facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
takside-zh-mys-steyt-n-3-yel-bayandamasy
logo
Таксиде жұмыс істейтін 3 әйел баяндамасы
Өмір сүру стилі

21.09.2017

Таксиде жұмыс істейтін 3 әйел баяндамасы

Бақыт Тулеуова, 52 жас, туған қаласы — Астана


Қазіргі кезде таксиде жұмыс істейтін әйелдер саны көбейді. Мен бүкіліне кеңес беремін, «Қыздар, бұл керемет,бұл рақат» деп айтамын. Мен бұл жұмыстан адреналин аламын. Мен жүргізуді өте қатты ұнатамын, бұл менің мамандығыма айналған хоббиім.


IMG_5683.jpg


Жүргізуші орнында әйел отырғанын көрген жолаушы әйелдер қуанады,ал еркектер басында қорқыңқырап отырады, ал кейін менің қалай жүргізетінімді көріп, байсалданады да, «Апыр-ай,әйелдер де осылай жүргізе алады екен» деп айтады. Көлікті әйел немесе еркек жүргізетінінің маңызы жоқ деп ойлаймын. Тек «жүргізуші» деген сөз бар. Бұл икемділік құдайдан беріледі ғой, себебі мүлдем жүргізе алмайтын еркектер бар, сонымен қоса маман ретінде жүргізе алатын әйелдер де бар.


EXPO-2017 кезінде мен шетел тұрғындарымен таныстым, көптеген заттар білдім, оларға қаланы көрсеттім. Итальяндықтар, испаниялықтар, поляктар, хорваттар, американдықтар, гректер болды, түрлі адамдарды жүргіздім. Мен бүкілімен тілдестім,себебі аз болса да, ағылшын тілін білемін, сонда да француз тілін де, қытай тілін де түсіне алдым,себебі біз бүкіліміз адамдармыз. Мен көп достар тауып алдым. Енді мені Америкаға шақырады,бірақ мен Қазақстанда қаламын.


Uber-де мен тек әйелдер арасында ғана емес, тіпті еркектер арасында да жетекшімін


Шындығында бұл керемет мамандық. Uber-де мен тек әйелдер арасында ғана емес, тіпті еркектер арасында да жетекшімін. Мен еркектер орындай алмайтын тапсырыстарды алғанда, олар таң қалады.Ал мен: «Мен мұны істеймін да,болды» деймін. Бұл маған қатты ұнайды,сондықтан соншалықты жақсы шығады. Бұл жеңіл жұмыс емес, жағымды да,жағымсыз да сәттер болады. Кей жағдайда жолаушылар көңілсіз отырып,ал мен олардың көңілін көтеретін жағдайлар болады, біреуге кеңес беремін,көмектесемін, психология жолымен адамдардың ойларын реттеймін. Бүкілі менің көлігімнің аурасы жақсы деп айтады,мені бұл қуантады. Адамдарға жақсылық істегенде,жақсылық қайта оралады.


IMG_5693.jpg




Елена Капарулина, 45 жас, туған қаласы — Астана


Көбінесе әйелдер жолға тек қажеттілік жағдайында шығатынын білемін. Әйелдер не болса да,әйтеуір бірдене істеуге, отбасыдағы төмен қаржы мәселесін шешуге тез белін буады.


Мен үшін бұл толық күтпегендік болды. Егер маған біреу бір жыл бұрын менің таксиде жүргізуші ретінде жұмыс істейтінім жайлы айтса,мен күле салар едім. Қаланы навигатордан анағұрлым жақсы білемін деп ойлаймын. Навигатор бір ғана ең ұзын жол көрсетеді,ал мен ең қысқа жолды тандаймын. Әрдайым дерлік кез – келген кептелістен шыға аламын, көп жағдайда навигаторды тек егер көше аты ойда еш атаумен байланыспаса ғана, қай ауданға бару керек екенін түсіну үшін қосамын. Менің жүргізу өтілім 9 жыл. Жолаушылар мені көріп түрлі жолмен әсер етеді. Еркектер, жүргізуші ретінде әйел отырғанын көргенде: «Бүгін жақсы күн болады» деп айтады. Мен жұмыс істеуге енді бастағанда, көбісі әйел – таксист жүргізушіні алғаш рет көргенін айтатын, ал қазіргі кезде: « О, бүгін бұл менің үшінші әйел – таксист жүргізушім» деп айтатын жағдайлар болады. Біреулер: «Аллаға шүкір, әйел апарады. Жететін жеріме тыныш жетемін.» деп айтады.


