facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/f56/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/f56a163d7f07f0307afa17f3bc005bfc.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
shotlandiyaly-azamatty-aza-yel-ne-ylenu-zh-ne-atyrauda-t-rudy-erekshel-kter-zhayynda
logo
Шотландиялық азаматтың қазақ әйеліне үйленуі және Атырауда тұрудың ерекшеліктері жайында
Таңғажайып Қазақстан

08.07.2020

Шотландиялық азаматтың қазақ әйеліне үйленуі және Атырауда тұрудың ерекшеліктері жайында

Mick Maguire, 48 жаста, туған қаласы — Глазго, Шотландия, Fircroft Kazakhstan компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі менеджері

10687040_971472046230349_1424828682108996460_n.jpg
Көшіп келуі жайында
Мен халықаралық компанияда бизнесті дамыту жөніндегі менеджер қызметін атқарамын. Қазақстанға 2006 жылы көшіп келдім, бастапқыда мені Теңіздегі жұмысқа жіберген. Сол жерде төрт ай жұмыс істедім, кейін компания мені Атырауға ауыстырды. Қыс мезгілі болғандықтан, суық болды. Мен үшін бұл ерекше жағдай еді, сол себепті өте жақсы есімде сақталып қалды.

Көбісі ауа-райын ұнатпайды, бірақ маған Атыраудағы ауа-райы ұнайды. Мен салқын ауа-райын да, ыстық жазды да ұнатамын.

Адамдар жайында

Мен кездестірген алғашқы жергілікті тұрғындар кеңседегі әріптестерім еді. Олар ашық, жайдары және маған көмектескен мейірімді адамдар.

23380101_10209320176551588_4109181261788638517_n.jpg

Менің әйелім – қазақ, мен онымен Атырауда таныстым. Біз той өткіздік, бірақ көп қонақ болған жоқ.

Мен араласатын адамдар – отбасылық достарымыз, жұмыстағы әріптестерім және осында көшіп келген басқа да экспаттар. Жергілікті тұрғындардың арасында достарым көп, сол себепті мен әртүрлі мейрамдар мен тойларға жиі барып тұрамын.

Мәдениеттегі ерекшеліктер жайында

Қазақ пен Шотландия халықтарының мәдениеттері өте ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер мерекелерде, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда көрініс табады, бірақ мейрамханалар, барлар, саябақтар – әлеуметтік өмір ұқсайды. Үй ішіндегі мейрамдар басқа форматта – дастархан үстінде атап өтіледі. Бізде кейбір мерекелер басқаша тойланады: мысалы, біз 8 наурыз мейрамын атап өтпейміз, ал Қазақстанда бұл үлкен мейрам болып табылады.

1380776_451241894984153_1927826158_n.jpg

Үйде әртүрлі тілдерде сөйлесеміз. Мен балалармен ағылшынға сөйлесемін. Балалар мені түсінеді, бірақ өздерінің арасында орысша сөйлеседі. Әйеліммен де орысша сөйлеседі, қазақ тілін аз қолданамыз.

Медицина жайында

Қазақтар әрдайым дәрігерлерге жүгінеді, дәрі-дәрмектер ішеді. Кез-келген мәселе болсын, ауруханаға барады, Ұлыбританияда ондай жоқ. Егер біз ауырып қалсақ, үйде қалып емделеміз. Қажет болған жағдайда ғана ауруханаға барамыз. Медициналық қызметтер тегін болғанымен, дәрігерлерге бара бермейміз.

Бос уақыт және қонақжайлылық жайында

Жұмыстан кейін үйге келген кезде, мен балаларыма көмектесемін немесе достарыммен кездесемін. Кейбір кезде футбол қараймын.

Отбасымызбен және достарымызбен өзенге қарай ойнауға барамыз және бос уақытымызды табиғатта өткізуге тырысамыз.

13567075_10205820389339095_8221405444195770552_n.jpg

Атырауда «Бавариусқа» барғанды ұнатамын, жалпы қалада мейрамханалар көп, баратын жер табылады.

Қазақ ұлттық тағамының көптеген түрлерін жеп көрдім. Маған бешбармақ, палау, жылқының еті ұнайды, бірақ мен қаймақ пен майлы етті ұнатпаймын.

Қазақтар қонақжай халық және барлық қонақтарына құрметпен қарайды. Үйге келетін адамдарға үлкен көңіл бөледі. Маған қонаққа барған ұнайды, шай ішіп, бауырсақ жеуді ұнатамын.

Жоспарлар жайында

Басқа елге көшіп кетуіміз мүмкін, бұл компанияға байланысты. Халықаралық компания болғандықтан, мені басқа елге жұмыс істеуге жіберуі мүмкін. Бұндай жағдайда отбасымды алып кетемін.

Осында кем дегенде тағы бір жыл жұмыс істеймін деген жоспар бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.