facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zumerler-zh-ne-stil-suretsh-aydana-trend-brend-zh-ne-zhas-rpa-ty-s-nge-y-paly-turaly
logo
Зумерлер және стиль. Суретші Айдана тренд, бренд және жас ұрпақтың сәнге ықпалы туралы
Главный (каз)

21.04.2023

Зумерлер және стиль. Суретші Айдана тренд, бренд және жас ұрпақтың сәнге ықпалы туралы

Біз қазақстандық суретші Айданамен кездесіп, зумерлердің киімнің көмегімен өздерін қалай танытатынын, қандай брендтерді таңдайтынын және стильді образдар жасауда не нәрсеге мән беретінін сұрап-білдік.


Айдана Байлалинова, 21 жаста, қаласы — Астана, суретші, @tsukiwakashikoi

photo_5287695304130413255_y.jpg

Өзі туралы

Мен суретші және шығармашыл тұлға ретінде өзімді әртүрлі бағытта көрсетемін. Ұлттық ою-өрнектермен макияж жасаймын, фото, видео түсіріп, өңдеймін, анимация жасаймын, тоқимын, киім тігемін.

Бір жобамен үздіксіз жұмыс істей аламын және жаңа креативті идеяларды еш қиындықсыз ойлап тауып, жүзеге асырамын.

Эскизді өзім саламын, соңғы өнімді де өзім түсіріп, өңдеймін. Мен жұмыстың әрбір бөлігін бақылауды ұнатамын, бірақ бұл көп уақыт алады. Менің таныстарым аз. Әлеуметтік желілердегі стиль мен трендтерді бақылап жүремін.

Жастардың стилі туралы

Мен үлкен сәнге де, секонд-хендтің киімдеріне де қызығамын. Өзіңіздің шынайы болмысыңызды және өзіңізге лайықты нәрсені табатын уақыт келді. Ешқандай ереже жоқ. Шарфты топ сияқты, ал балероны — белдемше, шалбарды күрте сияқты киюге болады. Маған ескі заттарға екінші өмір беру үрдісі ұнайды. Бұдан бөлек, адамдардың күнделікті өмірде ашық түстер мен жаңа формаларды кие бастағанын байқауға болады.

Жастар арасында 2000 жылдардағы y2k стилі танымал. Ностальгия, мағынаға қайта мән беру, болашаққа ұмтылу, ретрофутуризм әсіресе өзекті.

Қазіргі заманғы адамдар киім таңдағанда, олардың ыңғайлы болуына басымдық береді. Жастар өзін-өзі танытуға ұмтылады. Көптеген адамдар әлемде болып жатқан оқиғаларды бақылап, оны өздері арқылы көрсетеді.

Ешкімнің пікірін ойламайтын батыл жандар көбейді. Бұл ешкімге еліктемей, өзіңді бар болмысыңмен қабылдауға шабыттандырады.

Брендтерге көзқарасы

Мен брендтік дүкендерден көптен бері киім алмадым, басқалардан да. Өзімде бар киімдерден образдар құрастырамын. Кейде таныстарым өздері кимейтін киімдерін беріп жатады Кейде белгілі бір образ үшін маркетплейстерде киімге тапсырыс беремін немесе секонд-хендтен сатып аламын.

photo_5287695304130413249_y.jpg

Мені қандай да бір киім қызықтырмаса, оны кімнің жасағаны мен үшін маңызды емес.

Мен жаңадан бастап келе жатқан дизайнерлерді қарап жүремін: @__t_a_t_a_ бренді @dead_store, @marina.eerrie — су перісінің эстетикасы үйлескен қарапайым түстердегі күрделі дизайн, @andzhidesign — креативті көзқарастағы қазақстандық апсайкл-бренд, @goodbutnotthebest — сүйкімді және қызықты өнімдер.

Жасөспірімдердің сәнге ықпалы жайында

Қатарластарымның стиліне TikTok пен Pinterest әсер етеді. Бұл әрқашан пікірлес адамдарды табуға болатын үлкен кеңістік. Pinterest өнердің барлық стильдері мен жанрларын қамтиды.

Әлеуметтік желілерде мен көптеген адамдарды ұлттық мәдениетті насихаттау идеясы біріктіретінін байқаймын. Жастар оны күнделікті өмірлеріне енгізгісі келеді. Жасөспірім қыздардың ұлттық әшекей бұйымдарын тағып, қазақы ою-өрнек салынған корсет, шапан киетінін көріп жүрмін.

Біз өз идеясын көпшілікке көрсете алатын ұрпақпыз. Біздің құндылықтарымыз бен өмірге деген көзқарасымыз басқадай. Ірі брендтерге жаңа ұрпақтың талғамы мен қалауын басқару қиын. Енді міне, олар жас жеткіншектердің талғамына қарай өзгеріп, жастардың қалауына қарай бейімделуде.

Шабыт сыйлайтын 5 тұлға:

Менің макияждағы стиліме Мake-up artists ықпал етеді: @meicrosoft, @esantoinette, @manjarylev.

Киімдерінен шабыт аламын: @seannaltman, Sora Choi, Lana Del Rey.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.