік.


Жинақтар

Егер күйеуімнің табысын санамасақ, мен айына жинағыма 100 000 теңге бөлемін, себебі қызым жақын арада университетке түседі. Қазір мен баламның білімінде ақша үнемдемеймін. Сурет мектебі үшін 3000 теңге төлеймін, ал білім орталығына ай сайын 16 000 теңге жұмсалады.



Эльмира, 28 жас, кәсіпкер

Айлық қаржысы – 400 000 теңге


Тұрғын үй

Бізде Оңтүстік-Шығыста орналасқан өз пәтеріміз бар. Айына коммуналдық қызметтерге 10 000 теңге жұмсалады. Осы сомаға жарық, су, жылу, интернет кіреді. Және тұрмыстық қажеттіліктерге шамамен 5000 теңге жұмсалады.


Тамақ

Тамақты үйде әзірлеуге тырысамын. Азық-түлікке күн сайын шамамен 3000-5000 теңге жұмсалады. Айына шамамен 100 000 теңге шығады. Күн сайын балаларыма 200-500 теңге қолдарына беремін.


IMG_9816.jpg


Көлік

Автобуспен жиі қолданамын,бұл аз дегенде күніне 4 рет. Бізде қоғамдық көілк бағасы 80 теңге. Және аптасына бір рет таксимен жүремін.


Ойын-сауық

Ойын-сауыққа аса ақша жұмсамаймын. Бірақ екі-үш айда бір рет тойлар мен туған күндер болады. Осыған шамамен 30 000 теңге жұмсалады.


Жинақтар

Әр айда әр түрлі шығады, депозиттық шотқа 50 000 теңгеден салуға тырысамын.




Жанель, 19 жас, студент

Айлық қаржысы – 70 000 теңге


Тұрғын үй

Мен жатақханада тұрамын. Бір жылдық тұру бағасы 76 000 теңге.


Тамақ

Тамаққа айына шамамен 15 000 теңге жұмсалады,бірақ бұл менің университеттік асханадағы және басқа жерлердегі тамақ ішуімді санамағанда. Жалпы айына тамақ ішуге 30 000 теңге жұмсалады.


IMG_9822.jpg


Көлік

Жол жүру билетін алудың қажеті жоқ, себебі жатақханам университеттің жанында орналасқан. Айына шамамен 15 рет автобусқа отырамын, бұл 1200 теңге. Кей жағдайларда – айына бірнеше рет, үйге кеш қайтқанда, таксиге 300-500 теңге жұмсаймын.


Ойын-сауық

Айына 3-4 рет студенттік билетпен киноға барамын, жалпы бағасы 3000 теңге. Туған күндерге де барамын, осыған да 3000 жұмсалады.


Кітаптар мен косметика сатып аламын, осыған шамамен 5000-6000 теңге жұмсаймын.



Марина, 30 жас, мемлекеттік қызметкер

Айлық қаржысы – 51 000 теңге


Тұрғын үй

Мен күйеуіммен бірге бір бөлмелі пәтерде тұрамын. Коммуналдық қызметтер үшін шамамен 5000 теңге төлейміз.


Тамақ

Тамақты тек үйде ішуге тырысамыз. Тамаққа шамамен 30 000 теңге жұмсаймыз.


Көлік

Менде жол жүрі билетім бар – бұл өте тиімді. Айына ол үшін 6000 теңге төлеймін. Такси қызметтерімен қолданбаймын.


Ойын-сауық

Кейде айына бір рет сейсенбі күні киноға барамыз. Сонымен қоса туған күндер, қонақтар және тағы сондай шаралар болады, осыған шамамен 15 000 теңге жұмсалады.


Жинақтар

Ай сайын «Тұрғынүйжинақбанкіне» 10 000 теңге саламын. Бірақ әрқашан әр түрлі шығады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.