facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-s-ranysy-zho-ary-10-mamandy
logo
Қазақстандағы сұранысы жоғары 10 мамандық
Мамандықтар

17.01.2017

Қазақстандағы сұранысы жоғары 10 мамандық


Егер сіз абитурент болсаңыз немесе қызметіңізді ауыстырғыңыз келсе, не болмаса жай ғана екінші немесе үшінші жоғары білім алғыңыз келсе, онда сіздің алдыңызда «Қай мамандықты оқысам екен?» деген сұрақ тұрады. Сіздің таңдау жасауыңызға көмектесу үшін БІЗ бүгінгі күні ғана емес,келешекте де сұранысы жоғары болатын мамандықтар жайлы айтамыз.


Инженерлер.


Бүгінгі таңда сұранысы ең жоғарылар —құрылысшылар, көлік, технологиялық машиналар мен техника саласының мамандары, сондай-ақ, көлік құрастырушылар


Олардан кейін метталургтер, энергетиктер, мұнай және газ, есептеу техникасы, радиотехника, электроника және телекоммуникация саласының жұмысшылары, сонымен қоса технология мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін құрастыру мамандары тұрады. Содан соң тау ісі, автоматтандыру және басқару, аспап жасау мен жылу энергетикасы саласының мамандары бар.


Қазіргі уақытта кәсіби инженерлер, техникалық мамандар мен өндірістегі орта буын басқарушыларының тапшылығы анық байқалады. Әсіресе, техникалық және экономикалық немесе заңдық білімнің үйлесімділігі, ағылшын немесе басқа да еуропалық тілді білу жоғары бағаланады. Өнеркәсіптің барлық саласында инженер-маркетологтар мен менеджерлерге деген сұраныс артып келеді.



IT-мамандары мен компьютерлік аппараттық қамтуды әзірлеушілер. Программист бұл — бағдарлама жазумен және оның жұмыс істеуін қолдаумен айналысатын маман. Заманауи әлемде фирманың имиджі үлкен мәнге ие болуда және сайт — ұйымның сенімділігі мен деңгейінің көрсеткіші.


Сәйкесінше, веб-дизайнер — жақсы жалақы төленетін «компьютерлік» мамандықтардың бірі



Нанотехнологтар. Нанотехнологиялар бұл — молекулалар және атомдармен жұмыстануға негізделген, заттардың неғұрлым жабық әрі бағалы қасиеттерін қолданатын технологиялар. Нанотехнологиялар — микросызбаны өндіру, наноөлшемдегі роботтар, сондай-ақ атом деңгейіндегі инженерия деп үш бөлікке бөлуге болатын сала. Нанотехнология ғылымның барлық саласымен байланысты.



Қызмет көрсетуге байланысты мамандықтар. Адамдардың көпшілігі қызмет көрсетуге үлкен талаппен қарайды, себебі халықтың табысы өсіп келеді.



Логисттер. Логистке өз мансабында табысқа жету үшін талдамалы ақыл мен жүйелі ойлау, қиын жағдаяттардан тез шыға білу, тіл табысқыштық қажет болады. Іс жүзіндегі тәжірибе, сонымен қатар математика, техника, заңнамаларды тереңірек білу және бизнестің принциптерін ұғынуды да айналып өтуге болмайды.



Экологттар. Атмосферадағы зиянды заттардың артуы болашақтағы жаһандық әлемде экология мәселелерін бірінші орынға қояды.



Дәрігерлер. Медицина бүгінгі таңда жасалып, зерттеліп жатқан, он жылдан кейін тәжірибеге енетін, медицинадағы бірінші іске айналатын электроника, биотехнология саласындағы жетістіктерді табысты қолданып келеді.



Химиктер. Химия саласындағы мамандар энергетика саласында ерекше сұранысқа ие. Болашақта энергияның балама көздері аса қажет болады.



Тамақ өнеркәсібі мамандары. Көптеген болжамдарға қарағанда болашақтағы тамақтану бұл — қоспалардың үлесі көп немесе бізге таңсық көздерден алынған тағам. Биологиялық және инженериялық білімі бар тамақ өнеркәсібінің мамандары көптеген елдерде тұрғындардың басым көпшілігіне арналған негізгі тағам өндірушілерге айналады.



Қала құрылысы. 2025 жылы қала халқының үлесі 77%-ға дейін артады. Қарқынды дамып келе жатқан жаңа мегаполистерді жобалау, салу және оған қызмет көрсету үшін жайлы қалалық ортаны құра алатын мамандар тобы қажет болады. Мемлекет пен жеке құрылыс компанияларының аймақтардың кешенді дамуы: көлік, әлеуметтік сала, инвестиция тарту бойынша мамандарға сұранысы артады.



Материалды дайындауға көмектескні үшін ҚР Электронды Үкіметіне алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.