facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shetelde-teg-n-o-u-a-m-mk-nd-k-beret-n-6-stipendiyaly-ba-darlama
logo
Шетелде тегін оқуға мүмкіндік беретін 6 стипендиялық бағдарлама

29.12.2017

Шетелде тегін оқуға мүмкіндік беретін 6 стипендиялық бағдарлама

Көшбасшыларға арналған George Washington University, Вашингтон, АҚШ университетіндегі стипендиялық бағдарлама

Мерзімі: 2018 жылдың 5 ақпаны

Грант: оқу ақшасын төлеу

George Washington University, Вашингтон, АҚШ университетіндегі стипендиялық бағдарлама оқудан кейін еліне қайтуды жоспарлайтын және сол жақта бар білгенін тәжірибие ретінде қолданатын магистратура мен аспирантура студенттеріне арналған.

Стипендияны Foggy Bottom кампус факультеттерінің біріне түскен студенттер ала алады.

Стипендия магистратура студенттеріне 3 оқу жылы бойы, ал аспирантура студенттеріне оқу 5 жыл төлейді.


Үміткерлер:

— Қытай, Камбоджа, Шығыс Еуропа, Лаос, Латын Америка, Кариб, Монғолия, Вьетнам, бұрынғы СССР құрамында барлық елдердің азаматтары болуы керек

— өз елдерінен басқа ешқайда оқымаған, АҚШ-да жұмыс істемеген болуы керек

—F-1 визасы бар немесе оны ала алатын студенттер болуы керек

— жоғарыда аталып кеткен Foggy Bottom Campus бағдарламасының күндізгі оқу бөлімінің біріне түскен студенттер

— ағылшын тілін жақсы меңгерген және TOEFL нәтижесі жазбаша нұсқада 600-ден кем болмауы керек немесе интернет арқылы тапсырған тесттен 100 балл алуы міндетті. Немесе әр бөлімдегі нәтижесі 6-дан кем болмайтын, жалпы 5 балл болатын IELTS болу керек.

Байланыс: 202 994 68 22, gradfell@gwu.edu

Толығырақ мұнда.


Аделаида, Австралия The University of Adelaide университетінде магистратура мен аспирантура оқу гранты

Мерзімі: 2018 жылдың 31 қаңтары

Грант: барлық шығындарды төлеу

The University of Adelaide университеті ең мықты студенттерді The University of Adelaide университетінде өткізілетін зерттеу жұмысына тарту үшін халықаралық стипендиялық бағдарлама тағайындады.

Стипендиялық бағдарламада магистратура мен аспирантураның барлық зерттеу бағдарламалары қатыса алады.

Грантқа:

— оқу ақысы

— тұру ақысы

— медициналық сақтандыру кіреді.


Үміткерлер:

— Австралия мен Жаңа Зеландия азаматтарынан басқа барлық студенттер

— бакалавр дәрежесін «өте жақсы» деген бағаға бітірген студенттер. Шәкіртақы академиялық көрсеткішке және студенттің зерттеу жұмыстарына қарап беріледі. Сыныптан тыс оқылған сабақтарды ескермейді.

— қазіргі уақытта зерттеу жұмысын жүргізбейтін The University of Adelaide университетінің магистратура мен аспирантура студенттері

— ағылшын тілін жетік меңгерген студенттер бола алады.


Байланыс телефоны: +61 8 8313 5882

Толығырақ мұнда.



Шетелдік студенттерге арналған Бельгия, Science@Leuven бағдарламасы

Мерзімі: 2018 жылдың 15 ақпаны

Грант: 10 000€ дейін

Science@Leuven бағдарламасы арнайы Бельгия еліндегі Katholieke Universiteit Leuven университетінің ғылым факультетінің магистратурасында оқығысы келетін шығармашыл студенттерге құрылған.


Үміткерлер:

— University of Leuven университетінде ешқашан жұмыс істемеген және оқымағандар

— акредитталған университетте бакалавр дәрежесін бітіргендер

— ғылыми және магистратура дәрежесі жоқтар

— оқыған университетін жақсы бітіргендер

— IELTS – 7; TOEFL – 94 internet-based болатын ағылшын тілін жетік меңгерген студенттер

— магистратуралық білім қызықтыратындар

Толығырақ мұнда.



