facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shetelde-t-ru-a-alay-bey-mdeluge-bolady-1-kurs-studentter-n-onys-audaru-zhoo--a-t-su-zh-ne-zha-a-dostar-tabu-t-zh-ribes
logo
Шетелде тұруға қалай бейімделуге болады: 1-курс студенттерінің қоныс аудару, ЖОО-ға түсу және жаңа достар табу тәжірибесі
Главный (каз)

20.04.2023

Шетелде тұруға қалай бейімделуге болады: 1-курс студенттерінің қоныс аудару, ЖОО-ға түсу және жаңа достар табу тәжірибесі

Қазақстандық студенттер шетелде оқу тәжірибесімен бөлісіп, жаңа елге бейімделу кезеңінің қалай өткенін айтып берді.


Газиза Садуова, 18 жаста, қаласы — Измир, студент, @saduoovaa

Газиза С

Өзі туралы

11-сыныпта мен шетелде тұрғым келетінін және ата-анамнан бөлек шыққым келетінін түсіндім. Сондықтан сапалы әрі қолжетімді білім алуға болатын елдерді зерттей бастадым. Таңдауым Түркияға түсті. Университетті таңдаған кезде оның қай қалада орналасқанын, рейтингісін және шетелдік студенттерге қаншалықты жағдай жасайтынын басшылыққа алдым.

Оқуы жайлы

Мен Dokyz Eylul University-дің English Interpretation and Translation мамандығында білім алып жатырмын. Биыл Foundation-ды аяқтадым.

2022 жылдың маусым айында барлық құжатымды алдын ала түрік тіліне аударып, университетке жібердім. Екі апта күткеннен кейін өзім таңдаған факультетке оқуға түскенім туралы хат алдым.

Түркияда білім алудың артықшылықтары:

— шет тіліндегі халықаралық диплом

— Шетелдік мұғалімдермен ағылшын тілі тәжірибесі

– IELTS және ҰБТ-сыз түсу мүмкіндігі

— қолжетімді оқу ақысы

— жылы климат.

Түрік университеттері шетелдік студенттерді аттестаттың орташа балы негізінде қабылдайды. Менің орташа ұпайым 5-тен 4,83 болды.

Біздің университет қала маңында орналасқан. Факультет кампустары шағын қалашық сияқты, мұнда ыңғайлы оқу үшін барлық жағдай жасалған. Аумағында спорт кешені, асхана, үлкен кітапхана, Starbucks және емхана бар.

Әкімшілік шетелдік студенттердің бас қосып, тәжірибелерімен бөлісуге болатын іс-шараларды жиі ұйымдастырады.

Басқа елге бейімделуі туралы

Түркияға алғаш келгенімде тілдік кедергіге тап болдым. Кейінірек білгенімдей, мұнда ағылшын тілінде сөйлейтіндер аз екен. Алғашында қалада жүруім қиынға соқты. Қоғамдық көлікпен жүруім нағыз квестке айналды. Әдетте мен өтіп бара жатқан адамдарға ғимараттың орналасқан жерін ым-ишарамен көрсетіп сұрайтынмын.

Үйімді, отбасымды сағындым. Бірақ мен көп нәрсені үйренуім керектігін, өмірімнің жаңа тарауы басталғанын түсіндім. Алғашқы екі аптада отбасылық достарымыздың үйінде тұруым көмектесті. Олар маған баспана тауып, қалаға үйренуіме көмектесті. Сол үшін оларға алғысым шексіз.

Бастапқыда қызығушылықтарымыз ұқсас достар табуым қиын болды. Дегенмен уақыт өте келе жаңа таныстықтар орнатып, достарымның шеңберін кеңейте бастадым. Сондықтан түрлі шараларға баруға «жайлылық аймағынан» шығуға кеңес беремін.

Жаңа елде өз бетіңмен шешім қабылдауды үйренуің керек және әр ісіңе жауапты болғаның дұрыс. Өйткені құжаттарыңызды сіз үшін ешкім реттеп бермейді.

Ақыл-кеңес

Лайфхактар:

— жоғары оқу орындарына мүмкіндігінше ертерек тапсырған дұрыс

— сізді қызықтыратын қалалардың Telegram чаттарына қосылыңыз

— бағыт-бағдарларды алдын ала ойластырыңыз, өйткені бастапқы кезде Интернетсіз жүруіңіз мүмкін

— SIM-карталарды қалада сатып алыңыз, себебі әуежайда қымбат.


Айсулуу Байышова, 18 жаста, қаласы — Гирне, студент, @justtaagirll

Айсулуу Б

Өзі туралы

Мен Кипрге алты ай бұрын көшіп келдім және жаңа жерге бейімделіп жатырмын. Өзімді-өзім қамтамасыз етемін. Өз интернет-дүкенімді аштым, соны дамытып жүрмін. Мен онлайн сату менеджері болып жұмыс істеймін.

Оқуы жайында

Мен Кипрдегі Final International University-де Marketing and Digital Media мамандығында білім алып жатырмын.

Елді таңдаудағы негізгі критерийлерім:

— бала кездегі арманым

— арзан білім. 100% жеңілдік алғандықтан, мен студенттік төлем ретінде жылына $790 ғана төлеймін

— өмір сүрудің қолжетімділігі. Мұнда виза алу, қоныс аудару, оқуға түсу, жұмыс табу оңай.

— жұмыс және оқу. Маған бұл жақта өзімді қамтамасыз ете алатыным маңызды болды.

Жаңа елге бейімделуі туралы

Алғашқы айлар оңай әрі алаңсыз өтті. Көп суға түстім, түрлі тағамнан дәм таттым, аралды араладым, кештерге бардым. Бір сөзбен айтқанда, жастық шақтың ләззатын алуға тырыстым. Бірақ содан кейін проблемаларым басталды: электр қуатына төлемдер келді, қыста баға көтерілді, көршілеріммен проблемалар басталды, туыстарымды сағындым, сатқындыққа тап болдым. Мұның бәрі маған ауыр тиді.

Содан кейін мен өзіме челлендж ұйымдастырдым. Күн сайын өмірімнің барлық саласын жақсарту үшін 10 тапсырма орындай бастадым. Мысалы, сағат 7:00-де тұру, 15 минут жаттығу, бес минут телефонсыз серуендеу, жұмыс табу үшін бір ғана іспен айналысу. Осылайша, бір айдан кейін жұмыс тауып, жақсы жалақы алдым және жаңа пәтерге көштім. Алғашқы қиындықтарды осылайша жеңдім.

Шет елдегі ең маңызды дағдылар — икемділік пен қызығушылық. Мұнда жергілікті ережелерге сай, жаңаша өмір сүруді үйрену керек.

Атап өткім келетін маңызды қасиеттер: өзіңді-өзің тәрбиелеу, еркіндік, нақты мақсат қоя білу.

Ақыл-кеңес

Шетелге не үшін келгеніңізді және неліктен шетелде оқығыңыз келетінін түсінуіңіз керек. Бұл өмірде не қалайтыныңызды айқындап беруге көмектеседі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.