facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
altay-aza-tary-bas-a-aza-tardan-nes-men-erekshelenet-n-turaly
logo
Алтай қазақтары басқа қазақтардан несімен ерекшеленетіні туралы
Өмір сүру стилі

08.04.2018

Алтай қазақтары басқа қазақтардан несімен ерекшеленетіні туралы

Назболат Дюсениров, 20 жаста, Жаңа-ауыл ауылы, Қос ағаш ауданы, Алтай Республикасы, студент

-ix80NM7tUY.jpg

Мен Алтайда туылдым. Білетінімдей, ата-бабаларым көшпенді xалық ретінде Алтайға дейін жеткен. Оларға Алтай жерлері ұнап, сол жерде қалды. Мен Жаңа-ауылда туылдым. Ол Қос-ағаш ауданында орналасқан, ондағы xалық саны 900-ге жуық қана.

Біздің ауыл өте жас, 1986 жылдың 5 мамырында қаланды. Әр көктем сайын жер асты сулары үйлерді басатындықтан,Ақтал ауылының барлық тұрғындарын Жаңа ауылға көшірді. Қазіргі уақытта Ақтал ауылында ешкім тұрмайды, тіпті қираған ауылдардың қалдықтарын байқауға да болады.

Жаңа-ауылда Алтай қазақтарының мұражайы бар. Біз мәдениетімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтауға тырысамыз: үйлену тойлары, ұлттық ойындар.

Мен айналамды таулар мен дала қоршаған жерде тұрамын. Алтай өз табиғатымен әйгілі болғаны бекерден емес. Дәл осы жерді «Сібір маржаны» деп атайды. Бізде Белуxа тәрізді биік таулар, ормандар, өзендер және ең басты байлығымыз — Телецкое көлі бар. Көптеген жергілікті тұрғындар мал шаруашылығымен айналысады және, әлбетте, олардың қызығушылықтарының арқасында — аң және балық аулау да бар.

0MpEWq53E48.jpg

Осында тұрып, «Алтай қазақтары» деген ұғымды білмеппін, бірақ Қазақстанда алиай тұрғындарын солайша атайтынын естідім. Жалпы, біздің Қазақстанда тұратын қазақтардан айырмашылығымыз жоқ. Бәлкім, айырмашылықты тілден табуға болатын шығар — бізде өз диалектіміз бар. Біз таза қазақ тілінде сөйлемейміз. Оны, әрине, білеміз, бірақ түрлі xалықтардың ықпалымен бізде қазақ, орыс, алтай тілдері араласқан өзгеше диалект қалыптасты. Алайда сөздердің көбі қазақша.


Галия Имансакипова, 32 жаста, Горно-Алтайск қаласы, Алтай Республикасы, ауруxанада экономист

5hkVyqf_g8M.jpg

Мен Алтайда, Моңғолия шекарасына жақын жердегі Қос-ағаш ауданында дүниеге келдім. Менің әжелерім, аталарым, арғы ата-әжелерім де өмір бойы осында тұрды. Қазір Горно-Алтайскта тұрамын. Жергілікті лицейде оқып, жоғарғы білімді Новосибирскте алдым, кейін тұрмысқа шығып, Горно-Алтайскта қалдым.

Жалпы, Қос-ағаш ауданында тұрғындардың көп бөлігі қазақтар. 1270 қазақтар қалада тұрады, ал жалпы республика бойынша 12500 қазақтар бар.

Қазақстанда бізді тіліміз алтайлықтармен араласқан соң «Алтай қазақтары» деп атайды. Менің ойымша, менталитет те өзгерген: орыс, алтайларға ұқсаған.

Алайда біз салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды сақтауға тырысамыз. Одан бөлек, жыл сайын Наурыз мейрамын тойлаймыз. Қазақ диаспорасының өкілдері бұл мерекеге тыңғылықты дайындалады. Жастар өте ұйымшыл.

Қазақстанда бізді тіліміз алтайлықтармен араласқан соң «Алтай қазақтары» деп атайды

Алтайда тұратын қазақтар біздің мәдениетімізбен, ұлтымызбен байланысты мерекелерге баруға тырысады. Жергілікті үйлену тойлары аралас форматта өтеді: орыс және қазақ дәстүрлеріне сай, себебі әдетте қонақтар әртүрлі ұлт өкілдерінен болады. Ал жерлеу рәсімдері тек мұсылман дәстүрлері бойынша өтеді.

Қатал климатқа қарамастан Қос-ағаш ауданындағы көптеген қазақтар мал шаруашылығымен айналысады. Бізде балық аулау да жақсы дамыған. Барлық жерлестеріміз ұлтына қарамастан балық аулайды. Аң аулаушылар да көп. Алайда республика аумағында жануарлары «Қызыл кітапқа» енген қорықтар да бар.



Кайрат Атикеев, 57 жаста, Чернокурья ауылы, Қарасұқауданы, Новосібір облысы, жеке компания қызметкері


Ата-бабамның айтуы бойынша, Новосібірге жақын тұратын қазақтар — Павлодар облысының тумалары. Кеңес үкіметі уақытында Қазақстан аумағында аштық болған кезде, тамақ табу мақсатында көптеген отбасылар Алтай аумағына қоныс аударды.

Біздің ұрпағымыздың бүкіл 3 ұрпағы сол жерде жатыр. Қазір ол жерде менің жақындарым тұрады.

Мен де сол жерде туылдым, бірақ сосын Павлодарға көшіп кеттім.

Ол жердің табиғаты тамаша: бай орманды дала, жидектер де бар. Балық және аң аулау ол жерде белсенді дамыған, себебі онда жануарлар мен балықтар көп. Тіпті қасқырлар да бар.

Көпшілігі фермаларда жұмыс істеп, мал шаруашылығымен және егін шаруашылығымен айналысады. Қазақтар басшылықта сирек кездеседі, көбінесе шаруашылықтан қолдары босамайды.

Онда қазақтар көп тұрады. Новосібірден жақын маңда қазақтар тұратын екі ауыл бар. Бұрын ол жерде қазақ тілінде сабақ беретін мектептер де болған.

Алтайдағы қазақтардың қарапайым қазақтардан айырмашылығы — Алтайда олардың аздығы, сол себепті олар өз ұлт тиесілігін бағалайды


Олар қазақша сөйлейді, салт-дәстүрлерін құрметтейді. Павлодарға көшкен кезде ол жердегі қазақтар бұған бар назарымен қарайтынын түсіндім. Алайда тілде шамалы айырмашылықтар бар, кейбір сөздер бірдей естілсе де, әртүрлі мағынаға ие болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.