Токио, Жапония JFUNU Scholarships стипендиялық бағдарламасы

Мерзімі: 2018 жылдың 28 ақпаны

Грант: барлық шығындарды төлеу


Жапон қорының Japan Foundation for UNU (JFUNU) Scholarship стипендиялық бағдарламасы дамушы елдердің шығармашыл талантты студенттерін қолдау үшін құрылған. Қаражат жағынан көмек керек студенттер Sustainability Programme United Nations University — Institute for the


Грант:

— оқудың толық ақысын

— ай сайын 120 000 JPY көлеміндегі шәкіртақыны қамтиды.

Студенттер виза құнын, медициналық сақтандыруды және Жапонияға келу және қайту билеттерін алуы керек.


Үміткерлер:

Шәкіртақы алу үшін үміткер Master of Science in Sustainability бағдарламасын түсіп, мынадай шарттарға сай болуы керек:

— дамуға қызуғышылық таныту

— аккредитталған университеттердің бірінде бітірген бакалавр дәрежесі болуы керек. 2017 жылы бакалаврды бітіретін студенттер де қатыса алады

— 4-балдық жүйемен санағанда GPA 3.5 немесе одан жоғары болуы керек

— ағылшын тілін жақсы білуі керек (600 TOEFL – Paper-Based Testing (PBT); 100 TOEFL – Internet-Based Testing (IBT); 7.0 - IELTS)


Шәкіртақы алу үшін:

— дамушы елдердің бірінің азаматы болуы керек

— Жапонияда оқып жатқан студенттер қатыса алмайды

— магистр дәрежесін алғандар, үміткер бола алмайды.

Арнайы түсу шарттары жоқ. Дамушы елден келген және қаражаты жоқ студенттер бірден үміткерлер қатарына кіреді.


Байланыс телефоны: +81 3 5467 1212

Толығырақ мұнда



Утрехт, Нидерланд, Утрехта университетінің стипендиясы

Мерзімі: 2018 жылдың 1 ақпаны

Грант: €11 000


2018 жылдың 1 қыркүйегінен Утрехт Университеті ЕС/ЕЭЗ елдерінің азаматтығы жоқ, университеттегі ең үздік магистрлерге шәкіртақы төлейді. 2018-2019 оқу жылында 6 магистратура өзара 20-25 шәкіртақыны бөліп алады.

Шәкіртақы магистратураның барлық оқу кезеңін қамтиды (бағдарламаның ұзақтығына байланысты бір немесе екі жыл). Магистр 2 курсат шәкіртақына оқу жетістіктеріне байланысты ала алады.

Грант — міндетті түрде толық шәкіртақы емес, мүмкін үміткерге шығындарды жабу үшін қосымша қаражат табу керек болады.

Шәкіртақыға оқу ақшасы немесе оқу ақшасы қосымша 11 000 евро кіреді.


Үміткерлер:

— шығарылатын курс студенттерінің ең үздік 10%-на кіруі керек. (барлық бағалар, ұсынылым хаттар, мадақтамалар ескеріледі);

— мотивациялық эссе

— ЕС/ЕЭЗ паспорты болмауы керек және нидерланд елінен ешқандай грант болмауы керек

— Нидерландыдан тыс алған бакалавр дәрежесі болуы керек

— магистрлерді қолдайтын халықаралық ұйымға өтініш бермеуі керек.


Байланыс: +31 30 253 35 50, studievoorlichting@uu.nl

Толығырақ мұнда.



Оксфорд университетінде оқуға арналған Pershing Square Graduate Scholarships шәкіртақысы

Мерзімі: 2018 жылдың 1 наурызы

Грант: толық шәкіртақы


Жыл сайын Pershing Square Foundation 1+1 МВА бағдарламасы мен магистратура бойынша ең үздік студенттерді оқытуға арналған 5 стипендия ұсынады.

Оқу ұзақтығы: 2 жыл. Оқу Ұлыбританияда Said Business School, University of Oxford-та өтеді.

Стипендия оқу ақысын, барлық кірістерді және оқу кезіндегі баспананың ақшасын төлейді.


Үміткерлер:

— жоғары академиялық көрсеткіші

— көшбасшылық қасиеттері болу керек

—қайтпас қайсарлы, мықты мінезді

— әлеуметтік маңызы бар проблемаларды ұйымдар арқылы шеше алатын немесе жаңа ұйым құра алатындай болу керек

— қиындықтардың шешу жолдарын жобалай алатын

—барлық қиындықтарда 1+1 МВА оксфорд бағдарламасы қиындықтарды шешуде қалай көмектесетіні жайлы жобасы болуы керек

— «Әлемді қалай өзгертесіз» деген сұраққа жауап ретінде 500 сөзден кем емес эссе жаза алатындай болу керек.

Толығырақ мұнда.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.