Еркектер, жүргізуші ретінде әйел отырғанын көргенде: «Бүгін жақсы күн болады» деп айтады


Мен үшін бұл қосымша табыс жолы. Сонымен қоса жұмысқа кез — келген уақытта шығуға болатыны мен ақша табуға болатыны күшті. Шынында, мен көлігіме отырғанда көңілім жайланады. Бүкіл қиыншылықтарым артқы көрініске кетеді. Егер клиенттерім әңгімелесуге қарсы болмағанын көрсем, олармен әңгімелесуді ұнатамын. Біз кез — келген тақырыптар жайлы әңгімелесеміз. Біздің жолаушыларымыз түсініктер қалдыра алды,ол үшін арнайы бөлім бар. Тіпті менде осындай түсінік қалдырған: «Елена,сіз керемет анасыз». Түсініктеме бойынша біздің әңгімеміз балалар туралы болғаны түсінікті.


Білімім бойынша мен режиссер — мұғаліммін. Мен әзірше білім беру бағытында жоғарғы орынға ие болмағандықтан, сабақтарымнан бос уақытта мен такси жүргізе аламын. Менде мерекелерді ұйымдастыру бойынша фирмам бар, бірақ бұл фирмамен мен уақытша айналысамын,себебі мен үшін бұл қызықсыз болып қалды.




Толқын Бекшибаева, 44 жас, туған қаласы — Алматы


Соңғы кездері көлік жүргізетін әйелдер саны көбейе бастады, жүргізушілердің жалпы санының 30-40 пайызы – әйелдер.толкын (1).jpeg


Мен осы қалада 19 жыл бойы тұрамын, бұл қаланы жақсы білемін. Сонымен қоса бұдан бұрын қаланың толық жоспарлауының жобасын құрдым, сондықан қаланы оның ұсақ және тұйық көшелеріне дейін білемін.


Менің өтімім — 22 жыл. Менде негізгі жұмысымның бар болғаны себебінен,мен жолға жиі шықпаймын. Бірақ әрдайым «О,мені әйел жүргізуші бірінші рет апарады» деп айтатын жолаушы кездеседі. Әдетте мен жолға кешке қарай немесе демалыс күндері түнде шығамын,себебі демалыс күндері менде бос уақытым көбірек болады. Мекемелерден қыздарды алып кеткенде,оларды әйел жүргізуші алып кететініне қуанады,қауіпсіз және тыныш көңіл күймен үйлеріне жетеді. Кейбір қыздар еркектер әйел — жүргізушіні іздегенде әдіснама ретінде тапсырыстарды жояды.


Менің өтімім — 22 жыл


Негізгі жұмысымыздан аз болса да, көңілімізді бөлу және психология жағынан басымызды жеңілдету үшін әртекті жұмысты тандау керек. Сондықтан менің жұмысымның ең басты артықшылығы — бұл қызметтің түбегейлі алмасуы, бұл шынымен дем алуға көмектеседі. Екіншіден — бұл еркін кесте. Бұл жерде сен өз өзіне қожасын: қашан және қанша жұмыс ісатейтінінді өзін таңдайсын. Егер сенің күшін жетсе, жолда көбірек уақыт өткізесін. Біз Uber мен Яндекс бағдарламаларында үлкен және дос ұжыммен қарым – қатынасамыз. Біз араласатын компаниямыз бар, сол жерде 25 жүргізушіге жуық адам бар, 23-ші еркектер және тек 2 әйел ғана бұл ортаға кіре алды. Мүмкін, біздің ер мінезді болғанымыздан шығар. Олар әрдайым бізге көмек беруге тырысады. Менің көлігімнің габаритінде ләмпішкесі жанып кеткенде, жігіттер менімен бірге барып,ләмпішкелерімді ауыстырып, бүкілін жасап берді. Жігіттер өздерін нағыз еркектер сияқты ұстайды: көмектесуге тырысады, пайдалы әрі нағыз дұрыс кенес береді. Мен көлікке қызмет көрсету бойынша әйел ретінде мүлдем түк білмеймін. Мен әдеттегі жай қолданушымын, бұл көліктің тек жүргізушісі ретінде ғана. Егер көліктің майын ауыстыру қажет болса, жігіттер қайда бару керек екені жайлы айтады. Еркектер бізді бәсекелес ретінде қабылдамайды, олар бізге әріптес ретінде қарайды. Дегенмен,бұл 21 ғасыр ғой, «әйелдік» және «еркектік» деген түсініктер жоқ.


толкын (2).jpeg


Жолаушылар жиі: «Сіз түнде көлік жүргізуге қорықпайсыз ба?», — деп сұрайды. Жолаушылар көлігіме жақындағанда,көлігімнің есіктері әрқашан да бұғаттанған. Мен жолаушыға қараймын: егер бұл әйел болса,мен есікті бұғаттан шығарамын, егер екеуден астам еркектер жақындаса, басында олармен тілдесемін, және егер барлығы қауіпсіз екенін сезсем, олар көлігіме отырады,ал мен сапарымды жалғастырамын,ал егер күдік пайда болса, мен кешірім сұраймын да, сапарды жоямын.


Менімен чатта араласатын жігіттер біздің қайда болғанымызды әрдайым тексеріп отырады және дауысымыз,көңіліміз бойынша қалдарымыз қалай екенін біледі. Сондықтан еркектеріміз бізге көмектеседі және қолдауын көрсетеді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.