facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/095/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/095d5345dafa7a347e4ab918f487be27.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
z-md-almaty-alasyny-t-r-yny-dep-esepteym-n-sayasattanu-m-al-m-aza-stan-a-ne-sh-n-k-sh-p-kelgen-zhayynda
logo
«Өзімді Алматы қаласының тұрғыны деп есептеймін» — саясаттану мұғалімі Қазақстанға не үшін көшіп келгені жайында

01.04.2022

«Өзімді Алматы қаласының тұрғыны деп есептеймін» — саясаттану мұғалімі Қазақстанға не үшін көшіп келгені жайында

Себастьян Майер соңғы төрт жылдан бері Алматыда тұрады. Қалаға үйреніп қалғанын, оны өз үйі ретінде көретінін айтады. Біз онымен қызметі туралы сөйлесіп, алған әсерімен және жоспарларымен бөлісуді сұрадық.


Себастьян Майер, қаласы — Алматы, Қазақ-неміс университетіндегі Associate Researcher


Себастьян Майер.jpg


Өзі және көшіп келуі жайында


Мен Германияданмын, Кассель қаласында өстім. Берлиндегі Еркін университеінде және Виадрина Еуропалық университетінде саясаттану мамандығында оқып, PhD дәрежесін алдым. Осыдан кейін Бременге көшіп, онда бірнеше жыл ғылыми жобада жұмыс істедім.

2017 жылы келісімшартым аяқталды, сосын мен жаңа жұмыс іздей бастадым. Содан кейін мен German Academic Exchange Service бағдарламасындағы бос орын көзіме түсті. Олар Қазақ-Герман университетінің associate professor of international relations қызметіне маман іздеп жүрген. Мен Қазақстанда 2004 жылы ЕҚЫҰ бақылаушысы болып жұмыс істедім, Алматы мен Өскеменде болдым. Менде оң әсер қалды, сондықтан мен жұмысқа өтініш жібердім.


Қызметі жайында


Бастапқыда мен Орталық Азияның саясаттану саласының маманы болмасам да, соңғы төрт жылда тиісті тәжірибе жинақтадым. Қазір мен European Union‘s External Relations, Governance of European Security, German Foreign Policy, The Political System of Germany сияқты курстар бойынша сабақ беремін. Оқыту неміс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Сонымен қатар мен университеттегі ғылыми орталықты басқарамын. Біз әлеуметтік ғылымдар бойынша коллоквиумдар өткіземіз, студенттерге ағылшын тіліндегі басылымдарда жариялануға көмектесу үшін курстар ұйымдастырамыз, ғылыми журнал шығарамыз. Германияда білім алғысы келетін студенттерге кеңес беремін, ұсыныс хаттар жазамын, бірнеше ғылыми жобаларды жүргіземін. Жобалардың бірі ретінде Орталық Азияның саяси жүйелері туралы кітап шығардық. Ол неміс тілінде, ағылшынша аудармасы дайындалуда.


Майер Себастьян.jpeg

Саясаттануға деген құштарлық менде әрқашан болған. Менің ойымша, бұл қызықты және көңілді, сонымен қатар әртүрлі құбылыстарды зерттеуге ынталандырады.


Адамдар жайында


Шетелдік ретінде мен өзімді отандастарыммен жиі араласатын экспаттар қауымдастығының бір бөлігі деп санаймын. Бірақ соңғы төрт жылда мен қазақстандықтардың арасынан да достарды таптым. Жергілікті тұрғындар қонақжай, мейірімді және ашық. Мысалы, тауда серуендеу кезінде адамдар әрқашан сөйлесуге дайын және сізді жиі қосылуға шақырады. Бұл керемет.

Қазақстандықтардың мәдениетінде отбасының маңызы зор. Туған-туыстар мерекелерді жиі бірге тойлайды, ал 30 адам жиналса аз болып саналады. Тойлар туралы көп естідім. Қазақстанда бірнеше тойдың өткізілетінін, бірі қалыңдық пен күйеу жігіттің, тағы бірі ортақ болатынын айтады. Бұл шараға әлі қатысуға мүмкіндігім болған жоқ, бірақ барғым келеді.


Қазақстан жайында


Қазақстан көп жағынан еуропалық ел. Мен мұнда алғаш келгеннен бері көп нәрсе өзгерді. Алматы қазірдің өзінде басқа қала. Көліктердің арасындағы көбісі шетелдік, түрлі дәмханалар мен мейрамханалар пайда болды.


Қазақстан көп жағынан еуропалық ел


Өзімді Алматы қаласының тұрғыны деп есептеймін. Орталық Азияның басқа аймақтарынан оралғанымда өзімді осында үйдегідей сезінемін. Маған қалада тағамның алуан түрлілігі ұнайды. Мен лағман мен кәуапты жақсы көремін.

Осы бірер жылда елді аралап шықтым. Шарын шатқалында болдым – бұл алматылықтардың ең сүйікті жері шығар. Алтын-Емелде болдым, Әнші төбені, Көлсайды көрдім. Мен Алматы тауларын жақсы көремін.

Алтай тауларын зерттеп, Маңғыстауға барғым келеді. Осы жазда Қарағандыға барамын. Бұл әдеттегі туристік орын емес, бірақ мен үшін кеңестік қалаға қарап, нағыз далаға бару қызық.


Жоспарлары жайында


Келесі жылдың ортасында Қазақстан-Неміс университетіндегі келісімшартым аяқталады. Келісімшартты ұзартып, мен тағы бірнеше жылға осында қалуым мүмкін.

Осы жерден маған жұмыс табылса, Қазақстанда қалатынымды елестете аламын. Болашақта Орталық Азияның басқа елдерінде, әсіресе Қырғызстанда жұмыс істегім келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.