Жаңа технология мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жобаның арқасында 2017 жылдың желтоқсан айының аяғына дейін жəне 2018 жылы Атырау қаласының 39 көшесінде 2816 шамды LED жарықтықтар орнату жоспарлануда. Жобаны іске асыру барысында сыртқы жарықтандыру үшін автоматтандырылған басқару жүйесін, сондай-ақ заманауи жарық диодты жарықтандыруды орнатумен жаңа энергияны үнемдейтін технологиялар қолданылатын болады.
МЖӘ шеңберінде жаңа жоба Атырау қаласындағы жаңа технологияларды енгізу операциялық шығындарды азайтуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жайлылықты арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, осы жоба арқылы Атырауда қылмыстар саны төмендеп, жол қауіпсіздігі артады деп жоспарланып отыр.