facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sheteld-kke-t-rmys-a-shy-an-9-aza-yzy
logo
Шетелдікке тұрмысқа шыққан 9 қазақ қызы

19.04.2020

Шетелдікке тұрмысқа шыққан 9 қазақ қызы

Асем Сэрри, туған жері — Алматы, суретші


8695f43788245a4c0c464d8067147938.jpeg

Мамандығым бойынша заңгермін, университет бітіргеннен кейін төрт жыл бойы банк саласында жұмыс істедім. Марко есімді Сардиниялық итальяндыққа тұрмысқа шықтым. Ол Қазақстанда жеке компанияларда, итальяндық мейрамханаларда аспазшы болып жұмыс істеп, түрлі шеберлік класстарын өткізетін.

Сардинияның Кальяри қаласына көштік, ол күйеуімнің Отаны. Ол жерде ұлымыз туылды, қазір жасы төртте. Ол жерде біраз уақыт тұрдық, бірақ Маркоға Австрияда жұмыс істеу ұсынысы түсіп, Фельден қаласына көштік.

Толығырақ мұнда.


Алима Тулешева, туған қаласы — Семей, байер


 2.jpeg

Мен Семейде тудым, бірақ көшіп кеткенге дейін Алматыда тұрдым және КИМЭП-те оқыдым. 2 жыл Тұңғыш Президент Қорында жұмыс істедім және 2013 жылы оқуымды жалғастыруды шештім. Мен Шанхайға магистратураға түстім. Сол жерде үш жарым жыл тұрдым және өзімнің болашақ күйеуімді кездестірдім. Даниялық жігітімен тұрмыс құрғаныма үш жыл болды.

Әйелдер мен ер адамдар арасында тең құқытық орын алады. Осында әйелдердің және ер адамдардың міндеттері бөлінбейді. Мысалы, ер адамдар да декреттік демалысқа шығады, тамақ әзірлеуге және үйді жинауға қатысады. Мен әкемді бір де бір рет ас үйде көрмегенімді естіген кезде, күйеуім таң қалды.

Толығырақ мұнда.


Алтынай Ысқақова, туған қаласы — Жанатас, инженер


43573BB3-5A16-4CAB-8FEE-1C77941E2773.jpeg

Менің күйеуім – норвегиялық азамат. Ол Норвегияда жұмыс істеді, жұмыс бойынша Қазақстанға келді және біз осында таныстық. 2008 жылы той жасап, Швецияға көшіп кеттік.

Швециядағы балалар әрқашан бірінші орында тұрады – олардың балалық шағы жарқын. Балаларды ештеңеге міндеттемейді, ештеңені істеуге мәжбүрлемейді. Оларға таңдау береді, ынталандыруға тырысады.

Толығырақ мұнда.


Raikhan Laing, туған жері — Ақтобе, Lady of leisure


raikhanlaing(5).jpg

Мен Батыс-Қазақстанда мұнай саласында жұмыс істедім. Сол жерде болашақ жолдасыммен таныстым. Филипп Шотландияда туды. Сондықтан екі жылдан кейін ол маған ұсыныс жасап, біз Ұлыбританияға көшу үшін қалыңдық визасын рәсімдедік.

Той Шотландияда болды. Бірақ біз бірден Лондонда тұрамыз деп шештік. Бұл қалада мүмкіндік көп. Мұнда интернационалды орта, көптеген қазақстандықтар, орыс тілді адамдар тұрады.

Толығырақ мұнда.


Анар Озесер, туған қаласы — Семей


received_1912276712348618.jpeg

Мен Түркия азаматына тұрмысқа шықтым, Бурса қаласында тұрып жатырмыз. Күйеуім екеуміз Қазақстанда үйлендік, алайда 2010 жылы Түркияға көшіп келген соң балаларымыз дүниеге келді. Үшем өсіріп отырмыз: екі ұл және бір қыз. Олар биыл жетіге толады.

Түрік отбасындағы тәрбие негізі қазақтардыкімен ұқсас. Сондықтан, маған қиын болған жоқ. Салт-дәстүрлерді сақтай отырып, үлкендерге құрмет көрсету — мұның бәрі бізге бала кезден таныс.

Толығырақ мұнда.


Алма Бектұрғанқызы Андерсен


Шетелдікке тұрмысқа шыққан 9 қазақ қызы

Мен 2004 жылы Данияға көшіп кеттім, себебі Мәскеуде оқыған кезде даниялық азаматпен танысып, тұрмысқа шықтым. Осында келген кезде, жасым 45-те болатын, демек, менің өткен өмірім кеңес заманында өтті. Сол себепті мені жаңа елдің сәулеті, тағамы немесе киімі емес, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі – осында мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарттарға және балаларға қалай қарайтыны қызықтырды. Бұның барлығы мені жақсы жағынан таң қалдырды.

Маған орыстілді әйелдердің кездесуінде бір қазақ әйелінің айтқан сөздері ұнады: «Қымбатты әйелдер, даниялық ер адамдарды кішкентай балаға сияқты қамқорлық көрсету арқылы бүлдірмеуді өтінемін. Ер адамдар барлығын өздері жасай алады және осымен біз тең дәрежедеміз».

Толығырақ мұнда.


Аида Байтимирова, туған қаласы — Петропавл


Шетелдікке тұрмысқа шыққан 9 қазақ қызы

Мен келсімшарт бойынша жұмыс істеуге бардым және Розариомен танысқаннан кейін, сонда қалуды шештім деуге болады. Кейін жұмыспен қатар білім алдым.

Аяғым ауыр екенін білген кезде, саяхаттап, көп жұмыс істеуді тоқтаттық – болашақ баламыз өмірімізді түбегейлі өзгертті. Әрине, өміріміз жақсы жағына қарай өзгерді, бала – бұл тағдырдың сыйы.

Толығырақ мұнда.


Лаура Жақыпова


Шетелдікке тұрмысқа шыққан 9 қазақ қызы

Менің күйеуім – американдық болғанымен, тегі ливандық және ол жұмыс бойынша Қазақстанға келген. Менде Астанада тілдік мектебім болды, ол орыс тілін үйрену үшін келді, және біз осылайша таныстық. Оның келісімшарты біткеннен кейін, біз Бейрутқа көшіп кеттік, сол жерде ұлымыз дүниеге келді. Айтпақшы, осында декреттік демалыс 72 күнге ғана созылады.

Біз күйеуімізбен ағылшын және орыс тілдерінде сөйлесеміз. Ол орыс тілін базалық деңгейде меңгеріп алды, ал мен қағидам бойынша онымен орыс тілінде сөйлесемін. Ол үшін ұлымыздың француз тілін білгені маңызды, себебі оның отбасы француз тілді.

Толығырақ мұнда.


Мадина Тұрсынқұлова


Шетелдікке тұрмысқа шыққан 9 қазақ қызы

Отбасылық қарым-қатынастары берік. Олар барлық мерекелерде, отырыстарда бірге жиналады. Бірақ алыстағы туыстар – бөлелер, жиендер тек үлкен мейрамдар кезінде келеді. Кейбір кезде оларды тойға шақырмауы да мүмкін. Және бұл қалыпты жағдай.

Мен осында қазақ келіннің міндеттерін атқармаймын. Дегенмен ата-енемнің үйіне қонаққа барған кезде, ыдыс-аяқты жуып, оларға көмектесуге тырысамын.

Толығырақ мұнда.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.