facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shetelge-magistratura-a-t-su-lybritaniya-germaniya-t-rkiya-zh-ne-bas-a-da-elder-synatyn-9-stipendiya
logo
Шетелге магистратураға түсу. Ұлыбритания, Германия, Түркия және басқа да елдер ұсынатын 9 стипендия
Главный (каз)

17.04.2023

Шетелге магистратураға түсу. Ұлыбритания, Германия, Түркия және басқа да елдер ұсынатын 9 стипендия

Шетелге магистратураға түсуге дайындалып жүргендер үшін 9 стипендия туралы ақпарат ұсынамыз. Қолжетімді мүмкіндіктерді қарастырып, тегін немесе жеңілдікпен оқыңыз.


Хьюберт Х. Хамфридің стипендиялық бағдарламасы

Дедлайн: 18 сәуір

Хьюберт Х. Хамфридің стипендиялық бағдарламасы біліктілік пен білімді арттыру үшін АҚШ-тың үздік университеттерінде оқуға беріледі. Бұл — 2023-2024 оқу жылына арналған толық қаржыландыратын стипендия.

Словакия университеттерінде оқуға арналған стипендиялар

Дедлайн: 30 сәуір

Словакия үкіметінің шетелдік студенттер үшін жергілікті университеттерде оқуға беретін стипендиясы. Барлық академиялық пәндер бойынша магистратура мен докторантураға үміткерлер қатыса алады.

Ұйымдастырушылар тарапынан оқу ақысы, тұратын жер, тамақтану қарастырылған және ай сайынғы стипендия беріледі.

Ұлыбританияда оқуға арналған стипендия

Дедлайн: 31 мамыр

University of Sheffield-те магистратурада оқуға арналған толық стипендиялар. Грант оқу ақысын, тұратын жердің ақысын және ай сайынғы стипендияны қамтамасыз етеді.

Allan and Nesta Ferguson Charitable Trust masters scholarships

Дедлайн: 31 мамыр

Ұлыбританиядағы University of Sheffield-тегі магистратураға берілетін толық стипендиялар.

Стипендия бағдарламасы оқу ақысын, тұратын жердің ақысын толықтай жабады және ай сайынғы стипендия береді.

Sabancı University Scholarships

Дедлайн: 15 тамыз

Sabancı University — Түркиядағы ең үздік университеттердің бірі. Оқу орны бакалавр және магистратура студенттеріне стипендиялық бағдарламаның бірнеше түрін ұсынады.

Толық стипендиялық бағдарламалар оқу ақысын, жатақханада тұруды, сондай-ақ ай сайынғы төлемдерді қамтиды. Ішінара берілетін стипендиялар да бар. Егер сіз толық стипендияның шарттарына сәйкес келмесеңіз, осы түріне өтініш бере аласыз.

учеба

Rosa Luxemburg Stiftung awards

Дедлайн: 1 қазан

Магистратура және докторантураны Германияда оқығысы келетіндерге берілетін стипендия. Үміткерлердің әлеуметтік және саяси өмірге араласуы, оқу үлгерімінің жоғары болуы және неміс тілін кем дегенде В2 деңгейінде білуі талап етіледі.

Helmut Veith Stipend

Дедлайн: 1 қазан

Стипендия әйелдерге Австриядағы TU Wien университетінде информатика мамандығы бойынша магистратураға беріледі. Стипендияға өтінімді университетке түсуге өтінім бергенге дейін немесе қатар бере аласыз, бірақ тек магистратураға қабылданған студенттер ғана стипендия ала алады.

Стипендия оқу ақысын жабады және жыл сайын 6,000 € төлейді (оқу мерзімі — 2 жыл).

учеба за рубежом

Швейцарияның қыз-келіншектерге арналған стипендиялық алмасу бағдарламасы

Дедлайн: 15 қазан

Стипендияны MARVEL ғылыми зертханасы береді. Оның мақсаты — ғылымдағы әйелдерге қолдау көрсету. Швейцарияда магистратурада зерттеу жүргізгісі келетін жас ғалымдарға арналған. Бағдарламаның мерзімі — алты ай. Қатысушыларға 12 000 CHF стипендия, әуе билеттеріне — 500 CHF, тегін оқу және сақтандыру беріледі.

Margaret McNamara Education Grants

Дедлайн: бағдарламаға байланысты

Margaret McNamara қоры дүниежүзіндегі қыз-келіншектерге білім гранттарын ұсынады. Оған оқуға қабылданған және жасы 25-тен асқан үміткерлер қатыса алады. Гранттар бағдарламаға қатысудың барлық шығындарын жабады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.